ойын сауық отауы
Қайсардың ерліктері
20.10.2020 782 0 Admin

Қайсардың ерліктері

Әңгімелер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Қайсардың ерліктері
Қайсар – Көк құдайы Үлкен Тәңірдің үш ұлының үлкені. Бәзбіреулер оны Кесар немесе Гесер деп те атайды. Қазақша оны Абай Қайсар хан деуге болады.
Қайсардың ерліктері көптеген эпикалық дастандарда, аңыздар мен ертегілерде жырланған. Сондай аңыздардың бірі мынадай.
Қайсарды Үлкен Тәңір ұзақ уақыт билеушісі болмаған Лин мемлекетіне жібереді. Танылып қалмас үшін Қайсар Лин бектерінің бірінің отбасында Жору атты түрі жаман, боқмұрын бала болып қайта туады. Бірақ әкесінің інісі қаскүнем Қара Шотан кішкене ұлдың құдай тектес жаратылысын сезіп қалып, келешектегі қаһарынан қорыққандықтан көзін құртпаққа бекінеді.
Жеткіншек ұл жауыз ағайының зұлымдықтарына жол бермей, құрған тұзақтарынан құтылып кетіп жүреді. Оның бойында ғажайып қабілеттер бой көрсетеді. Ол көптеген сайтандарды жойып, Үрмай - ханым сұлу тігілген бәйгеде жеңіске жетеді, сонымен біроге Лин мемлекетінің тағы мен қазынасына ие болады. Үлкен Тәңір өзінің ұлына көмекке керемет тұлпар жібереді. Сенімді атын алған соң жас жігіт қайтадан өзінің нұр сипатты келбетіне келіп, айбыны мен айдынын асырып, Қайсар деген шын есімін қайтып алады.
Бірақ оның тыныштығы мен отбасылық бақыты ұзаққа созылмайды. Елге солтүстіктен сұмырай сайтан шабуыл жасайды. Қайсар оны жекпе - жекте жеңеді. Содан соң адамжегіш Лубсанды өлтіреді. Бұл ретте оған адамжегіштің әйелі Түмен Жарғалан көмектеседі. Қайсарды ұнатып қалған Жарғалан оны қасында ұстау үшін білдірмей «ұмытшақ сусын» ішкізеді де, батыр біраз уақыт соның үйінде болады.
Сол екі арада Лин мемлекетінде Қайсардың Тхотун деген басқа бір дұшпаны сатқындық жасап, соның салдарынан елге көрші мемлекеттен шараблылық хандар басып кіреді. Олар Үрмай - ханымды қолға түсіріп, зорлықпен жексұрын Гүрқан ханға қосып, әйелі етеді.
Құдіреттің шарапатымен Қайсар ақыры сиқырдан құтылып, ел - жұртына асығады.
Шараблылықтардың жайларына кіріп, Гүрқанды өлтіріп, осы елді құзырына қаратады, әйелін алып, туған еліне оралады.
Оның басқа ерліктеріне келетін болсақ, Қытайда Қайсар әр түрлі кереметтердің көмегімен сол елдегі ең сұлу ханшайымның жүрегін жаулап, оған үйленеді. Содан соң Қайсар өзінің осы дүниелік анасы, өзін өмірге келтірген әйелді тозақтан құтқарып алып шығады. Солтүстіктегі, оңтүстіктегі, шығыс пен батыстағы елдерді билеп тұрған сайтандарды жеңіп, осынау елдердің халықтарын өз билігіне бағындырады. Сондай - ақ халық қамыға жоқтаған, шараблылық хандармен шайқастарда қаза болған батырларды тірілтеді.
Қайсар – жерді аждаһалар мен сайтандардан тазартушы, Көктен жіберілген қаһарман. Қайсар – әлемнің шалғай шеттерінде орналасқан басқа елдерге қарама - қарсы қойылған орталық елдің әміршісі. Қайсар – жауынгерлердің желеп - жебеушісі, төрт түлік малдың қамқоры, аңшылардың жолыноңғарушы.
Жердегі мерзімін өтеп болған соң Қайсар ақ басты биік тау шыңына кетіп, сондағы бұлттардың арасында бүгінге дейін бұлдырап өмір кешеді екен.
Орталық азия халықтарында Қайсар жайында, оның даңқты істері жайында көптеген аңыздар, жыр - дастандар сақталған. Рас, ұзақ ғасырларда Қайсардың есімі азын - аулақ өзгерістерге де ұшырады. Қазір түркілер оны көбінесе Қыдыр немесе Қызыр деп атайды. Осынау қаһарман біреулерге асатаяққа сүйенген ақ сақалды шал кейпінде, енді біреулерге күші тасқындаған жас жігіт кейпінде көрінеді.
Қыдыр немесе Қызыр, бақыт әкелетін қария – қазақтың мифологиялық ертегілерінің белгілі кейіпкері. Дін тұрғысынан алғанда, ол әмбебап құдірет ретінде жауынгерлердің қамқоры, төрт түлік малдың қорғаны, мақсат - мұратқа жеткізуші ретінде қабылданады. Шамандық толғауларда Қайсар кейде Бұрхан немесе Тәңір делінеді, оны асқар таулардың ақ басты биік шыңында мекендейтін Көк Ұлы деп те атайды.
Мұсылмандардың Құранында Қайсарға арнаоған сүре бар:
«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Әй, Мұхаммед, саған шын мәнінде таусылмайтын Кәусар бердік. (Кәусар: Жұмақтағы бір көл немесе зор дәулет пен игіліктің бейнесі).(1). Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқып, құрбан шал. (2. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады. (Мұхаммед пайғамбардың жаулары оны ұлы жоқ деп кемітеді екен). (3)». (Жүз сегізінші сүре. Кәусар (Қайсар, Гесер). 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы миф Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы
Жайық – Үлкен тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір оны адамзатты барлық жамандық пен
Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Ер - сайынның ерліктері Ер - сайынның ерліктері
Ер-Сайын – Үлкен Тәңірдің кіші ұлы. Ол Жерге адамдарға әділет орнату үшін жіберілген. Тойбон атты хан билік құрған бір елде Ұлақшын деген шалдың
"Бүйрек" салт "Бүйрек" салт
Соғым сойғанда үлкенге сыбаға жіберу, соғым басына шақыру ежелгі жақсы дәстүрлердің бірі.
Еркіліктің жауыздығы Еркіліктің жауыздығы
Еркілік сайтанның патшалығы жойылды. Енді ол Үлкен Тәңірді мазалап, өзіне қандай да бір жер бөліп беруін сұрады. Сен мені патшалығымнан айырдың, сол
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×