ойын сауық отауы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі
22.11.2020 4 385 0 Admin

Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі

Әңгімелер
Абай айнасы – рухани кемелдену
Адам өзінің жан екенін түсінуі
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен шығып, ұлт, мемлекет, тіпті адамзат мүддесін ойлайтын дәрежеге көтерілуі мүмкін. Халқының қамын ойлаған ойшыл өз қара басы қамымен жүргендерге «Біріңді, қаза, бірің дос көрмесең, істің бәрі – бос» дейді. Осылай Абай адамды төменгі деңгейде тоқтап қалмай, ілгері жүруге, биікке көтерілуге шақырады. Ал оған жеткендерді адамзат көлемінде бірігуге, ұлт не ру мүддесі деп алаламауға үндейді. Бүкіл адамзат мүддесін көздеп әрекет ететіндерді біз шын гуманистер деп атаймыз. Оларға «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дейді Абай. Бұлар – адамдардың барлығы тең екенін толық сезінген кемелденудің биік деңгейіндегі адамдар.
Ал өздерінің жан екенін біліп және сезіне отырып, соған сәйкес әрекет ететін адамдар Түп Иемен бірігетіндіктен, бірігудің рухани деңгейінде болады. Олардың бірігуі материалдық деңгеймен салыстыруға келмейтін биікте болғандықтан, алатын ләззаты да сондай жоғары дәрежеде болмақ. Бұларда толық рухани білім бар. Нағыз эгосы бар адамдар барлық жан иелеріне бірдей қарайды. Мұндай адамдардың санасы ғарыштық сана деңгейінде, сондықтан оларды әдебиетте «ғарыштық санаға ие адамдар» немесе кейде «жоғары адам» деп атайды. Бұл деңгейге жеткен адамдарда шынында да қарапайым пенделерде жоқ қасиеттер болады. Олардың ақыл - есі, сана - сезімі, яғни нәзік денесі ғарыштық нәзік әлеммен байланыса алатындықтан, оларға материалдық әлемнің көптеген эзотерикалық құпиялары ашылады. Олар өткенді көріп, алдағы өмірді болжай алады, материалдық нәзік әлемдердегі жан иелерімен байланысады, нәзік денелерін тәннен бөліп алып, басқа ғаламшарларға ұшып бара да алады. Мұндай «жоғары адамдарда» басқа да көптеген құпия қасиеттер болуы мүмкін.
Абай бұл деңгейдегі адамдарға жан мен тәннің бір - бірінен бөлек екенін, жанның мәңгілік, ал тәннің уақытша екенін, өмірдің әрбір сәті құнды және оны кері қайтаруға болмайтынын, сондықтан дұрыс өткізу керек екенін түсіндіреді. Абайдың жан туралы ілімін дұрыс түсініп қабылдаған адам кемелденудің жаңа деңгейіне көтеріледі. Бұл деңгейге көтерілетін адамдар сирек кездеседі, себебі көпшілік жұрт өздерінің материалдық нәзік болмысын сезінуден аса алмайды.
Рухани жетілудің осы деңгейінде екі үлкен кедергі кездеседі. Біріншісі, рухани жетілу барысында жоғары деңгейге жеткендер кеудесіндегі жанды көріп - сезінеді. Жан қасиеті жағынан Алла тағаланың нұрына ұқсас болғандықтан, ондай адам өзінің Алламен сәйкестігін сезінеді. Сөйтіп барлығы – рух, мен де – рух, сондықтан Алла тағала екеуміздің арамызда айырмашылық жоқ деген түсінік туып, өзін Жоғары Рухпен теңейді. Бұл, әрине, Жаратушыны қабылдамаумен бірдей, Оның Жоғары Рух екенін мойындамау болып табылады.
Екіншісі, бұл деңгейде қарапайым пенделерде жоқ ерекше құдіретті күштерге ие болған кейбір адамдарда астамшылық пайда болуы мүмкін. Бұл ой Алла тағаланың мейірімді шапағатын ұмытып, «жеткен жетістіктердің себебі – мен өзім» деген тұжырымнан туады. Адам өзін жаратушы, құдіретті сезінеді. Сөйтіп, өзіне ғана сеніп, ол Алла тағаладан алыстайды. Рухани жолдағы бұл кедергілердің себебі – адамның имандылық деңгейінің керекті қалыпта жетілмеуі. Бұл екі кедергі де адамның әрі қарай жетілуіне кері әсер етеді. Адам рухани жетілуін тоқтатады не болмаса төмен құлдырауы мүмкін.
Адамдар жетілудің бұл сатысында имандылықты қабылдап, дәулетке жетті, сезімдерін қанағаттандырып, фәнилік бақыт тапты, сөйтіп өзінің рухани болмысын сезінді. Әркімнің бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуі үшін имандылығы белгілі бір дәрежеге жету керек екенін білдік. Имандылық – жанның қасиеті. Бұл, Абай көрсеткендей, материалдық жетілудің өзі жанның тазаруына байланысты болатын рухани үрдіс екенін көрсетеді. Бірақ осы деңгейлердің барлығында да адам тек қана өзінің қамы үшін немесе Алла тағаланың жаратқандары үшін ғана әрекет жасады. Мақсат – өзін қанағаттандыру болды. Ол әлі алдына Алла тағалаға толық берілген жоқ. Ол Алла тағаладан өзін бөлек сезініп, өз қамы үшін әрекет еткендіктен жетілудің бұл деңгейлері материалдық сатыға жатады.
Имандылығы әрі қарай дамығанда адам Жаратушыны танып, Оның рухани қасиеттерін сезінеді. Оған деген сүйіспеншілік сезімі туып, Оған берлігісі келеді. Сөйтіп Алла тағалаға құлшылық етуге ниет туады. Бұл ниет оны келесі сатыға көтереді. Ондай адам барлық жағынан да кемелді, толық. Сондықтан Абай ондай адамды «толық адам» деп атайды.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Жан иелері ләззаттанып, өмірдің рақатын көру үшін бұл әлемде де бірігеді. Бұл – материалдық бірігу. Рухани әлемде кішкентай жандар Жоғары Рух арқылы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс
Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты
Абайдың он бесінші қара сөзінен есті кісі мен есер кісінің әрекетін салыстыруға болады. «Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір
Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты
Адамның бақыты – оның сол сәттегі ләзаттану шағы. Ал ең жоғарғы ләззат – жанның Алла тағаламен байланысқан шағы. Бірақ бұл деңгейге жету әркімнің
Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету
Ақиқатында, дәулетке жету деңгейіндегі адамда терең рухани білім жоқ. Ол тек қана өмір заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етіп, адал өмір сүретін адам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×