ойын сауық отауы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы
27.01.2021 1 393 0 Admin

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы

Әңгімелер
Абай айнасы – рухани кемелдену
Рухани жетілу сатысы

Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге қайту. Ол үшін толық адамдар Абайдың «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» қағидасын берік ұстанып, Аллаға деген махаббатқа жетуге ұмтылады. Олар құлшылық жолындағылар. Себебі біреуді жақсы көру үшін оны сырттай біліп қоюдың жеткіліксіз екені белгілі. Нағыз сүйіспеншілік адамдардың қарым - қатынасында пайда болады. Сол сияқты Алла тағаланы сүю үшін де Онымен қарым - қатынасқа түсу керек. Ал ол құлшылық арқылы ғана болмақ. Сөйтіп олар Алла тағаланы еш уақытта ұмытпай, әр уақытта естерінде сақтауға мүмкіндік алады. Осылай олар рухани сатыға көтеріліп, Құдайға деген сенімдері биіктеп, Онымен бірігіп қауыша алады. Адам енді барлық іс - әрекетінде өзін емес, Құдай тағаланы қанағаттандыруға ұмтылады.
Үшінші айырмашылық – Құдайға деген, абай көрсеткен, ынталы жүрек, шын көңілде. Бұл олардың қасиеттерінің айырмашылығы. Абай айтқандай, бұл қасиеттен басқа қасиеттер Хаққа жол емес. Бұл туралы Абай былай дейді:
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек, шын көңіл,
Өзгесі Хаққа жол емес.
(«Алла деген сөз жеңіл», 1897 ж.)
Осылай Абай «Өзгесі Хаққа жол емес» деп нақтылап, ал қара сөзінде ынталы жүрек пен шын көңілдің рухани жолдағы маңызын баса көтереді. Ол өзінің отыз сегізінші қара сөзінде былай деп қайталап айтады:
«Енді біздің бастағы тағриф  бойынша Құдай тағала ғылымды, рахымды, ғадаләтті, құдіретті еді. Сенде де бұл ғылым, рахым, ғадаләт үш сипатпенен сипаттанбақ: ижтиһатің  бар болады. Белгілі жәуанмәртлік  үш хаслат  бірлән болар деген, сиддиқ , кәрәм , ғақыл  - бұл үшеуінен сиддиқ ғадаләт болар, кәрәм шафағат болар. Ғақыл мағалүм дүр, ғылымның бір аты екендігі. Бұлар әр адамның бойында алла табарака уатағала тәхмин  бар қылып жаратқан. Бірақ оған рәуаж  беріп жәһәтінде  болмақ. Бұлар – өз иждиһадің бірлән ниет халис  бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ».
Данышпанның бұл сөздерінен ұғатынымыз, бізде де Құдай тағаланың қасиеттеріндей қасиеттер бар. Бірақ олар өте кішкене. Рухани жолдың мақсаты – сол кішкене қасиеттерді молайту. Ол үшін, біріншіден, ынта - жігер, екіншіден, таза ниет, яғни Құдайға деген шын көңіл керек, болмаса – жоқ. Абай Құдайға деген ынта мен талап адамның ниетінің тазалығына байланысты екенін айтады. Құлшылық барысында ниет тазарып, имандылық өседі. Ал таза ниет пен берік имандылық Құдайға деген ынта - жігерді өсіреді. Осылай адамның Құдайға деген ниеті мен ынтасы бір - бірімен тығыз байланысып жатыр. Адамның рухани дәрежесі Құдайға деген ынталы жүрек пен шын көңіліне байланысты. Бұл олардың жетілу деңгейін көрсетеді. Ал бұларды өсіру үшін рухани ұстаздың көмегі керек. Адам мен толық адамның айырмашылығы – олардың кімді сүйіп, кімді қанағаттандыруында. Адам – өзін қанағаттандырады, ал толық адам – Алланы сүйіп, Алланы қанағаттандырады.
Төртінші айырмашылық – олардың негізгі қасиеттерінде. Материалдық сатыдағы адамдардың негізгі қасиеті – имандылық дәрежесі. Соған байланысты олар түрлі жетілу деңгейінде болады. Ал рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың негізгі қасиеті – Құдайға берілу, яғни Оған деген ынталы жүрек пен шын көңіл дәрежесі. Имандылықтың жетілуі, яғни Алла тағалаға сенімнің нығаюы белгілі бір дәрежеде сапалық өзгеріске түсіп, Түп Иеге толық берілу сезіміне әкеледі. Бірақ жан иесі Алла тағаланың аралық қуаты болғандықтан, оның өмірі, Руми айтқандай, нәпсі мен Құдайдың арасында жанталаста өтеді. Ол неғұрлым Құдайға жақын болса, оның рухани деңгейі де соғұрлым жоғары. Құдайға жақындап келіп, Онымен бірігіп, қауышқанда адам өзінің негізгі мақсатына жетеді. Абай көрсеткен «Түп иеге қайту» дегеніміз осы. Ал қауышу дәрежелері әр түрлі болады. Сонымен рухани сатыға көтерілу шарты – ынталы жүрек, шын көңілмен Құдайға толық берілу. Ол өзінің іс - әрекетінде сырт көзге ештеңені өзгертпеуі де мүмкін. Бұрынғы қалпында жақсы отбасы иесі, қоғам қайраткері, ұлтының қамын ойлайтын кемеңгер, патриот, гуманист болып қала береді. Бірақ оның ішкі дүниесі толық өзгереді. Ол енді өзін немесе «менікі» дегендерді қанағаттандыру үшін емес, барлық себептердің себебі Алла тағаланы қанағаттандыру үшін әрекет жасайды. Сондықтан ол Алла тағаланың Өзінің аясына кіріп, істеген барлық іс - әрекеті рухани және өте кемелді болады. Кемелді дегеніміз – барлық жағынан кемшілігі жоқ толық дегенмен бірдей. Сондықтан бұл сатыдағы адамдарды Абайдың өзі атағандай «толық адам» деуге болады. Сөйтіп мұндай жолда қоғам да, адам да ештеңені жоғалтпайды, керісінше, қоғамға бейберекет өмірден біркелкі үйлесімді өмірге, ал әркімге рухани жоғары сатыға көтеріліп, өмірдің жоғары ләззатын алуға жол ашылады. Бұл – салауатты өмірдің рухани сатысы. Рухани саты жан саулығын сақтайтындықтан, тән саулығы соның салдары ғана болып, адам түбінде барлық аурудан арыла алады. Бұл – бүгінгі адамзаттың арманы болып отырған денсаулық сақтау мәселесін шешудің тура жолы. Оған жету шарты – Абай көрсеткендей, рухани өмірге деген ынталы жүрек пен шын көңіл. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Жан иелері ләззаттанып, өмірдің рақатын көру үшін бұл әлемде де бірігеді. Бұл – материалдық бірігу. Рухани әлемде кішкентай жандар Жоғары Рух арқылы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс
Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты
Абайдың он бесінші қара сөзінен есті кісі мен есер кісінің әрекетін салыстыруға болады. «Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір
Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету
Ақиқатында, дәулетке жету деңгейіндегі адамда терең рухани білім жоқ. Ол тек қана өмір заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етіп, адал өмір сүретін адам.
Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен. Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен.
Аллаға сенбейтін, сенім қағидаларын сақтамайтын адамдар өмірдегі барлық жағдай Алла тағаланың қалауымен болатынына иланбайды. Көптеген ғылыми
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×