ойын сауық отауы
Күй аңызы: Терісқақпай
23.01.2021 1 159 0 Admin

Күй аңызы: Терісқақпай

Әңгімелер
Күй аңызы
Терісқақпай

Кіші жүзге аты мәлім Қаналы төре 1903 жылдың күзінде Көкжар бойында әкесіне ар­нап ас береді. Алдын ала өңірдің үш анасына сауын айтып, ас барысында ат бәйгесі, палуандар күресі, айтыс, алтынқабақ атыс, күй тартыс, тағы басқа өнер түрлерінен шеберлік сыналатындығын хабарлайды. Қаналы төренің хабарламасына құлақтанған өнерлі жандар ас берілетін жерге бір - екі апта бұрын келіп, ағаш үй тігіп, аттарын жаратып, өздерін баптайды. Тіпті Жетірудан келген он жеті жасар Науша атты қыз ай бойы домбырасының құлақ күйін келтіріп, шанағынан шаң шығарады. Мұны естіген Әлімнің қырық жа­сар Тоғызбай күйшісі де ертерек атына тақым артып, Наушаның қасынан табылады. Аталған айтысқа он екі ата Байұлының атынан қырық алты жастағы қиық мұрт Есбай да бақ сынамақ болады. Бірақ ол бұл кезде өмірде де, өнерде де толысқан, ел таныған дәулескер күйші еді. Соған сай оның әзірлігі өзінде, Қарабаудан шыққаннан ауыл - ауылды аралап, күйін шалып, елін танып, мерзімді шақта межелі жерінен көрінеді. Бірақ сайысқа түсер күйшілер саны көп емес, бар - жоғы түрлі жас шамасындағы үшеу ғана. Соған сай Қаналы төре шарты да өзгеше: «Той менікі, берілетін бәйге мен байрақ та менен шығады. Олай болса, жеңімпаздарды да өзім таңдаймын. Ендеше, күні - бұрын ешкім емеурін танытып, бұ­ра тартпасын. Әйтсе де, той қонақтары ретінде бә­ріңізге де өнерпазды көруге, өнерін қызықтауға рұқ­сат. Ал орындалатын шығарма біреу - ақ. Ол әр орындаушының өзінің төл туындысы болсын» деген ескертпе болады. Шарт түсінікті, бұрынғыдай ұзақ таңға созатын қара тартыс, түре тартыс дегендер жоқ, тек көзді ашып - жұмғанша сорғалап өтер сұңғыла бір шығарма ғана. Кезек сайыскердің ең жасы және қыз баланың жолы жіңішке деп Наушаға беріледі.
Ол әуелі күй тарихына назар аударып, «Бірде ауыл сыртында жас­тар болып айлы кеште ақсүйек ойнап жүргенде етігімнің өкшесін сындырып алып, жанымдағы бозбала ай астында әлгі өкшені шимен шегелеп берді. Айлы кеш. Ашық аспан. Екеуден - екеу. Ол өкшесі тайған етікпен әуре. Мен болсам сы­ңар етікті, иық тіресіп жанында отырмын. Сон­­да мен оның да, өзімнің де жастық буына бал­қып, жүрегіміздің алып - ұшып, тар кеудені теп­кі­леп тұрғанын білдім. Шындығында, бұл бозбала дәуреннің бақытты да шабытты шағы еді. Менің сол сәтте бір демде екі күй басыма келді. Оның бірі – менің жас жігітпен оңаша отырып, сыр ақтаруға себеп болған етігіме арналған «Шилеме - шегелеме» де, екіншісі сондағы көңіл - күйдің ойнақы да шалтты кезін бейнелейтін «Кербез - керік» бо­латын. Қазір сіздердің алдарыңызда соның соң­ғысын орындаймын» деп домбырасын қолға алса, екінші кезекте әрқашан Әлімнің жолы үлкен деп Тоғызбай алға шығады.
Ол «Біздің Жапсар деген көрші ауылда өзіміз­бен қатар Мамыт деген қыз болды. Соған көңіл ауып, оқта - текте ертелі - кеш кездесіп жүрдік. Бір­ақ ай жарығымен ауыл сыртына бара қалсам, Қы­­зылқайың деп аталатын қызыл иті арпылдап алдымнан шығады. Күрпілдеген даусы жаман, талай рет тәсім қайтты. Бірде қолыма кәдімгідей қауқары мол таяқ алып, сайланып бардым. Сөйтсем, әл­гім таяғымды көріп үнсіз қалды. Мен жүрегім ата­­­­­лақтап, әп - сәтте қыз қасынан табылдым. Сол бір лекіткен көңіл, дүрсілдеген жүрек соғысын бей­нелейтін «Лек - лек» атты күйімді орындаймын» дейді. Екі күй де жастық шақтың жалыны, ыстық қанның ағысын бейнелейтін сезім көріністері, әдемі - ақ. Жұрт сезім қанатында қалқып, көтеріліп қалады.
Ендігі кезек Есентемір Есбайға жеткенде ол: «Маған дейін күй безегендер арасында аяқ астынан толғатып, жаңа дүние туындатқан бірі жоқ. Бәрі де ауылдарынан алып келген көне күйлер. Ал мен болсам, бұлардың бұған дейінгі дәстүрлерін бұзып және бұрынғы оң бұрау емес, жаңа теріс бұраудағы тап қазір шығаратын тың туындымды орындайын. Аты – «Терісқақпай» деп домбыраға қол созады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Шалқыма Күй аңызы: Шалқыма
Ертеде, ел Жайық өзенінің күншығыс бетін қыста қоныс етсе, күн батыс бетін жаз жайлауы етіп пайдаланған кездері де болған. Осындай бір жылдары көктем
Күй аңызы: Сексен ер Күй аңызы: Сексен ер
Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені
Келіншектау аңызы Келіншектау аңызы
Сұлулықтың шомылып нұрына тек, Бұлт байланып жататын шыңына кеп. Аңыздар мен әпсана әлемінен, Қаратаудың шертетін сыры да көп.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қоңыр ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қоңыр ана – Бәйдібек бидің қызы. Қоңыр ана туралы мәліметті сол өңірдің жергілікті қаламгерлерінің жазғанынан кездестірдік. Әлімнің бір баласы
Жиі енеді Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×