Келінімнен сабақ алып жүрмін
Әңгімелер
Келінімнен сабақ алып жүрмін
Өзім Солтүстік өңірінің қызымын. Алматыдағы жоғарғы оқу орнында бірге оқыған Оңтүстіктің жігітіне тұрмысқа шығатынымды айтқанымда шешем түбегейлі қарсы болды. "Олар қазақылықтың лайына батырып, мәдениетті күңге айналдырады" деп шошытты. Сол сөздердің санама әсері сонша, шаңырақ көтерген күннен бастап билікті қолыма алдым. "Шын сүйсең Алматыда қаламыз" деген алғашқы шартым еш қарсылықсыз орындалып, одан кейінгі жылдары қазақтың салт - дәстүрінің бірін де мойындамадым.
Қайын жұртқа ас - тойларда ғана барып, көп бөгелмейтінбіз. Ата - енем пәлен деп ештеңе айтпады.
Не керек, қазақпыз дегеніміз болмаса, европаша өмір сүріп жаттық.
Қыз өсті, ұл ер жетті. Балам Оңтүстік жақтың қызын аламын дегенде қарсы бола қоймадым.
Жас келген сайын ұл мен қыздың болашағын ойлап, іштей балаларыма инабатты, оқыған, жарын құрметтейтін, жағдайын жасайтын, қартайған шағымызда бізге мейірімділік көрсететін келін мен күйеу баланың болғанын қаладым. Өзге өңірде де жақсы жастар бар ғой, дегенмен, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өңірінде иманды жастар көбірек болатындығын іштей мойындайтынмын.
Күйеу балам Түркістандық, келінім Қызылордадан болды. Қызымды қанша үгіттесем де күйеуі Түркістанына әкетті. Көндім. Шүкір, жаман емес. Ал келінім Аяукамның (Аяулым) ақылдылығы мен көргенді, тәрбиелілігі не іштей Аллама мың мәрте шүкірлік етемін.
Қайын жұртыма салихалы келін болмадым, болуға талпынбадым. Сонда да құдіреті күшті Тәңірім мендей ойсыздау пендесіне мейірім төккеніне, кеш те болса қателігімді түсінуіме мүмкіндік бергеніне тәубе етемін.
Әлқиса,
Келінім түскен күннен орамал тартып, сәлем салды.
- Сәлем салмай - ақ қой,- дегенімде,
- Мама, батаңыз бен ақ тілегіңізді аяйсыз ба?- деп жымиды. Сосын өрескелдеу, тік айтқанына қымсынып:
- Бата алатын ата - енем бар, мен бақытты келінмін,- деді.
Жүрегім жылып сала берді.
Рас, ерге шыққаныммен келін болу бақытын сезінген емеспін.
Ия, келін болу - бақыт. Келін болу - жар құшып, бала сүю ғана емес. Бұл сол әулеттің шаңырағына уық болып қадала білу бақыты. Әттеген - ай, сол бақытты түсінбегеніме қынжыламын.
Олай дейтінім, келін яғни "екінші сұрыптағы адам" болғым келмеді. Сол пейілімді түсінген қайын жұртым да маған келін деп қарамады. Бөтен болдым. Үлкенге сәлем салып, қызмет қылып, бата алып көрмедім.
Аяукамның әлгі сөзі маған осыны түсіндірді. Бұл менің келіннен алған алғашқы сабағым.
...
Жаңа түскен келінге бірден үйрене қою қиын екен. Үйіңде бөтен бір кісі жүргендей. Оның әр ісіне, аяқ алысына, қимыл - әрекетіне, сөзіне сынмен қарап, сырттай көп бақыладым.
Байқағаным, ұлымның да, атасының да бас киімдерін кіре берістегі киім ілгіштен алып, төргі бөлмеге қояды. Бірнеше рет қайталанды. Себебін сұрадым.
- Асхат отауымның, атам әулетіміздің бас иесі ғой. Әжем үнемі атам мен әкемнің бас киімін жоғары қойып жатып, "еркек - пірің, бас киімін жоғары қой, мерейі үстем болады. Күйеуінің мерейі үстем болуы - ол әйелдің бақыты" дейтін,- деді.
Ішім жылып қалды. Бұл екінші сабақ болды.
Мойындаймын, "әйел мен еркек тең" деген қағидамен еріме ешқашан "пір, бас ие" деп қарамаппын. Ол да оны талап еткен емес, өз көйлек - шалбарын өзі тазалап, өтектеп, тамағын жылытып ішіп кете беретін. Бұл біздің тұрмысымыздағы қалыпты жағдай. Оған мән беріп жатқан ешкім жоқ.
Өзімнің еркектің қисық қабырғасынан жаратылғанымды және жарымның алдында зайыптылық міндет - парызымның болатынын білмей келіппін. Мұны келінімнің іс - әрекетінен ұғындым.
Тағы бірде кешкісін кіре берістегі балшық аяқ киімдерді тазартып тұрған келінге қызым:
- Әркімнің өз қолы бар ғой. Келін болдым деп тым асыра сілтеп жібермедің бе?- деді әзілдеп болса да ойындағысын айтып.
- Сенің де етігіңді сүртіп қойдым.
- Көріп тұрмын, рахмет!
- Саған жағымды болды ғой
- Әрине, бірақ сен бұл үйдің күңі емессің ғой
- Өз етігімді сүртіп тұрып, қалғандарын ысырып қоя алмадым. Бір етікті сүрткен не, екеуді сүрткен не, қиындығы жоқ.
Екіншіден, балшығымен тұра берсе, су теріге сіңіп, аяқтарын былжыратады. Тазаласам, тәңертеңге дейін кеуіп, құп - құрғақ болады. Вот так!
Үшіншіден, үшіншідееен, Асхатымның үнемі тап - таза, ұқыпты болып жүргенін қалаймын,- деді.
Мұндайға қалай елжіремессің!
Дегенмен, бұдан алған сабағым да аз болған жоқ.
Мен әркез "жарым маған көңіл бөлуге тиісті" дейтінмін. Өзімді бірінші орынға қоятынмын. "Мен оған не істедім?" емес, "ол маған не істеді?" дейтінмін. Жар болу - бұл тек алу ғана емес сыңарыңа құрмет пен сыйластықты бере де білу керек екендігін ойламаппын. Келінімнің іс - әрекетінен соны түсіндім, сабақ алдым.
...
Бір күні келінімнің манадан бірдеңе айтқысы кеп кібіртіктеп жүргенін аңғарып, сұрадым.
- Мама, Алла қаласа, немерелі боласыздар,- деді.
Жүрегім жарылып кете ме деп едім. Адам "бала" деп өмір сүреді ғой. Әйтсе де, немере деген керемет екен. Әлі дүниеге келмеген шарананы қазірден жақсы көріп тұрмын.
Аяғы ауыр болған соң көбірек дем ал деймін. Ол жыбыр - жыбыр тынбайды.
- Әжем екі қабатпын деп жатып алма. Ішіңдегі бала ірі боп босануың қиын болады. Көп қозғал, бала ширайды, толғағың да, босануың да оңай болады дейді,- деп ананы - мынаны істеп көп қозғалады.
Іші білінгенше төркініне барып тұрды. Қарны өскен соң:
- Әжем айтады, "сен жүзге келсең де әкең үшін сол үлбіреген балапансың. Қарныңды шермитіп келме. Бұл әкең мен ағаларың сенің өсіп - өнгеніңді қаламайды дегендік емес. Иба сақта" дейді. Алла қаласа, босанып алған соң барамын ғой,- деді.
Бұл кезекті сабақ еді. Ішімнен өз - өзімнен қатты ұялдым.
Себебі, келін түскен соң артынша қыз ұзаттық. Құрсақ көтергенін естігенде "әкеңнен өзің сүйінші сұра" деп өзім айтқан едім. Ол:
- Ура, папа, мен екіқабатпын,- дегенде, әкесі:
- Жақсы болған, құтты болсын!- деді сәл ыржиып. Қуанды, қуанды әрине.
Негізі, еркектер сәл қызғаншақтау келеді ғой. Қызын тұрмысқа бергісі келмей, айтқанымда шошып түсіп, кейін күйеу баланы бауырламай, тосырқағаны есіме түсті.
- Менің қызым бала ғой, кішкентай ғой әлі,- деп еді.
Әкем ерте дүниеден өтті. Үйде өзге ер кісі болмаған соң еркіндеу, жайдақтау өстік. Іш киіммен жүре салу, түрегеп жүріп ас ішу, шаж - бұж етіп сөйлей салу үйреншікті әдет. Орысша оқыдық, дос - жора, ортамыз да сондай, орыс тілді болды. Әрі Кеңес Одағы кезінде өзге ұлттың еркін іс - әрекетін мәдениеттің шыңы деп ұқтық. Еліктедік, солардай болуды дәреже көрдік. Әкенің алдында қымсыну, етек - жеңді жинап жүру, ерсі қылық жасамау, тартыну, оғаш сөйлемеу дегенді ойламай, білмей өстім. Қазір ақыл таразыма салсам, "Әке, бала жасауды біз де білеміз"
дегендей қыздың әкеден сүйінші сұрауы, әкенің, ағаның алдында шермиіп тұруы, шынында, түсінген кісіге ерсілеу екен - ау. "ИБА" деген бір ауыз сөзбен тәрбиелеген қазақтың тәлімі қандай керемет екендігін түсіндім. Үлкеннің ұлағатын ұққан келініме құрметім арта түсті.
Бұл да сабақ болды маған.
Осы қуанышқа арнап дастархан жайылды. Жеті шелпегін үстелге қойып жатып келін:
- Папа, құран оқып жібересіз бе?- деді.
Біз бір - бірімізге үнсіз қарадық.
Ия әкесі, ия ұлым, ия мен бір сүре білмейді екенбіз.
- Өзің білсең...
Келін кібіртіктеп:
- Білмеймін,- деді.
- Келіннен ұят болды - ау, ә,- дедім жатарда
- Құдайдан ұят болды,- деді күйеуім.
Сонымен жабулы қазан жабулы қалған.
Бірер күннен соң,
- Бағила,- дегенге қонақ бөлмеге барсам,
- Мынаны сен әкелдің бе? - деді екі бет қағазды көрсетіп отағасым.
Ашсам, Фатиха, Ықылас, Фәлах, Нас сүрелері жазылыпты.
Екеуміз бір - бірімізге қарап, іштей келіннің сабағы екендігін түсіндік.
Жұбайым төс қалтасына салып жүріп, көп ұзамай жаттап алды. Тіпті, өз ортамыздың "молдасы" атанды. Жолдастарымыз "молодецсің әй! Бізге де жаттап алу керек, жас келді ғой" деп ақталатынды шығарды. Мен де ниет еттім, бірақ қартайғанда сүре жаттай қою оңай емес екен. Ұмытқан жерімді жалғап, қате жерімді жөндеген келініме:
- Білмеймін дегенің қайда?- дедім
- Білемін. Әжем жаттаттырған.
- Өткен жолы неге оқымадың?
- Папамның алдында ұялдым. Әрі папам бізден ұялмасын дедім,- деді.
Тағы ойланып қалдым.
Бірде күйеуім:
- Қой, Бағилаш - ау, қартайдым, ата болдым, ертең немере келеді. "Ақаңды" тастағаным дұрыс шығар,- деді мен үшін күтпеген жаңалық ашып.
Солай, солай. Келінімнің ісі тек енеге ғана емес, атасына да сабақ болды.
Аяулымның сабағы мұнымен біткен жоқ.
- Мама, біздің үйге неге ешкім келмейді?- деді бір күні. Сасып қалдым. Оңтүстікке келін боламын дегенде марқұм анам "Оларға өзіңді басындырма. Бір күні орамал тартып, дамбал киіп кеп жүрме" деген. Сол сөздің әсерімен алғашқы күннен өзімді қайын жұрттан алшақ ұстадым. Тік бақайлау болдым. Ағайын - туысты жолатпадым. Онымды "жеңісім" санадым.
Бір - бірімізді жек көрмесек те араласпадық, іздемедік. Бір Алматыда үлкен қайнағамның ұлы мен келіні, студент қызы, екі қайын сіңілім отбастарымен тұрады. Шақырсақ келеді, шақырмасақ жоқ. Біз де солай.
Ал менің төркінімде үш қызбыз. Үлкеніміз Уля (Ұлжан) Ресейде оқып, украин жігітіне тұрмысқа шығып, Томскіде. Сіңілім отбасымен Павлодарда. Өз бауырларыммен араласым кем болған соң да күйеуімнің туыстарын керек етпедім, алыстан сыйластым.
- Мама, ертеңгі туылған күніңізге осындағы тәтелерді шақырдық Асхат екеуміз ойласып,- деді Аяулым.
Менің құптай қоймағанымды жанарымнан ұғып:
- Осылай бір есік боп отыра береміз бе, ренжімеңізші. Әжем айтатын, "қазаны қайнағанның берекесі тасиды, қазаны тақырдың, ақыры тықыр" деп. Онысыз да мерекелік дастархан жаямыз ғой,- деді.
Ішкі ойымды білдірмей:
- Дастархандарың жөнді болса,..- дей беріп едім,
- Саспаңыз, мама, кешке дейін үлгіремін,- деді қуанып.
Қонақтар түгел келді. Ән салынды, жақсы сөз, жақсы әңгіме, жақсы тілектер айтылды. Жарымның да жүзі жайнап, ұлымның да түрі кіріп, тіпті балам тәтелерінің балаларын алдына алып, өбектеп, келін болса құрдай ұшып жүр. Байқаймын, бәрінің көңілдері де, назарлары да, ықыластары да Аяукамда. Сыр білдіргім келмейді, дегенмен, үйіме нұр кіргендей болды.
Кетерлерінде:
"Мынау үйдегі үлкен кісінің сыбағасы" деп біреуіне, "жездем жұмыста боп келе алмады ғой, мынау сол кісіге" деп екіншісіне, мынау балалардың татті - мәттісі деп келесісіне пакет ұстатты.
Босаған ыдыстарды жуып жатқан келінді сынамақ боп:
- Менің рұқсатымсыз дастархандағылардың бәрін салып бердің ғой,- дедім.
Кірпігін жыпылық - жыпылық еткізіп тосылып қалды.
- Қайдан бі - ілей - ін. Куанғаннан... Ия рұқсат сұрауым керек еді. Кешіріңізші...
- Ойнап айтамын, балам, бер, бергенің дұрыс болды, олар да қуанып қалды,- дедім арқасынан қағып,- оны да әжеңнен үйрендің бе?
- Ия.
Айтпақшы, онысымен қоймай, мана дастархан басында:
- Тәтелер, ағалар, біз туыс болсақ та неге араласпаймыз? Араласу үшін бір сылтау болу міндет емес қой. Келіп тұрыңыздаршы, есігіміз де, жүрегіміз де ашық,- деп жымиды. Сосын:
- Тағы да бас қосуымыз үшін мен ойын ойлап таптым. Қолымдағы жеребеден аламыз. Кімге қай кісінің есімі түссе, сол кісіге айтпай сіздер сыйлық даярлайсыздар.
Отырғандар сөзге келмей келісті.
- О, оған келіспеймін. Мысалы, мен он мыңға сыйлық аламын, ал екінші адам маған бес жүз теңгеге ғана зат берсе ше? Мен ойыннан шығамын,- деді бүйректен сирақ шығарып қызым.
- Онда, Бикешім ренжімесін, сыйлықтың ақшасын келісіп алайық,- деді келінім, ойынды бұзғысы келмей, әрі қызымның да көңілін тауып.
- Ал, сыйлықты даярладық дедік. Оны қашан, қай жерде береміз?- деді үлкен қайынсіңілім.
- Қай жердесі несі? Әрине, үлкен үй біздікінде,- деді келін.
- Жо - оқ. Олай болса, келесі дастархан біздікінде болсын. Әрі Аяука келініме есік - төр көрсетіп, тәтті шай берейін. Аяукаға рахмет! Миыңнан сол, пейіліңнен сол, жаным,- деп айналып - толғанды.
Бұл менің келінімнен алған келесі сабағым болды. Шынында, алпыс жасқа дейін қалталыны "апа" деп, дәрежеліні "жезде" деп ағайын - туысты алшақтатып алыппын. Оның үстіне, "қайын жұртты басыма шығармаймын" деген жас кездегі түсінікпен, бауырды бауырлауды, туысты тартуды, жақынға жылылық етуді білмеппін. Жүрегімді қатайтып алыппын - ау. Жастайынан көргендері сол болған соң балалар да ешкімді іздемеді.
Түнімен төсегімде дөңбекшідім. Дөңбекшігенім ұйқым қашты. Ұйқым қашқаны ойларым маза бермеді. Еске алып қарасам, қайын жұрттың маған титтей де тырнағы батпапты, жамандығы болмапты. Беташар жасап, жастар тойын өткізген соң, томағасын сыпырған құстай еркіндікке қоя беріпті. Бердің, бермедің, келдің келмедің, не істеп жатырсың деп есеп алған ешқайсысы болмапты. Қазір ойласам, ісіме сай олар да мені керек етпепті ғой. Мен оларды жеңдім десем жеңіліппін - ау. Ағайынға керексіз болғаннан сорақы не бар? Түсінбеппін - ау.
Бұдан ұққаным, күйеуімнің де, балаларымның да, қайын жұртымның да бір - бірімен араласқысы бар. Өзім тас бауыр болған соң, балаларды да солай тәрбиелеп келіппін. Әуелден суық қабақ танытып, араласар есікке құлып салып, жауып тастаппын. Бұл тағы үлкен сабақ болды.
...
Келесі жолы қайынсіңілімдікіне жиналып жатып келінім:
- Мама, артымнан келген мына бренд әдемі жемпірімді тәтеме деп, жездеге ыңғайлы ештеңе болмаған соң ақшалай берейік деп шештік Асхат екеуміз,- деді.
- Мұның не керегі бар? Мен қымбат коробка конфет алып қойғанмын. Да ещё, ойынға алған сыйлығым да он мыңға түсті
- Мам, бірінші рет бара жатырмын, ілу апаруым керек. Бұл дәстүр
- Ой, қойшы, дәстүр - мәстүріңді солар біледі дейсің бе?
- Неге білмесін? Білген соң жаңа түскен келінге есік - төр көрсету рәсімін жасап дастархан жайып жатыр ғой.
- Дастарханды саған емес, ойынға...
- Неге олай дейсіз, өткенде әдейілеп айтты емес пе?
- Не знаю, не знаю, қымбат киім, тағы ақша... тым көптеу емес па?
- Әжем айтатын, "жақыныңа ат пен атан берсең де жарасады" деп. Біздің жақындарымыз солар ғой.
Ия, "ине өткен жерден жіп өтеді". Қайын сіңілім келініме жіңішкелеу болса да алтын жүзік, ұлыма арзанқолдау болса да костюм - шалбар кигізді. Кетерде пакетке тәтті - пәтті, ет салып беріп жатып
- Тәңертең мына тәттілермен ата - енеңе шай бересің,- деді жадырап күліп.
Бұл үйдегі бас қосу да тамаша өтті. Әңгіме дүкен құрысып, әзілдер айтылды. Жарым күйеу баласымен емен жарқын сөйлесіп, ұлым әпкелеріне еркелей әңгіме айтып қояды. Келінім өз үйіндегідей жүгіріп, дастарханға көмектесіп тынар емес. Келін - балама көрсетіліп жатқан қошаметті сырттай көріп марқайып отырдым. Балаларымның тұлға болып қалыптасуы үшін де, адами өмір сүруі үшін де туыс - бауырдың керек екендігін ұғынғандаймын. Аузыңмен құс тістеген керемет жан болсаң да, ағайынсыз адам ешкім емес екендігін түсіндім.
Бұл да келінімнен алған кезекті сабағым болды.
(Жалғасы бар)
Аймаханның Сақыпжаны
Жалағаш - Тараз.

Туыстық атаулар сыры: қайын ене
Қайын ене (әйел) – әйелге күйеуінің шешесі, күйеуге әйелінің шешесі «қайын ене» деп аталады. Бұлар күйеу бала мен келіннің екінші ата - анасы.
Үйленгісі келген жігіт
Жігіт үйленгісі келетін ниетін білдіріп, қыздың әкесіне келеді: — Қанша қалың мал беру керек болса — сонша беремін. Басымда жайлы баспанам, қымбат
Алматыдағы жер сілкінісінің себебі түсіндірілді.
Сейсмологтар Алматыда бүгін таң ата болған жер сілкінісінің себебін айтты. Мамандардың сөзінше, мұндай оқиға қайталануы мүмкін, деп хабарлайды
Аралас неке қауіпті ме?
Қазіргі таңда шекара ашылып, түрлі халықтар толассыз келіп жатқанда тілі басқа, діні басқа адамдармен некелесуге зор мүмкіндік туып отыр.
Жетім қыздың жасауындай екен демес үшін
«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» деген. Бөріктілер «қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес пе?» деп ойлауы мүмкін.
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам. Аз өмірді ақындық жолға бердім, Лепес қып түкірген соң молда Мұқан.