ойын сауық отауы
Жетім қыздың жасауындай екен демес үшін
26.10.2016 17 081 0 Дауыл

Жетім қыздың жасауындай екен демес үшін

Бұл қызықты
Қыз жасауы қанша тұрады?
Бүгінде қыз жасауы - оны ұзатардағы ең үлкен мәселе және ұлттық ғұрып һәм ананың перзенті алдындағы парыз­ы. Шаңырақ көтерген екі жастың игілігіне құралған­ жасау олардың ертеңіне деген алғашқы көмек десек, артық айтқандық емес. Бірақ сонау ерте заманнан оюлап көрпе тігіп, тізерлеп текемет жасаған аналар бүгінде неге «дүкеншіл» болып кетті? Қазіргі қыз жасауына тойға жұмсалған ақшадан кем түспейтін көп қаражат неге жұмсалады? Біз айтайық, өйткені, бүгінгі күн – бәсеке заманы.

«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» деген. Бөріктілер «қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес пе?» деп ойлауы мүмкін. Олай емес. Өйткені қалай десек те, құдалар жағы, көршілер, туысқандар, таныстар бәрі - бәрінің көзі қыздың артынан келген жасауында болады. Жасау жақсы келмесе, анасына сын келеді. Ол тіпті кейін қызды түртпектеуге үлкен себеп болуы мүмкін. Астарына үңілгенге үлкен «саясат» жатыр. Төмендегі тізім орта есеппен жазылған.

Алты көрпе, бес көрпеше, төрт төр көрпе. Оның ішінде, біреуі «махаббат көрпесі», «құдағи көрпесі», «құрақ көрпесі», жатын орын, сандық, үш көрпе - жастық тыстары, төрт жастық, екі кілем, алты қолорамал, ыдыс - аяқ жиынтығы, костюмдер жиынтығы, екі ет табақ, төсек жапқыш, кір жуатын машина, тоңазытқыш, оның жанына қазақтың жөн - жоралғысымен байланысты қыздың дүниесін ашар алдында қыз жақ жасап апарған бір тоғыз. Бұл тізім жалпы түрде жазылған, ішінде міндеттісі де бар, ал кейбірін алып тастауға да болады. Барлық нәрсені тек қалтаң шешеді.

Қазіргі заманның ағымына қарай жасау дайындаудың да бүгінде сипаты өзгерді. Заманауи құрал - жабдықтар көп заттардың орнын алмастырды. Бүгінде жат жұрттыққа жаралғ­ан қыз баланың бағы барған жерінде ашылатынына осы жасаудың да көп әсері болатын көрінеді. Аттаған босағасында күндемесін, менсінбеушілік орын алмасын деген­ ата - ана барын салып жасауға дүние жинайды. Мұндайда «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ұзатылатын қыздың жасауын дайындауға әулет болып атсалысқан­ дұрыс. Міне, біз осылайша жасаудың «жетім қыздың жүгіндей» болмағанын қалап, бар жиған - тергенімізді балам­ыздың бақыты үшін сандыққа саламыз. Ал жасауы жақсы қыздың маңдайы ашық, жүзі жарқын жүретіні айтпаса­ да түсінікті.

Біз жоғарыда ұзатылар қыздың жасауына кіретін ең маңызды дүниелерді атап өттік. Қазір заман басқа, заң басқа. Жағдайы келгендер қыз дүниесіне майда - шүйдесіне­ дейін қалдырмай, түгел беруге тырысады. Ал орта дәулеттілер ағайын - туыс, дос - бауырларымен бірлесіп көштен қалмай, қыз жасауын түгендейді. Тұрмыстық техникалардың түр - түрі бар. Бағалары әрине, сапаларына байланысты жоғары. Қолы жеткендер барынша қымбат техникалар мен жиһаздарды алады. Қазақта “жетім қыздың жасауындай екен” деген тіркес қалыптасып кеткен. Ол босаға аттағалы­ отырған қызға берілетін дүниенің тым жұпыны болып келуін­е орай айтылғаны белгілі. Дегенмен, мұндай нарық заманында шама - шарқы жеткенше қыз ұзатып, той қылған­дарды сынға алу тым әбестік болар.

Гүлзат ЖОЛДАСБЕКОВА,
Қорқыт ата атындағы
ҚМУ - дың студенті

Коронавирус деген ол вирус та емес, ауру да емес, соғыс та емес Коронавирус деген ол вирус та емес, ауру да емес,
Коронавирус деген ол вирус та емес, ауру да емес, соғыс та емес. Ол адамзат үшін жасалған жаңа ереже. Ондай ереже неге бізге дәл қазір қажет болды?
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу туралы мақал - мәтелдер
Күйеу туралы мақал - мәтелдер Күйеу жүз жылдық Жаман күйеу қайынсақ. Жаман күйеу таң атқан соң сөз қатады.
Бала бақытының құпиясы Бала бақытының құпиясы
Ата-аналардың көпшілігі балаларының жағдайын жасауға барынша күш салады, балада бәрі болуы керек: ойыншықтар, тәлім-тәрбие, білім. Дегенмен де,
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Қыз жасауы Қыз жасауы
Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті
Сөмке де сыр ашады Сөмке де сыр ашады
Сөмке арулардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын бұйым болып саналатынына ешкім таласпас. Қай жерге барса да қолдан түспейтін сөмке
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×