ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
12.09.2021 746 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам;
2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Мұғдарнама — бір ұйымның жұмысына қатысты ережелер жинағы.
Мысалдар:
1. Мұғдарлап өлшеп қойдың аш пен тоқты.
Тағдырына еш адам қарсы айтпас,
Қанағат еттім шүкір аз бен көпті
(Мәшһүр - Жүсіп, Ақыреттің егіні)
2. Бір көше мұғдары өткеннен кейін барып, түндегі салған суретім есіме түсіп кетіп, кейін бұрылдым.
(І. Есенберлин, Ғашықтар)
3. Осы бір құп - құртақандай тірліктің бар мұғдары жас бала жұдырығындай болып алып, әлдекімнің өмірі үшін осыншама өлімін сала жанталасқанына қайран.
(Ә. Нұрпейісов, Соңғы парыз)
4. Осы дәу қара тастарды ағызып әкелерде, өзі суалып, аталы арнаны солар – қара тастар басып қаларын мұғдарлаған жоқ, мұғдарлайтын ой - өре, жетелі жетекші де жоқ... ағарыс бұрынғыдай күркіремеді.
(О. Бөкей, Терісаққан)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Қырбай Көркем сөздің құдіреті: Қырбай
1. Қырғи қабақ, дүрдараз, араз; 2. Икемсіз, ебедейсіз. Мысалдар: 1. Абай әңгiменi алғаш өзi ойлаған жаққа бұрды. – Сол менiң әкеммен қырбай боп
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Сахар Көркем сөздің құдіреті: Сахар
1. Таң алды мезгіл, таңсәрі, алагеуім; 2. Сәресі (ораза кезіндегі таң атпай тұрып ішетін ас).
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Көркем сөздің құдіреті: Ындын
Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.
Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×