ойын сауық отауы
Әулиелер (жалғасы)
22.10.2021 575 0 Admin

Әулиелер (жалғасы)

Әңгімелер
Абай айнасы – рухани кемелдену
Әулиелер
«Хакімдер дүниеде тиетін пайдасын сөйледі, ғибрат көзімен қарағанда, екеуі де (хакім мен әулие) бірінен бірі жырақ кетпейді. Оның үшін әрбірінің сөйлеуі, айтуы басқаша болса да, Алла тағаланың сұнғатына[i] қарап пікірлемектікті екеуі де айтады. Пікірленбек соңы ғибраттанбақ болса керек. Бұл ғақыл, ғылым – екеуі де өзін зорға есептемекші, залымдықты, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді. Бұл ғадаләт һәр екеуі де мархаматты, шапағатты болмақты айтып бұйырды, бұл рақым болса керек» (отзы сегізінші сөз). Бұл сөзбен Абай хакімдер мен әулиелердің екеуі де рухани адамдар екенін көрсетіп отыр. Хакімдердің де, әулиелердің де мақсаты біреу, ол – Абсолюттік ақиқатты тану. Хакім мен әулие екеуі де адамзатты сүюші, рақымшылық істер істеуші, екеуі де адамзаттың рухани ұстаздары.
Сонымен бірге әулиелердің хакімдерден айырмашылығы үлкен. Олардың ең негізгі айырмашылығы – әулиелер таза құлшылық жолымен толық тазарған болса, ал хакімдердің әлі де болса да ниеттері күңгірттеу келеді. Олардың бойын табиғаттың жоғарғы қасиеті – даналық қасиеті билегенімен, бәрібір фәни өмірдің атақ - даңққа деген ықпалы - ниеті жанамалап жүреді. Ал әулиелер болса, ниеті түгелдей тазарып, бұл фәни өмірдің ықпалынан толық шыққандар. Олар өздерінің құлқы үшін ештеңе тілемейді. Бірақ Жоғары Күштің қамқорлығымен оларға өмірге қажеттің барлығы беріледі. Әулиелер Жоғары Жаратушының жер бетіндегі елшісі тәрізді рухани әлем мен материалдық әлемді байланыстырып отырады.
Абай рухани жолдағылардың тақуа болуының екі себебін көрсетеді: бірі – дүние ләззатына алданып, ырқынан шыға алмай, Құдайға ықыласым шала болады деп өз бойына сенбегендік, екіншісі – өзгелер өзінен үлгі алып, нәпсісін тежеп, имандылыққа бет бұрса деген үміт. Осы екі себеп те әулиелердің «жұртқа қылған артық махаббатынан» туады дейді. Сөйтіп Абай әулиелердің тағы бір міндеті басқаларға білім беру ғана емес, сонымен бірге оларға өз өмірімен үлгі көрсету екенін білдіреді.
Рухани құлшылық жолының қиындығы туралы Абай отыз сегізінші сөзінде былай дейді: (Бірақ бұл жол – бек шетін, бек нәзік жол. Бұл жолда риясыз[ii], жеңілдіксіз бір қарар тұрып[iii], іздеген ғана кісі істің кәмәлатына жетпек. Бұл заманда надир[iv], бұған ғылымның да зоры, сиддық қайраттың да зоры, махаббаттың халлақна да, уа халық ғаламға да бек зоры табылмақ керек. Бұлардың жиылмағы – қиынның қиыны, бәлки фитнә[v] болар». Әулиелік жолдың қиындығын және нәзіктігін данышпан осылай тұжырымдайды.
Әулиелік деңгейдегі адамдар реттегіш тәртіптердің көмегінсіз - ақ рухани әлемнің заңдылығымен өмір сүреді. Себебі рухани заңдылықтармен өмір сүру олардың табиғи қасиетіне айналған. Олар болмыс заңдылығын еш уақытта бұзбайды.
Олардың үлгі болатын кейбір қасиеттерін атап өтейік. Мінезінде кемшілік болмайды. Себебі болмысы әбден тазарған. Сондықтан олар өз сезімдеріне толық ие, салмақты, ұстамды және еркін, алғыр да қайратты. Еш уақытта артық сөйлеу, артық ұйқы, артық ішіп - жеуге бармайды, өзімшілдік мінез мүлде болмайды. Әркімге құрметпен қарайды, бірақ өздеріне құрмет талап етпейді. Жаулары болмайды, себебі олар барлық жан иелеріне дос. Іс - әрекетін түгелдей Құдай жолына таза бағыштайды, сөйтіп қалау - ниеттері түгелдейҚұдайдың ықпалында болады. Олар – бұл фәни өмірдің ықпалынан толық шығып, Жоғары Жаратушының аясына кіргендер.
Сопылардың сондай биік рухани дәрежеге жету сырлары бар. Оның біріншісі, рухани білім алып, өмірін сол білім жолына тура бағыттау болса, екіншісі, тасбихпен Жоғары Жаратушының қасиетті атауларын қайталау. Жоғары Жаратушының қасиетті аттарының зор рухани күші адамның ақыл - есін бір бағытта, ауытқымай Алла тағалаға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Алла тағала Абсолют болғандықтан, есімдерінің рухани қуаты Оның Өз қуатымен бірдей болады есімдерінің әсері өте қуатты болғандықтан Алла тағаланың қасиетті аттарын қайталаған адам тез арада тазарып, әулиелік деңгейге көтеріле алады. Бұған сопылардың өмірі мысал. Ахмет Йассауи бес жасынантасбих тартып, қазақ халқы, әрі кетсе мұсылман әлемі оны екінші пайғамбар қатарында санайтындай биік рухани дәрежеге жеткен.
Құдайдың қасиетті аттарын қайталау арқылы кемелдікке жету барлық діндерде қолданылады. Оларды христандар «Иса дұғасы» («Иисусова молитва»), Будда дініндегі «Хинаяма» жолындағылар «тантра», «Бхакти - йогамен» шұғылданатындар «махамантра» деп атайды. Еврей дініндегілер де «Талмудтың» негізінде Құдайдың қасиетті аттарын қайталайды. Бұның барлығы Құдайдың қасиетті аттарын қайталау барлық рухани жетілу жолдарына ортақ әдіс екенін көрсетеді. Олар әр тілде болғанымен, барлығының мағынасы ұқсас. Барлығы да Құдайдың қасиеттерін мадақтап, Одан құлшылық етуге мүмкіндік беріп, шапағатын жаудыруды тілейді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
[i] Шеберлігіне.
[ii] Екі жүзділік, көз бояушылық.
[iii] Шешім қабылдау.
[iv] Сирек, асыл зат, сирек кездесетін қасиет.
[v] Көтеріліс, қарсылық.

Әулиелер Әулиелер
Әлбетте, әулиелер – рухани жетілу сатысындағы, яғни Абайдың «толық адам» танымындағы хакімдерден жоғары рухани ұстаздар. Әулиелер туралы: «...
Хакімдер (3 бөлім) Хакімдер (3 бөлім)
Хакім мен ғалым түп төркінінде бір сөз, екеуінің де мақсаты – өмір заңдылықтарын, ақиқаттарды ашып, тану. Алайда тану жолдары бөлек.
Хакімдер (2 бөлім) Хакімдер (2 бөлім)
Құдайға сүйіспеншілік туралы: «Алла тағаланың пендесін махаббат уа мархабатпенен жаратқандығын біліп, махаббатына махаббатпенен ғана елжіремекті
Хакімдер Хакімдер
Абай ұстаздардың бұл тобындағы адамдар жайлы отыз сегізінші қара сөзінде былай дейді: «Олай болғанда хикмет Құдайға пенде өз ақылы жетерлік қадарін
Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер
Құдай тағала барлық жан иелеріне мейірімді болғандықтан, Ол сұраған тілекті орындайды. Бұл Құдайдан нені сұрап, нені сұрамауды білудің маңызын
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×