ойын сауық отауы
Әулиелер
17.10.2021 613 0 Admin

Әулиелер

Әңгімелер
Абай айнасы – рухани кемелдену
Әулиелер
Әлбетте, әулиелер – рухани жетілу сатысындағы, яғни Абайдың «толық адам» танымындағы хакімдерден жоғары рухани ұстаздар. Әулиелер туралы: «... әулилерге, әулиелер оқыды, ғашық болды», - дейді Абай отыз сегізінші қара сөзінде. Бұл сөздер әулиелердің мирастық тізбегін көрсетеді. Рухани білім Жаратушыдан бастап ұстаздардан шәкірттерге мирасқорлық тізбек арқылы түскенде ғана таза болып, адамзатқа зор ықпал жасай алады. Егер тізбек үзілсе, рухани білім фәни өмірдің әсерімен бүлініп, адамдарды бұрыс жолға бағыттауы мүмкін. Әулиелердің маңызды міндеті – рухани білімді алғашқы қалпынан өзгертпей адамзатқа жеткізу. Сонда әулиелерден әулие үйреніп, ұстаздық тізбек үзілмей, адамзат рухани біліммен үнемі сусындап отырады.
Әулиелер туралы көп жазылған. Бірақ олардың көпшілігі әулиелердің өмірбаяны мен түрлі мистикалық қасиеттеріне арналған, яғни сыртқы көрінісін ғана суреттейді. Әулиелердің ішкі дүниесін сипаттау үшін олардың рухани қасиеттерін көре білу керек. Бұл тек қана өте жоғары жетілген, солардың деңгейіндегі адамдардың ғана қолынан келетін әнрсе. Сондықтан өздері әулие қатарында болған ірі сопылардың өкілі Руми, әл - Ғазали тәрізді ғұламалар ғана олардың шын сипатын бере алады. Руми әулиелерді періштелермен салыстырып, оларды рухани қуаттың ықпалында жүретін және барлық қызғаныштан, құмарлықтан арылғандар деп есептейді. Олар – тек қана рухани дүниенің қақпасына ұмтылушылар, Хақиқаттың нұрына бөленіп, Оның бейнесіне құмарланып, түбінде Абсолютпен толық бірігуге белін буғандар.
Сопылардың көзқарасы бойынша, рухани жетілудің негізгі мақсаты – адам бойындағы қасиеттерді Құдай қасиеттерімен жақындастыру. Бұл Абай ойымен сәйкес келетінін көреміз. Құдаймен жақындасу деген сөз кеңістікте физикалық денемен бірігу деген емес, бұл ішкі дүниемен, рухани және моральдық тарапынан жақындау деген ұғым. Сөйтіп адам Құдайға неңұрлым толық жақындауы керек. Сонда ғана біз адамның толықтығын көре аламыз. Толық адам деп өзінің рухани мақсатын анық сезініп, түбінде сол жолға мүлдем түскенді айтады. Ондай адамды екінші рет туды, яғни ол өзінің Құдаймен байланысын сезініп, Сонымен ұқсас екенін, Оның бір бөлшегі екенін ұғынды деп есептеуге болады.
Сопылар ілімі бойынша әулилерге екі міндет жүктеледі: а) медиатор функциясы, яғни ол Құдай мен адамның арасындағы елші; ә) ғарыштық күш функциясы. Ол материалдық әлемнен тыс (трансценденталды) Құдай мен адамдарды байланыстыратын көпір. Өзінің Құдаймен байланысын толық сезінгендіктен, оның табиғатында руханилық пен адамилық қатар болады. Толық адамда Құдай мен адам табиғат күштерін ғана емес, рухани күштерді біріктіретін микрокосм болып табылады. Оның ақылы исламнан, яғни діни түсініктен жоғары тұр. Ол бүкіл болмысты бөліктерге бөлмей, толығымен қабыладйтын болғандықтан, барлық жан иелеріне бірдей көзқараспен қарайды. Ол өзінің ниетімен періштелерден жоғары, ал өзінің Құдайға деген ұмтылысымен жан иелерінің барлығынан да биік тұр. Толық адам мен Құдайдың қатынасы айнамен салыстырылады. Адам өзін айнадан көретіні тәрізді толық адам болмысынан Өзін таниды. Осы тұрғыдан алғанда толық адамды Құдаймен салыстырады. Ірі сопыларды не болмаса рухани ұстаздарды Құдай ретінде қабылдау осылай түсіндіріледі. Толық адам әлем болмысының мақсаты мен себебі болып табылады. Толық адам туралы мистиктердің кейбір ойлары осындай.
Әулиелердің хакімдер мен кәміл мұсылмандардан ерекшелігі – олар Құдай тағалаға деген ғашықтық сезіміне жеткендер екенін айтады Абай. Әулиелердің ғашықтық дәрежесін Абай отыз сегізінші сөзінде: «... ухрауи[i] пайдасын ғана күзетті. Ғашықтары сол халге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки, хисапқа алмады», - деп суреттеп, олардың бұл фәни дүниенің ықпалынан толық шыққандығын көрсетеді. Әулиелер – пайғамбарлар сияқты таза құлшылық жолындағы адамдар. Бұл дәрежеге адам өзінің тән емес, жан екенін бүкіл болмысымен сезінген кезде жетеді.
Бірақ таза құлшылық жолындағы бұндай әулие адамдар өте сирек. Өйткені ол жолда үлкен ынсап, зор талап қана емес, сонымен бірге, Құдайдың ерекше шапағаты да керек. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

[1] О дүние (ақырзаман).

Хакімдер Хакімдер
Абай ұстаздардың бұл тобындағы адамдар жайлы отыз сегізінші қара сөзінде былай дейді: «Олай болғанда хикмет Құдайға пенде өз ақылы жетерлік қадарін
Кәміл мұсылмандар Кәміл мұсылмандар
Абай рухани жетілу сатысының алғашқы деңгейіндегі адамдарды «кәміл мұсылман» деп атайды. «Мұсылман» арабтың «мүслим» деген сөзінен шыққан,
Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер
Құдай тағала барлық жан иелеріне мейірімді болғандықтан, Ол сұраған тілекті орындайды. Бұл Құдайдан нені сұрап, нені сұрамауды білудің маңызын
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×