ойын сауық отауы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер
12.09.2021 570 0 Admin

Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер

Әңгімелер
Абай айнасы – рухани кемелдену
Әулиелер
Құдай тағала барлық жан иелеріне мейірімді болғандықтан, Ол сұраған тілекті орындайды. Бұл Құдайдан нені сұрап, нені сұрамауды білудің маңызын көрсетеді. Құдайдан тілейтін тілек сұраушының рухани дәрежесіне байланысты материалдық болып, оны бұл фәни әлемге байлай береді, не болмаса, керісінше, рухани болып, оны одан босата алады.
Әулие – дүниені тәрк етіп, таза құлшылық жолына түскен адам. Абай ойы бойынша пенделіктің кәмәлаты осы әулиелік жолда ғана болатын болса, яғни күллі адамзат дүниені тәрк етсе, дүние ойран болар еді. Сондықтан әулиелікті Алла тағала әр пенденің маңдайына жазбаған. Белгілі бір рухани дәрежеге жетпей әулиелік жолға түсеміндеушілік – бұл адамның өзін басқалардан өзгеше көрсетпегі боп саналады. Адамның өз болмысын әуелі белгілі бір дәрежеде тазартып алмай рухани жолға түсуге болмайтынын данышпан былай деп түсіндіреді:
«Басына һәм бір өзіне өзгешелік бермек – адам ұлын бір бұзатын іс. Әрбір наданның бір тариқатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір болады» (отыз сегізінші сөз).
Бұл сөздерді дұрыс түсінудің қоғам үшін үлкен әлеуметтік - саяси маңызы бар. Рухани жолдағы адамдар туралы халық арасында көптеген алып - қашты сөздер көп. Себебі рухани адамның дәрежесін бірден анықтау қарапайым адамға оңайға түспейді. Сондықтан олар рухани адам мен олардың атағын жамылып жүрген жалған «әулиелерді» ажырата алмайды. Ал ол жалған «әулиелердің» мақсаты Құдай жолы емес, өз құрсағының қамы болғандықтан, олар халықты алдау жолына түседі. Олардың әулие сипатына келмейтін озбыр мінез - қасиеттерін көрген халық мұның себебін біле алмай дал болып, бүкіл әулиелерге қарсы шығады. Сөйтіп жалған әулиелердің көрсеткен жаман қылықтары нағыз әулиелерге теріс көзқарас қалыптастырады. Бұл олардың жағдайын қиындататыны соншалқы, тіпті кейбір жерлерде олар қудаланып, кейде жазаға да тартылады. Бұндай жағдай қай халықтың арасында болса да жиі кездеседі.
Әулиелерді қудалаудың зияны өте көп. Біріншіден, қудалаушылар оларға деген сенімін жойып алған соң, олардың беретін терең рухани дүниесін қабылдай алмайды. Ал бұл фәни әлемде рухани байлықтан жоғары ештеңе жоқ екені туралы Абай бабамыздың айтқандарынан жақсы білеміз. Екіншіден, әулилерге көрсеткен жаман қылық оны жасағандарға әлдеқайда үлкен әсермен қайтып келіп жазаға ұшыратады. Себебі әулиелер – Алла тағаланың ең сүйікті жарандары, сондықтан Ол өз сүйіктісін қорлағандарды жасаған күнәсіне сай жазалайды. Бұның дәлелі болатын әңгімелерді ислам елдеріндегі сопылар тарихынан көптеп табуға болады.
Сопыларды қудалауда «шала молдалардың» әсері де аз болған жоқ. Олар Құдай алдында «сырты бүтін, іші түтін» болып, нағыз руханилықты қабылдай алмауы халықты үнемі оларға қарсы қойды.
Абайда да, Шәкәрімде де сопыларды ұнамсыз сөздермен атаған жерлері бар. Ондай сөздерді оқығанда блар нағыз сопы емес, жалған сопылар туралы айтылған екенін ойдан шығармау керек. Себебі бұл екі данышпан да нағыз сопыларды жақсы түсініп, қолдай білген.
Абай мұрасынан, рухани жолға жету үшін, материалдық жолды өту керек екенін білеміз. Бұл – бірінші жол. Материалдық жетілу ең әуелі әркімнің өз табиғатынан берілген міндетті орындауы арқылы ғана болады. Әрбір адам бұл өмірде әке, ана, бала, дос - жора, азамат болу тәрізді түрлі орын алып, соған байланысты түрлі міндеттер атқарады. Адамзат қоғамының өркендеуі олардың осы міндеттерін дұрыс орындауларына байланысты екені белгілі. Ендеше, ең әуелі, әркім сол міндеттерін дұрыс орындап үйренуі керек. Бұл жетілу сатысындағы бір деңгейден екінші деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді. Адам эволюциямен осылай жетіліп, біртіндеп рухани сатыға көтеріледі.
Екінші жол – сопылық жол. Бірақ, таза ниеті мен соған сәйкес ынтасы болмаса, ондай адамдар өзіне де, қоғамға да зиянын тигізеді. «Әрбір наданның бір тариқақтқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегенімен бір болады» деген Абай сөзінен осыны ұғамыз. Ниеті тазармай, әулиелік жолды құлқыны үшін қабылдағандар өздерінің табиғи міндеттерін атқармай, қоғам өміріне кері әсер етеді. Сондықтан Абай былай деп ескертеді: «Бұлай болғанда малды кім бағадаы, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді?» (отыз сегізінші сөз). Сонымен бірге ондай адам күнәға батып, соған сәйкес өзінің жазасын алады.
Сонымен көпшілік қауымның түгелдей таза құлшылық жолына түсуіне мүмкіндік жоқ екені белгілі болды. Құдай шапағатын алмаған, яғни көкірек көзі ашылмағандар үшін Абай жаңағы сөзін былай деп жалғастырады: «Сахиб ниғметке[i] шүкіршілігің жоқ болса, әдепсіздікпен күнәкәр болмайсың ба?». Осылайша оларды өмірдегі өз орнын біліп, ретті өмір кешуге үйретеді.
Хакімдер көбінесе адамның ой - өрісі, мінез - құлқы сияқты нәзік материалдық болмысын тазартса, ал әулиелер адамның рухани болмысын тазартады. Хакімдердің іс - әрекеттері белгілі бір дін, ұлт аумағында болса, әулиелер бұл шеңберден шығып, бүкіл әлемдік ауқымды қамтиды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Байлық, дәулет иесі. Бұл жерде «Құдайдың бергені» деген мағынада

Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Жан иелері ләззаттанып, өмірдің рақатын көру үшін бұл әлемде де бірігеді. Бұл – материалдық бірігу. Рухани әлемде кішкентай жандар Жоғары Рух арқылы
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның имандылығы дамып, белгілі бір дәрежеге жеткенде оны бұл өмірдің қызығы жалықтырып, одан да жоғары ләззат барын сезе бастайды. Ол ізденіс
Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты Абай айнасы – рухани кемелдену: Сезім қанағаты
Абайдың он бесінші қара сөзінен есті кісі мен есер кісінің әрекетін салыстыруға болады. «Әуелі – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір
Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету Абай айнасы – рухани кемелдену: Дәулетке жету
Ақиқатында, дәулетке жету деңгейіндегі адамда терең рухани білім жоқ. Ол тек қана өмір заңдылығын бұзбайтын, адал еңбек етіп, адал өмір сүретін адам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×