ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Үнпаз
12.11.2021 716 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Үнпаз

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Үнпаз
1. Алға бастаушы көсем, шешен;
2. Сайрағыш құстарға қатысты айтылатын сөз.
Мысалдар:
1. Рухани басшылығымызды қайыра құрудың міндеті – бойында әу баста бар өз мүмкіндігіне сай өз заманының үнпазы, онда да жаңаша ойлап, жаңаша жаза алатын үншісі болу.
(О. Бөкеев шығармасынан)
2. Жарқыштанған тарғыл үн баяғыдағы үнпаз
дауыс емес, мүлдем жат, қорқынышты шықты.
(О. Бөкеев, Өз отыңды өшірме)
3. Дүниенiң ең бiр жазықсыз, аңқау үнпазы өз жұбайын шақырам деп, кiшкене сырын кең тау - тасқа да паш етедi.
(М. Әуезов, Абай жолы: 2 том)
4. Бармақтай үнпаз құстардың сазы қандай тамаша.
(Қ. Жұмаділов, Таңғажайып дүние)
5. Содан түн ортасы болмай - ақ сусындары қанған болу керек, әр үйден үнпаз әнші бектер ән қалықтата бастады.
(Тұрсын Жұртбай, Құнанбай)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Тауан Көркем сөздің құдіреті: Тауан
Күш - қуат, әл, дәрмен, жігер. Мысалдар: 1. Онда көп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан, Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!
Көркем сөздің құдіреті: Елту Көркем сөздің құдіреті: Елту
1. Улану, есіру, мас болу; 2. Елігу, желігу, масаю.
Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу
1. Өткір заттың жүзі қайырылу, майырылу, тұқылдану; 2. Беті/меселі қайту, сағы сыну; әлсіреу. Мысалдар: 1. Алмас қылыш қанша мықты болғанмен де, қара
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×