ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу
22.09.2021 814 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті: Мұқалу
1. Өткір заттың жүзі қайырылу, майырылу, тұқылдану;
2. Беті/меселі қайту, сағы сыну; әлсіреу.
Мысалдар:
1. Алмас қылыш қанша мықты болғанмен де, қара тасқа сала берсең, оның да жүзі мұқалады.
(I. Есенберлин, Алтын Орда)
2. Құрбың келсе құрысып,
Көрінгенмен ұрысып,
Қайраумен тілің мұқалып.
(Д. Бабатайұлы, Замана сазы)
3. Шалдығатын, шаршатпайтын жерлер де бар,
Шалдыққанға мұқалмас ерлер де бар.
(А. Байтұрсынов, Н. Қ. ханымға)
4. Ауыр тұрмыс адамның тауын шағып, мұқалтады екен.
(Б. Соқпақбаев, Өлгендер қайтып келмейді)
5. Саған айтам бір әңгіме көңіліңді бұратын,
Сейілтейін қауібіңді, мұқалмасын мұратың.
(М. Мақатаев, Құдіретті комедия [А. Данте])
6. Мұқалған, жасыған көңілі қайта жетіліп, ұшталып, қайралғандай болып еді.
(Қ. Жұмаділов, Тағдыр)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Әлет Көркем сөздің құдіреті: Әлет
1. Мезгіл, мерзім, кез, уақыт, уақ; 2. Жарық, сәуле, нұр; Айдың, күннің, жұлдыздың айналасын қоршаған сәуле.
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар
Көркем сөздің құдіреті: Мұғдар 1. Шама, мөлшер, уақыт; болжам; 2. Мұрша, әл, мүмкіндік.
Көркем сөздің құдіреті: Тақыс Көркем сөздің құдіреті: Тақыс
Қу, айлакер, әккі. Мысалдар: 1. Тайтұяқ алма күміс төбеңдегі, Қой жайғыш бая қуып тақыс шалдың Ұстады қойын, тоның шөгелдегі.
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа
Көркем сөздің құдіреті: Бітуажа Аралық дәнекер, келістіруші, мәмілеші, бітім жасаттырушы. Мысалдар: 1. Жемісті сайдың бойында, Бітуажа мен болып,
Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×