ойын сауық отауы
«Мен біліп едім» феномені: әлеуметтік психология мен парасат бір нәрсе ме?
20.01.2022 599 0 Admin

«Мен біліп едім» феномені: әлеуметтік психология мен парасат бір нәрсе ме?

Әңгімелер
Әлеуметтік жантану
«Мен біліп едім» феномені: әлеуметтік психология мен парасат бір нәрсе ме?
Әлбетте, адамның бет әлпеті нені білдіріп тұрғаны, біреуді бір нәрсе істеуге қалай мәжбүрлеу керек және біреуге дос ретінде қарау керек пе – осы туралы ойлану керек. Философтар, жазушылар мен ақындар әлеуметтік мінез - құлықты ертеден - ақ бақылап, сөз етіп келеді.
Ендеше әлеуметтік психология дегеніміз қиялдың жемісі ме? Әлеуметтік психологияны бір - біріне өарама - қайшы екі тұрғыдан сынға алады: бірі – онсыз да айқын нәрсені айтатын мылжыңдығы үшін, екіншісі – жетістіктерін адамдарды алдап - арбауға қолдануға болатын қауіптілігі үшін.
Әлеуметтік психология немесе басқа да қоғамдық ғылымдар кез келген адам ішкі түйсігімен білетін нәрсеге ресми реңк ғана бере ме?
Жазушы Каллен Мерфи (1990): «Әлеуметтік психологтер әлемге күннен - күнге тереңірек енуде. Олар адамның мінез - құлқы тура біз ойлағандай екеніне көз жеткізуде», - дейді. Жарты ғасырдан бұрын Шлезингердің кішісі – тарихшысы Артур Шлезингер (1949) әлеуметтік психологтердің Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық сарбаздармен жүргізген зерттеулерін әжуалап күлді. Әлеуметтанушы Пауль Лазарсфельд (1949) бұл зерттеулерді қарап шығып, былайша түсініктеме берді:
1. Білімді сарбаздардың білімсіздеулеріне қарағанда жаңа жағдайға бейімделуі қиын (көше тәрбиесін көргендерге қарағанда интеллектісі жоғарыдағылардың әскери күйзеліске төзімділігі төмен).
2. Оңтүстік теңізі аралдарындағы ыстық климатқа оңтүстік сарбаздары солтүстік сарбаздарына қарағанда шыдамдырақ (оңтүстіктегілер ысты ауа райына жақсы бейімделген).
3. Қатардағы ақ нәсілді сарбаздар афро - америкалықтарға қарағанда қызметте көтерілуге аса ынталы болды (қанаушылық жылдары жетістікке жетуге талпынуға теріс ықпал етті).
4. Оңтүстіктің афро - америкалықтары оңтүстіктің ақ нәсілді офицерлерін солтүстік офицерлерінен артық көрді (Оңтүстік офицерлері қара нәсілділермен өзара әрекеттесуде тәжірибелірек болды).
Сіз осы тұжырымдарды оқығанда олардың, негізінен, парасатты, мағыналы екенімен келісесіз бе? Солай болса, Лазарсфельдтің әрі қарай айтқандарына таңғалуыңыз мүмкін: «Осы әрбір пайым шын өмірде болған жайттарға қарама - қайшы». Шын мәнінде, зерттеу аса білімді емес сарбаздардың жаңа жағдайға бейімделуі өте қиын болатынын көрсетті. Оңтүстік тұрғындары тропикалық климатқа солтүстіктегілерге қарағанда азырақ бейімделген. Афро - америкалықтар ақ нәсілділерге қарағанда қызметте көтерілуге аса ынталы болған.
Егер біз зерттеудің нақты нәтижелерін бөліп көрсеткенде, алдыңғы кезекте (ал Шлезингер оларды білді), оқырман осы «анықтарды» белгілейтін еді. Бұл арадағы бір проблема – біз фактілерге олар белгілі болғаннан кейін қараймыз. Оқиғалар болып, өтіп кеткеннен кейін қараймыз. Оқиғалар болып, өтіп кеткеннен кейін ғана «анық», түсінікті болады. Эксперименттің нәтижесін білгенде, адамдарға әп - сәтте оларда таңданарлық ештеңе жоқ сияқты болып көрінеді. Адамдар эксперимент және оның мүмкін нәтижелері жөнінде айтқандарға қарағанда, анағұрлым аз таңғалатынын тәжірибе көрсетеді. Бұл тенденцияны 800 - ден аса рет зерттегеннен кейін хайндсайт қателік психологиядағы жақсы тұрақталған феноменнің біріне айналды.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

«Мен біліп едім» феномені: әлеуметтік психология мен парасат бір нәрсе ме? «Мен біліп едім» феномені: әлеуметтік психология
Әлбетте, адамның бет әлпеті нені білдіріп тұрғаны, біреуді бір нәрсе істеуге қалай мәжбүрлеу керек және біреуге дос ретінде қарау керек пе – осы
Әлеуметтік психология ұстанымдарын күнделікті өмірде қолдану Әлеуметтік психология ұстанымдарын күнделікті
Әлеуметтік жантану ойыңыз бен әрекетіңізді бағыттатйын көзге көрінбейтін ықпалдарға ие. Бұл ғылым саласы сізге өміріңіздің мәнін түсіндіреді.
Әлеуметтік ықпал мінез - құлықты қалыптастырады Әлеуметтік ықпал мінез - құлықты қалыптастырады
Біз – Аристотель айтқандай, әлеуметтік мақұлықтармыз. Біз басқа адамдардан үйренген сөздерді пайдаланып, соларша ойлап, сөйлейміз. Біз басқалармен
Біз әлеуметтік болмысты қалыптастырамыз Біз әлеуметтік болмысты қалыптастырамыз
Адамдар кез келген мінезді түсіндіруге, оның себебін анықтауға бейім, өйткені сонда ғана ол мінез ретке келгендей, болжауға болатындай және бақылауға
Әлеуметтік жантану ғылымы Әлеуметтік жантану ғылымы
Ертеде бір кісі болыпты. Оның екінші әйелі тәкаппар да өзімшіл жан екен. Әйелмен еріп келген екі қыз да – өркөкірек әрі қарақан басының ғана қамын
73 - қадам: заманауи білімдер (копирайтинг, таргетинг, smm, сату қабілеті) 73 - қадам: заманауи білімдер (копирайтинг,
Заман дамыған сайын кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуда. Оның бірден - юір себебі заман даму үстінде, жаңа технологиялар, ақпарат құралдарының жаңа
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×