ойын сауық отауы
Ақан сері деген екен...
03.02.2022 723 0 Admin

Ақан сері деген екен...

Әңгімелер
Шешендік сөздер
Ақан сері деген екен...
Ақан сері Науан хазіретпен Қожым Тінәлі қажының апалы - сіңлілі қызда­ры­на үйленген. Бажа. Бірақ екеуінің де әйел­дері қайтыс болады. Науан бір татар­дың қызына үйленеді, ал Ақан содан кейін үйленген ғой. Бір жылда.
Науан:
– Ақан, мен үйлендім. Сен неге кешігіп жүресің? – деп сауал салады.
Сонда Ақан:
– Қожым қызын алдық та болдық бажа, 
Екеуі де өлді ғой жетіп қаза. 
Сізде қандай сыр барын мен білмеймін, 
Бұл күнгеше мен өзім еттім аза. 
Кездеспей жүр сүйгенім ойымдағы, 
Қалыңдыққа сай келмей қайын жағы. 
Ала салсам сіз құсап абайламай, 
Теңсіздердің талайы дайын дағы. 
Ер дәулеті жақсы әйел еккен егін, 
Қалтқысыз - ақ келтірер ердің ебін. 
Ажарына құр бекер масаттанбай, 
Қарау керек зер салып ата - тегін. 
Ер серігі жақсы әйел деген ырас, 
Жақсы үлгісі балаға болар мирас. 
«Алып анадан туады», – дейді қазақ, 
Шақша бастан тумасын қалақша бас, – дейді.
Хазірет қатты қысылып: «Пай - пай, Ақан - ай! Бет - жүзіне қарамай кісіні қаз­балап тастайсың - ау! – депті».

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Деген екен: Ақан сері Деген екен: Ақан сері
Қыр елінде болған бір айтулы асқа келген Ақан сері Құлагерін бәйгеге қосқан ғой. Қанатты тұлпар топтан озып келеді. Бәйгеге тігілген жүз тұсақ қойды
Туыстық атаулар сыры: Бажа Туыстық атаулар сыры: Бажа
Бажа (ер) – апалы - сіңілілі қыздардың күйеулері бір - біріне бажа болады.
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Атақты Науан хазірет Ақан серімен бажа еді ғой. Содан да бір - біріне деген сый - құрметтері суыспаған ғой. Бірде Науан бажасына: – Ғалымтайыма қыз
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Ақан сері ел аралап жүріп атақты Мейрам болыстың үйіне түседі. Кіріп келіп сәлем бергенде, Мейрам болыс орнынан ұшып тұрып: – Қарауылдың саңлақ
С. Жүнісов / Ақан cері С. Жүнісов / Ақан cері
Әлбетте, «Ақан сері» романында Ақан Абай сияқты өмірге көзқарасы жаңа қалыптаса бастаған кезден емес, аз да болса, өмірдегі теңсіздік мәселесін
Көркем сөздің құдіреті: Басыр Көркем сөздің құдіреті: Басыр
1. Көз ауруы; көзге ақ түсіп, көрмей қалуы; 2. Еш нәрседен хабарсыз, бейхабар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×