ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Тарих және жазу
05.03.2022 763 0 Admin

Тіл тарихы: Тарих және жазу

Әңгімелер
Тіл тарихы: Тарих және жазу
Сөйлей білу – адам баласының бірегей қасиеті: тағы бір қасиеті – сурет салу. Адам салған ең ежелгі суретке қырық мың жылдай болды, ол – Еуропаның оңтүстігіндегі үңгіілерден және басқа да жерлерден табылған жануарлардың суреті. Қазіргі уақыт тұрғысынан қарасақ, мұндай жәдігерлер кенеттен пайда болатын сияқты көрінеді. Бірақ біз олардан бұрын жасалып, бізге жетпеген жәдігерлер туралы ештеңе білмейміз. Қалай айтсақ та, сол кездің өзінде - ақ адамдар мүсін, бояу, нақыштау, сурет салу және басқа да өнер түрлерін меңгерген.
Біреу сурет салса, біреу оны түйсініп қабылдаса, бұл да қарым - қатынас жасағанмен бірдей. «Басқалар көрсін» деп бейнелеудің мақсаты «басқалар естісін» деп сөйлегенмен бірдей. Өзіміз сияқтылармен қатыснас жасаудың екі жолы да – адам баласына тән бірегей қасиет.
Әрине, бұл екеуі – екі түрлі жолмен жасалатын іс - әрекет. Сурет салу сөйлеуден гөрі көп уақыт алады. Әйелдің суретін салу үшін бірнеше минут, бірнеше сағат немесе бірнеше күн кетуі мүмкін, ал «әйел» деп айту үшін жарты секунд жеткілікті.
Басқаша айтқанда, сурет көпке дейін шыдайды, ал сөз тек оны айтқан кезде ғана бар. Сурет пен сөз ұзақ уақыт мүлде екі бөлек сала болып саналды, бірақ бес мың жылдай бұрын адамзат тарихында өте маңызды революциялық өнертабыс пайда болды. Адамдар заттар мен мақұлықтарды бенелейтін сурет емес, сөздердің символын жасай бастады, оларды ретпен орналастырып, қайталап айтуға мүмкіндік алды.
Жазудың сыртқы сипаты бейнелеудің өзге түрлеріне ұқсас. Мәтін жазу – бір нәрсені айтудан анағұрлым баяу да күрделі процесс, бірақ жазу көп уақыт өмір сүреді. Ол өзгелерге басқаша жолмен жеткізуге болмайтын ақпаратты автор қайтыс болғаннан кейін де, ұзақ уақыт бойы қолжтеімді етеді. Жазылған мәтіндер бізге өткен заман туралы көптеген сенімді мәлімет береді, сондықтан ғалымдар тарихқа дейінгі және тарих басталғандағы кезең деп шекара қоюға бейім. Тарих басталғандағы кезең деп қоғамда жазу пайда болған кезді айтамыз. Ол бір жерде әртүрлі уақытта жүрді.
Зерттеушілердің көпшілігі «жазу бір - бірімен байланысы жоқ жолмен, кем дегенде үш рет ойлап табылды» дейді: біріншісі, б. з. д. 3000 жылдары Месопотамиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің жағасында. Екіншісі, б. з. д. 1500 жылдардағы Қытайда. Үшіншісі, б. з. д. III - IV ғасырлардағы Мезоамерикада. Алғашқы ойлап табылған жазу басқа жазулардың негізін қалаған бірден - бір өнертабыс болса керек. Кей ғалымдардың бұлай ойлауының себебі үш жүйенің басты қағидаттарының өте ұқсас болуымен байланысты. Бірақ олар бұл білімнің бүгінгі күнгі Ирактан Қытайға дейін өз жолында еш із қалдырмай, қалай жеткенін түсіндіріп бере алмайды. Колумбтың дүниеге келуіне әлі екі мың жыл бар кезде бұл жазуды таратушылар Атлант немесе Тынық мұхитынан қалай жүзіп өткен? Зерделек, «автономды шығу» деген идея дұрыс тәрізді.
Сол кездегі ақпарат туралы ойдың бәрі белгілі бір мәтіндерге негізделген, ал мәтін тек жазуы бар қоғамда жазылады. Біз одан бұрын не болғанын біле алмаймыз. Сол заманда үш - төрт жер ғана жарық болып, қалған жердің бәрін түнек басып тұрған сияқты ойда қаласың. Бірте - бірте жарық басқа жерлерге де тараған, сөйтіп, ақырында, адам баласы тіршілік ететін бүкіл әлемді жарықтандырған. Бұл процесс өте баяу жүрген, көп аймақтар жазу дегеннің не екенін осыдан жүз жыл бұрын ған естіді.
Жазу көзге бірден түседі. Жазу тарихтың міндетті түрде болуы керек шарты емес, дегенмен тілді жазу ғана қалыптастырады.
Жазба мәдениеттің алғашқы үш отаны ұзақ уақыт бір - бірінен тәуелсіз дамыған, бір - бірімен еш қарым - қатынас болмаған. Жазу өнері әлемнің көптеген бөлігіне алғашқы екі ауданнан таарған, ал Мезоамерика жазуы тек шектеулі аумақта ғана жүзеге асты. Ол туралы білім XVI ғасырдағы Еуропа басқаншылығынан кейін жойылып кетті. Тек соңғы онжылдықтарда ғана құпиясы қайта ашылды.
Осылайша әлемнің жазу жүйесі тек екі жерден шыққан: Батыс Азия, Еуропа және Африкадағы жазудың бәрі Месопотамиядағы Шумерден тараған, ал Шығыс Азия елдеріндегі жазудың бәрі Қытайдан бастау алады. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған? Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған?
Хойсан тобына он тіл кіре ме, жиырма тіл кіре ме, австралиялық тілдер 250 ме, 700 бе? Бұл жөнінде ұзақ айтысуға болады, неше түрлі тіл көп екені ғана
Тіл тарихы: Тіл не себепті пайда болды? Тіл тарихы: Тіл не себепті пайда болды?
Тілдер қалай пайда болды деген сұрақ туындайды, ал бұл қисыны қиын мәселе. Адамзат тілі – өзара байланыстың ең жақсы дамыған және ең бейімделгіш
Қырық мың жыл бұрын ба, екі миллион жыл бұрын ба? Қырық мың жыл бұрын ба, екі миллион жыл бұрын ба?
Ақиқатында, археология бізге әртүрлі кезеңдерде қолданылған тастан және сүйектен жасалған құралдар туралы мәлімет береді. Мүсін, гравюра және
Иероглифтер Иероглифтер
Мысыр иероглиф жазуы көбінесе сурет салу арқылы жазу деп қарастырылады. Таңбалардың көбі, расында да, бір нәрсенің мағынасын айқын береді, таңбаның
Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер Тіл тарихы: Үндіеуропа тобындағы тілдер
Бұл тілдер қалай тарады? Бүкіл үндіеуропа тілдеріне тұтастай қарасақ, бұл сұрақ күрделеніп кетеді. Герман және славян тілдерінің осыншама кең аймаққа
Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады
Күн сайын ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады екен. Музыка әлемді әрлендіреді. Ол адамды ауру мен күйзелістен құтқарады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×