ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Тіл не себепті пайда болды?
12.01.2022 1 571 0 Admin

Тіл тарихы: Тіл не себепті пайда болды?

Бұл қызықты
Тіл тарихы: Тіл не себепті пайда болды?
Тілдер қалай пайда болды деген сұрақ туындайды, ал бұл қисыны қиын мәселе.
Адамзат тілі – өзара байланыстың ең жақсы дамыған және ең бейімделгіш жүйесі. Ол жүйелердің басты ерекшелігі – қандай да бір хабарды қаншалықты күрделі болғанына қарамастан, өте жылдам һәм тиімді жеткізе алуында. Олардың күрделілік деңгейі, әртүрлілігі және бейімделгіштігі – өзге сүтқоректілер қолданатын байланыс құралдарынан қаншалықты өзгеше екенінің мысалдары. Десек те бірнеше ұқсастық бар. Біз қолданатын сигналдар – ауыз арқылы шығатын дыбыстар, біз тыныс алғанда, ауа жоғарғы тыныс алу жолдарында резонанс туындатады. Көптеген сүтқоректілер де дыбысты осындай жолмен шығарады. Ит үреді, мысық мияулайды, тышқан шиқылдайды, жылқы кісінейді, маймыл әртүрлі дыбыстар шығарып, «сөйлеседі». Негізінен, бұл дыбыстардың бәрінің жасалу жолы бірдей. Генетикалық жағынан байланысты көптеген түрлер дыбысты бірдей жолмен шығаратындықтан, адамның алдындағы түрлер де осылай әрекет еткен сияқты, яғни олар біздің дамып, жетілуімізден көп бұрын сөйлеген тәрізді.
Өзге сүтқоректілер шығаратын дыбыстар да сол түрге жататын басқа жануарлармен түсінісу үшін қолданылады. Біздің тілімізден айырмашылығы – олардың сигнал беру жүйесі аса бір дами қоймаған. Әр түрдің әрқилы бірнеше дыбыс шығара алатыны, сөйтіп, олардың түрлі хабарларды түрлі деңгейде жеткізе алатыны рас. Иттің қауіп, қорқыныш, ұнату және басқа да бірнеше сезімін білдіру қабілеті бар. Жануарлардың қарым - қатынасын зерттейтін адамдар көптеген түрлердің ондаған әртүрлі сигналды пайдаланатынын тапқан. Маймылдар мен приматтардың бірнеше түрінде ондаған ерекше дыбыстан тұратын әжептәуір жүйе қалыптасқан. Бір қызығы, көптеген басқа маймылдармен салыстырғанда, шимпанзелер мен боноболар қарым - қатынас үшін мұндай жүйені қолданбайтын тәрізді.
Адамның сөйлеуі басқа түрлердің дыбысынан көп ерекше. Барлық өзге жануарларға тән өте маңызды айырмашылық – бір дыбыстың бір нақты хабарды білдіруінде. Бұл ықтимал хабарлар санының өте шектеулі екенін көрсетеді. Егер жүйеге жаңа хабар енгізу керек болса, жаңа дыбыс ойлап табу керек. Алғашқы бірнеше ондаған дыбыстан кейін жаңа, ерекше дыбыс ойлап табу да, сондай - ақ оларды келесі жолы еске түсіре алардай етіп, есте сақтау да қиын.
Адам тілі саны шектеулі дыбыстарды саны шектеусіз хабарлармен араластыру принципіне негізделген. Орта есептегі тілде өзіне тән 30 - 40 шақты дыбыс бар. Бұл дыбыстарды тіркестіріп, сансыз көп сөз құрастыруға болады. Тіпті бір айтқанда бір - ақ сөз айта алатын кішкентай сәбидің өзі кез келген өзге түр пайдаланатын жүйелерден анағұрлым дамыған жүйені қолданады. Сөздердің саны шексіз, ал өзге жануарлар тек шектеулі сигналдар топтамасына ғана ие.
Оған қоса, адам баласының тілі бірнеше сөзді біріктіріп, тағы бір нәрсе айтуға мүмкіндік береді. Осындай процестің арқасында көп сөз қолданбай - ақ, өте көп сөйлем құрай аламыз. Біздің тіліміздің бұл негізгі қасиеті өте күрделі және терең ойды жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде қандай да бір хабарды жеткізуде еш теориялық шектеу жоқ. Адам айтқысы келген кез келген ойын жеткізе алады.
Осы себепті эволюциялық теория тілдерге байланысты һәм басқа да көптеген бірлескен әрекеттерде қиындықтарға ұшырайды. Дилемманың соңғы шешімі былай дейді: сөйлей алатын адамдар өтірік айтып, пайда табады: адамдар өзгелерге өсек айтып, өздерін қоғамда орнықтырады; өз пайдасына қызмет ететін жораларды ұстанады – тілдер сондықтан дамиды. Бұл идеялар туралы бір ғана нәрсені сеніммен айта аламыз: жоққа шығару қиын. Анық дәлелдер болмаған жағдайда, екіұштылық жалғаса бермек.
Тілдің неге дамығанын білу мүмкін еместей. Оның қалай дамығаны туралы ойлау сәл оңайырақ сияқты көрінеді. Бірақ тілдердің екі іргелі қасиеті дәйекті дамуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда бірінші қадам – шектеулі дыбыстардан шексіз сөз жасау әдісі. Бұл әдіс өте ұзақ уақыт бойы бірте - бірте дамыды.
Ондай тіл өте пайдалы болуы ықтимал. Егер дәл осы жерде және дәл қазір болып жатқан нәрсе туралы айтуға қанағаттанатын болсаңыз, «бұғы», «таста!», «жақсы!», «кес!», «қуыр!», «түс» тәрізді оқшауланған сөздер тәп - тәуір қызмет етуі мүмкін. Қазіргі кезде кейбір тұйық адамдар сөйлеуге мұқтаж болғанда, осылай сөйлегенді дұрыс көреді және олар әдетте айтайын деген ойын жеткізе алады.
Тек бір жерде бір нәрсенің жоқ екенін айтқысы келгенде, қиындық туындайды. Айталық, серігіңізге «жидекті басқа жерден терейік» деген ойыңызды жеткізу үшін «Таңқурай!» деп айту жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жерде сөйлеп, қолмен нұсқап көрсетіп немесе екі ауызша хабарды біріктіріп, «Таңқурай! Кел!» немесе «Таңқурай! Анау жерде» деген сияқты сөйлем айту керек. Бұл екі сөз арқылы сөйлеу әрекетіне жол ашылған кезден бастап, есімдігі, етістіктің райы, бағыныңқы және басыңқы сөйлем мүшелері бар толыққанды сөйлемдер пайда болды. Әрине, мұндай жағдайға бірден жеткен жоқ, бірақ тілдер бірнеше мыңдаған жыл бойы бірте - бірте дамыды. Келе - келе олар күрделеніп, тіл болашақ пен өткен шақ туралы да, бүгінгі күн туралы айту үшін де қолданылды.
Яғни біздің ата - бабаларымыз миллиондаған жылдар бойы анағұрлым жетік жолмен хабар алмасып келген. Адамзат тілі сол миллондаған жылдардың бір бөлігінде ғана қолданыста болған күннің өзінде, тілдің көмегімен қатынас жасағаны анық. Тілдің дамуына сөйлеу мүшелері мен мида өзгерістер енетіндей өте ұзақ уақыт кеткен болса керек.
Сөз қолдану қабілеті алғаш тас құралдарды пайдаланған кезден бір немесе екі миллион жыл бұрын бірте - бірте дамуы мүмкін. Тіл жүйелерінің түрлі грамматикалық категориялармен әрленуі 100 мың жыладй бұрын толық дамып бітуі ықтимал.
Қалай болған күнде де, біз қазір қолданып жүрген тілдер кем дегенде 40 мың жыладй бұрын пайда болған. Адамдар терімші мен аңшы болып, сүйек пен тастан жасалған еңбек құралдарын қолданған жоғарғы палеолит дәуірінің өзінде тілдер толық дамып, сөздік қоры, күрделі сөйлемдері бар болатын және бүгінгі тілдерде бар бүкіл қасиетке ие еді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қырық мың жыл бұрын ба, екі миллион жыл бұрын ба? Қырық мың жыл бұрын ба, екі миллион жыл бұрын ба?
Ақиқатында, археология бізге әртүрлі кезеңдерде қолданылған тастан және сүйектен жасалған құралдар туралы мәлімет береді. Мүсін, гравюра және
Тілдік топтар қалай қалыптасты? Тілдік топтар қалай қалыптасты?
Үндіеуропа және банту тілдері туралы аз айтылмады. Екі жағдайда да бірнеше мың жыл бұрын әлемнің едәуір бөлігінде бір тіл тобы үстемдік құрды.
Тіл деген не? Тіл деген не?
Тіл қалай пайда болады? «Тіл» деген сөз әртүрлі мән мәтінде, әртүрлі мағынада қолданылады. Бірақ оны «ағылшын тілі» мен «жапон тілі» деген сияқты
Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады? Хойсан тілдеріне қанша тіл жатады?
Сан халықтары сөйлейтін хойсан тобына көп тіл жатады, олардың нақты қанша екенін және қалай аталатынын анықтау оңай жұмыс емес. Оларды зерттеуші әр
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Сарғайған тістерді қалай ағартудың және тіс тастарынан құтылудың жолы қандай? Сарғайған тістерді қалай ағартудың және тіс
Маржандай тізілген әдемі тіс және мықты сау тістер – кез келген адамның арманы. Бірақ дұрыс тамақтан ішпегендіктен, зиянды әдеттерден, дәрі -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×