ойын сауық отауы
Бекболат би деген екен...
25.04.2022 1 959 0 Admin

Бекболат би деген екен...

Әңгімелер
Шешендік сөздер
Деген екен...
Бекболаттың жас кезі екен. Бір жолы Абылай хан оны үлкен бір дауға жүмсапты. Алшынның билері игі жақсылары оны күтіп алады. Әңгіме сөзге салып көреді. Бекболат әкесі Қаз дауысты Қазыбекке ұқсап, шешен сөйлеп отырады. Кіші жүздің биі:
- Мұны сөзден жеңе алмайды екенбіз. Өзі кара суша ағып тұр екен. Ишара, түсінігін байқап көрейік депті де:
- Екі қолын айқастырыпты. - Бекболат "құп болады", депті. Анау: Қолын сермеп - сермеп қояды. - Бекболат '"кұп болады" депті. Анау: Екі қолын түйістіріпті. - Бекболат "Құп болады" депті. Енді Бекболат: Он саусағын көрсетіпті. — Алшынбай "құп болады" депті.
Екі жағы "дау шешілді" деп, таркасыпты. Бекболат жігіттерімен елге келеді. Абылай хан әуелі Бекболаттың қасына еріп барған жігіттерді шақырып сұраса, олар:
- Біз ешнөрсесіне түсінбедік. Ол елдің биі қолымен ишара қылды. Бекболат "құп болады" деп отырды, - дейді. Бір жігіт:
- Өзінен сұраңыз, - деп Бекболатты ханға шақырып келеді. Сонда Абылай:
- Дау шешімін тапты ма? - деп сұрайды.
- Дау тез шешілді, - дейді Бекболат.- Көп айтыс - тартысқа бармадық. Ол елдің биі:
- Екі қолын айқастырды - бұл оның алысуға жараймын дегені еді. Мен "кұп болады, мен де дайынмын" дедім. Ол:
- Екі алақанын жұмып - ашты. Бұл оның: Ашсам - алақанымда, жүұмсам - жұдырығымда, татуласайык дегені еді. Мен "кұп болады" дедім. Ол:
- Қолын сермеп - сермеп ишара қылды. Бұл оның;
- Қылыш сенде де бар, менде де бар, кылыш сермемей - ақ қояйық, - дегеі еді. Мен оған да "құп болады" дедім. Ол:
- Екі қолын түйістірді. Онысы: құшақтасып дос болайык, - дегені еді Мен "кұп болады" дедім де, оган он саусағымды көрсеттім. Мұным:
- Олай болса, он күн ішінде тарту - таралғынмен Абылай ханнын алдыні бар, - дегенім еді. Ол "кұп болады" деді. Мінекей хан тақсыр. Ол дау осылаі бітті. Енді Алшын аулынын адамдарын күтіңіз, кешікпей келіп қалар, - депті Бекболат би.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Не тәтті? Не тәтті?
"Байдалы қартайып төсек тартып жатыр" дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның
Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты
Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай: "Аралбайдан туған Бөйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады.
Жақсы есім таңдау Жақсы есім таңдау
Адам ата мен Хауа анаға Жаппар Хақ бір бала беріпті. Екеуі кей кездері балаға таласып қалады екен. Бірі: – Менің балам, – десе, бірі: – Менікі, –
Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы Шындәулеттің Жәнібекті сөзден тосуы
Қазақ орысқа бағынышты болатын кезде орыс патшасына Әбілқайыр хан мен Жәнібек Қошқарүлы бастаған 41 кісі барған екен.
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Бөлтірік шешен бір жазда Тезек төреге барады. Бөлтіріктің шешен, ділмәр ақын әрі батыр екенін сыртынан есітіп жүрген Тезек оны бар ықыласымен сыйлап,
«Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ шығар… «Қатын» сөзін Мұқағалидан асып талдаған ешкім жоқ
Бірде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев көшеде такси ұстап тұрса, қасына бір такси тоқтаған екен. Сонда Мұқағали: — Шопыр бала, Шопыр бала! Машинаң да
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×