ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Аристотель
29.08.2021 603 0 Admin

Құдайтану баяны: Аристотель

Аңыздар
Құдайтану баяны: Аристотель
Платон ғаламның құрылымы рационалды деп есептеді және осы арқылы келесі бір мифті, яғни әлем туралы болжам айтатын концепцияны дүниеге әкелді. Аристотель (б. д. д. 384 - 322) осы бағытта тағы бір қадам жасады. Ол логикалық ой машығының кез келген ғылымның негізі ретіндегі маңызын алғаш болып бағалады және осыжолмен бүкіл әлемді тануға болатынына сенді. Аристотель «Метафизика» деген жалпы тақырыппен ақиқатты теориялық тануға арнаған он төрт трактатынан бөлек, теориялық физика мен эмпирикалық биологияны зерттейді. Осының бәріне қарамастан, Аристотель өте қарапайым болды. Ол «өз бетінше ешкім де ақиқатты тани алмайды, бірақ әркім білімнің жалпыадамзаттық қазынасына өзінің үлесін қоса алады» деген. Платон еңбектеріне ол біржақты қарамаған – мәселен, платондық трансцендентті пішіндер көрінісіне қарсылық білдіреді және олардың мәңгі әрі тәуелсіз өмір сүру тезисін жоққа шығарады. Аристотель «пішіндер (формалар) біздің әдепкі әлемнің нақты материалдық объектілеріне енген кезде ғана шынайылыққа ие болады» деген пікірде болған.
Ғылыми деректер мен «жербетілік» көзқарасқа ықылас білдіргеніне қарамастан, Аристотель дін мен мифологияның табиғатын және маңызын жіті түсінген. Ол қандай да болсын діни құпияларға бойлаған адамдардың фактілерді зерттемей, «белгілі бір сезімдерге бөленіп, белгілі бір рухани халді бастарынан кешірулері керек екенін» айтқан. Бұл ой оның қайғылы жағдай қорқыныш пен аяушылық сезімдері арқылы тазару – катарсисті тудырады деген әйгілі әдеби теориясының көтеріп, қайта тірілгендей күйге бөленеді. Бастапқыда діни мейрамдардың бір бөлшегі болған көне грек таргедиялары тарихи оқиғалар туралы шынайы әңгімелерден құралды деп айта алмаймыз; бастысы, оларда терең ақиқатты ашу дәріптелді. Жылнамалық тарих поэзия мен мифке қарағанда мейлінше қарапайым болды: «... бірінші (тарихшы), шындығында, болғанды айтады, ал екінші (ақын) болуы мүмкін нәрсені айтады. Сондықтан поэзия тарихқа қарағанда, философиялық және маңызды сипатқа ие: поэзия жалпыны айтса, тарих жалқыны айтады». Тарихи Ахилл немесе Эдиптің болмауы да мүмкін еді, бірақ олардың ғұмырбаяндарының шынайылығының еш мәні жоқ, себебі Гомер мен Софоклдың кейіпкерлері адам туралы терең ақиқаттарды қозғайды. Катарсис туралы Аристотель теориясы трагизм ықпалымен ақиқаттың философиялық анықтамасы ретінде көрінсе, оны Homo religiosus үнемі іштей сезінетін: оқиғаларды символдық, мифологиялық немесе ғұрыптық тілмен беру, қазіргі өлшеммен түкке тұрмаса да, оларды нәзіктік сыйлап, ұнамды да таза нәрсеге айналдырды.
Құдай туралы аристотельдік түсініктер кейінгі монотеистерге, әсіресе Батыс христиандарына қатты ықпал етті. «Физикада» ол шынайылық табиғаты, әлемнің құрылымы мен құрамы туралы толғайды. Аристотель эманация арқылы жарату туралы көне аңыздардың өзіндік философиялық нұсқасын жасап шығарады: ол әрқайсысы өзіне дейінгі сатылардың қозғалысын анықтайтын болмыстардың сатысын құрады. Эманация туралы аристотельдік теорияның көне мифтерден айырмашылығы сонда – ол алғашқы қайнар көзден алыстаған сайын көмескілене береді. Тізімді «Қозғалмайтын Қозғаушы» бастады, оны Аристотель Құдаймен теңестірді. Бұл Құдай таза Болмыс болғандықтан, мәңгі өзгермейтін және руханилыққа толы болды. Құдай – бұл таза ойлау, сонымен бірге ойлаушы және сол ойдың өзі; Ол танымның жоғары объектісі – Өзін - Өзі бейнелеудің мәңгілік сәтінде болады. Материя өзгермелі және өткінші болғандықтан, болмыстың жоғары деңгейлері ешқандай материалдыққа ие емес. Қозғалмайтын Қозғаушы – ғаламдағы кез келген әрекеттің қайнар көзі, өйткені әрбір қозғалыстың себебі бар, ал оның – өз себебі осылайша алғашқы себеп болуы керек. Құдай әлемді еліктіру арқылы қозғалысқа келтіреді, өйткені барлық жаратылыс Болмысқа ынталылық сезінеді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Йога философиясы Құдайтану баяны: Йога философиясы
Егер Брахман әрбір жанның ішінде болып, жанымен тұтасып кетпегенде, бұл сияқты құдайлық күш адамға мүлде бейтаныс болып қала берер еді.
Құдайтану баяны: «Медиандық теория» Құдайтану баяны: «Медиандық теория»
Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы «Медиандық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×