ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Йога философиясы
22.05.2021 1 344 0 Admin

Құдайтану баяны: Йога философиясы

Аңыздар
Құдайтану баяны: Йога философиясы
Әуелгіде
Егер Брахман әрбір жанның ішінде болып, жанымен тұтасып кетпегенде, бұл сияқты құдайлық күш адамға мүлде бейтаныс болып қала берер еді. Йога философиясы адамға өзінің ішкі әлемін тануға мүмкіндік береді. Соңында тәннің ерекше қимыл қалыптары, тыныс алу мен тамақтану ұстанымдары, ақылды жұмылдыру тәсілдері бір - біріне тәуелсіз түрде басқа мәдениеттерде де дамығанын көретін боламыз. Сөйтіп, йогтар көкірек көзін ашатын және нұрландыратын. Бұл халдер түрлі жолдар арқылы түсіндірілгенмен, олардың табиғи сипатына еш күмән келтірілмеді. Упанишадтар тұжырымынша, адамның өз жанын жаңа өлшемде сезінуі осы әлемнің діңгегі саналатын қаиетті күштің көрінісі іспетті. Адам жанының мәңгі бастауын «Атман» деп атаған. Пұтқа табынушылардың тұтас көне дүниетанымының жаңа түрі, әрбір нәрсені жәе әркімді толтырып тұрған Біртұтас Құдайлық Өмірдің жаңа атауы – осы. «Чхандогья - упанишад» бұл ойды тұз туралы астарлы әңгімемен ұғындырады. Шветакету деген бозбала Веданы он екі жыл бойы зерттейді және өз ақылын өте жоғары бағалайды. Бірақ әкесі Уддалака өз сұрағымен оны тығырыққа тірейді. Баласы жауап бере алмайды; кейін әкесі оған бұрын білмеген негізгі ақиқатты үйретеді. Уддалака ұлынан судың ішіне бір шөкім тұз салуын және таңертең келуін өтінеді. Келесі күні таңертең әкесі баласына тұзды ыдыстағы сұйықтан бөліп алуға бұйырады, бірақ Шветакету мұны істей алмайды, себебі ұнтақтар із - түссіз еріп кеткен еді. Уддалака оған тағы бірнеше сұрақ қояды:
Әкесі былай дейді: - Мұны (суды) тіліңмен жалап көр, қандай екен?
Тұзды.
Оның түбін татып көр, қандай екен?
Тұзды.
Ортасын татып көр, қандай екен?
Тұзды.
Оны қоя тұр дағ маған жақында.
Ол солай істеді де, былай деді: «Ол барлық жерде бірдей». Әкесі оған былай деді: - Шындығында, сен, қаарғым, Болмысты қабылдай алмай тұрсын, (бірақ) ол – осында. Міне, осы нәзік (болмыс) – бүкіл бар болмыстың негізі, Ол – ақиқат, Ол – Атман. Сен Онымен біргесің, Шветкету!
Осылай Брахман көзге көрінбесе де, бүкіл әлемді толтырып тұр. Ол мәңгі барлы нәрседе. Адам жанындағы Брахман – бұл әрбіріміздің ішіміздегі Атман.
Атман Құдайдың адамдар өздерінің қорқынышы мен тілектерін сыйғыза алатын сыртқы (арғы жақтағы) Шындыққа, пұтқа айналуына кедергі болды. Сондықтан индуизмде Құдай бізге мәлім әлемнің бір Болмысы емес, яғни ол әлемге тең емес. Бұл құпияны ақылмен тани алмайсың. Ол тек ерекше халдерде (анубхара) «ашылады». Ол халдерді сөзбен және оймен білдіре алмайсың. Брахман «сөзбен танылатын нәрсе емес... Ақылмен ойлана алатындай да емес...». Барлық нәрседе бар Құдаймен қалай сөйлесуге болады? Ол туралы ойлаудың өзі Оны заттар немесе идеялардеңгейіне түсіріп жіберсе, Оны қалай ойлаймыз? Бұл – даралықтың бәрінен арылып, шынайы қабылдау ләззаты арқылы танылатын ақиқат.
«»Брахманды) түсінбегендер, солар түсінеді, кім түсінсе (Оны), сол Оны білмеген. (Ол) танығандармен танылмаған, танылмағандармен танылған.
Оянғандар арқылы Ол танылады, себебі (сол арқылы адам) мәңгілікке жетеді».
Құдайлар сияқты, ақыл да жоққа шығарылмайды; алайда одан асып түсіп, биігірек самғамақ лазым. Брахман - Атманды қабылдау музыканы немесе поэзияны ақылға салып түсіндіруден артық емес. Өнер туындысын жасау немесе оны бағалау үшін ақыл қажет, бірақ бұрқаған сезім таза логика мен сананың ернеуінен тасып, төгіледі. Осы бір тәжірибені жеткізе алму құдайтанудың бүкіл тарихында опық жегізген. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз
Құдайтану баяны: «Медиандық теория» Құдайтану баяны: «Медиандық теория»
Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы «Медиандық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Жақып Вефилден кетпес бұрын, көзбен көрген Құдайын өзінің элохимі етуге шешім қабылдайды; бұл ұғым өз бойына адамдардың құдайлардан қаншалықты мән
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×