ойын сауық отауы
Тілдердің сыпырылысуы
18.09.2021 411 0 Admin

Тілдердің сыпырылысуы

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Тілдердің сыпырылысуы

Адамдарды әлемдік топан судан құтқарған тақуа Жайық - Нама дүние салып, Көкке ұшып кеткеннен кейін таудың солтүстік беткейлерінде орман - тоғай өсіп, халық көбейді. Олардың барлығы бір тілде сөйледі. Енді адамдар жер бетін тағы да топан су алып кете ме деп қорқып, жан сақтау үшін биік тау тұрғызуға бекінді. Адамдардың бұл әрекеттері Үлкен Тәңірге ұнамады. Ол сол тауға жойқын дауыл жіберіп, адамдарды да, тастарды да қаңбақтай домалатып ұшырды. Әйткенмен, адамдар алған беттерінен қайтпады, тастың үстіне тас қойып, тауды тұрғыза берді. Олар таудың айналасында жетпіс жеті қосынға жайғасып, қайсарлана еңбек етті. Тек Тянар дейтін кісі ғана қарсылық етіп: «Сендер тау тұрғызып, Құдай алдында зор күнә жасап жатырсыңдар. Мен бұған келіспеймін, тау тұрғызуға қарсымын!» - дейді. Осыны айтып, белгісіз жаққа кетіп қалады.
Қайтып оны ешкім көрмейді.
Тянардың сөзіне адамдар құлақ салмады. Ақыры Үлкен Тәңірдің өзі оларға: «Сендер мені де және менің елшім Тянарды да тыңдамадыңдар. Сол үшін жаза тартып, әр түрлі тілде сөйлейтін боласыңдар!» - дейді.
Осыны айтуы мұң екен, адамдар түсініксіз, бір - біріне ұқсамайтын әр түрлі тілде сөйлей жөнелді. Бір - бірін ұқпай естері шыққан олар жұмыстарын тастап, бастары ауған жаққа безіп кетті. Осылайша жетпіс жеті қосыннан жетпіс жеті халық тарады. Мұны көрген Еркілік сайтан жау жағадан алғанда ол етектен жармасып, жетпіс жеті жұрттың әрқайсысына өзінің ерекше ауру - сырқауларын таңды. Сөйтіп ол барлық халықтарды тағы да бағындырып, меңгермекші болды.
Еркілікке қарсы күресіп, тайталасқан Үлкен Тәңір жетпіс төрт халықтың сауатын ашты. Ал үшеуін (сойондар, ұраңқайлар мен тувалар) сауатсыз қалдырды. Мұның себебі, бұл үш халық Еркілік сайтаннан даң - дабыл мен бақсылықты алған болатын.
Сондықтан Үлкен Тәңір оларға: - Дәрі - дәрмектің орнына бақсыларың бар, кітаптың орнына тәуіптерің мен дабылдарың бар, өз жағдайларыңды қалай шешсеңдер де енді өз еріктеріңде, - депті.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау
Адамзат өмірінің тарихы ұзаққа созылған сайын дүние күнәға батып, жамандық қанат жая түседі. Пенделерінің күнәсі батпаңдап көбейгендіктен қасиетті
Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы миф Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы
Жайық – Үлкен тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір оны адамзатты барлық жамандық пен
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, Құдай тарапынан белгі алған Нұх
Екі данышпан Екі данышпан
Баяғыда екі данышпан адамдардың қалай өмір сүріп жатқанын білмек болып әлемді аралап жолға шығыпты.
Қабағы таудың қатулы Қабағы таудың қатулы
Қабағы таудың қатулы, Қар жауа ма, қайтеді?! Бұлақтар мұңға батулы, Мұз тұра ма, қайтеді?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×