ойын сауық отауы
Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау
04.09.2021 575 0 Admin

Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау

Адамзат өмірінің тарихы ұзаққа созылған сайын дүние күнәға батып, жамандық қанат жая түседі. Пенделерінің күнәсі батпаңдап көбейгендіктен қасиетті құдай Үлкен Тәңір адамдардан қашықтай береді. Ол өзінің көгіне өрлеп, бара - бара суық тартып, адамдардың дұғаларын естімеу үшін құлақтарын тығындап алады. Керісінше, Еркілік тозақтан бірте - бірте жоғарылап, жердің үстіңгі қабатына, адамдарға жақын тұрған Қарашқа көтеріледі.
Тіршіліктің соңына қарай Еркілік жерге тақалып келеді, ал Қараш жердің үстіне шығады. Сол кезде халық Үлкен Тәңірді ұмытады.
Жердің жоғарғы қабатына көтерілген Қараш пен сонда мекендейтін Тепқара адамдар жөнінде қатты ашуланып айтысады. Қараштың соңынан көмекке, адамдарды жауламаққа жер үстіне Керей хан шығады. Сол уақыттарда Тәңір Көктен Манғышөре батырды түсіреді. Тепқара мен Қараш өзара дауласып жатқанда, Маңғышөре Керей ханның денесінің парша - паршасын шығарып, оны зарлатады.
Керей ханның зарын естіп, оның Маңғышөреге төттеп бере алмағанын біледі де, Еркілік сайтан жер үстіне шығып, батырды өлтіреді.
Үлкен Тәңір өзінің сенімді батырының қазасын көріп, енді жерге Майтөре батырды аттандырады. Оған мынадай өсиет айтады: «Бар, бірақ ешкіммен шайқасқа түспе, тек адамдар Еркілікке көңілдерін бұрып кетпесін, содан сақтандырып, үгітте. Әлбетте, сайтан да қарап жүрмес, оларды тек өзіне ғана мойынсұнуға азғырады. Байқа, ашу үстінде Еркілікті немесе оның батырларының біреуін өлтіріп қойма. Ол үлкен күнә болады. Одан да, Еркілік сені өлтірсін. Өлімнен қорықпа. Сенің еш жерің ауырмайды. Содан кейін өзім келіп, Көкке алып қайтамын».
Көктен Майтөре түсетін уақыт та жетеді. Еркілік оның көзінше адамдарды өзіне бойұсынуға мәжбүрлеп, былай дейді. «Кім маған бой ұсынса, сол менің ерікті қызметшім болады. Ал кімде - кім маған бағынбаса, маған сенбесе, сан түрлі азап шегіп қиналады».
Еркілік өзіне бойұсынғандардың барлығын жіңішке сымға тізеді, ал, бағынбағандарды отқа тастап, темір шыбықпен ұрады, найзамен түйрейді. Адамдарды осылай қанша азаптағанымен, олардың тәні ауырмайды.
Майтөре адамдарды қасиетті Үлкен Тәңірді құрметтеуге үгіттеп, көпшілігін ғаделет пен тақуалыққа бейімдейді. Мұны көрген Еркілік өз дініне көңіл қоймаған көп қауымды азаптап, Майтөре батырға қаһарын төгеді. Оған: «Сені семсермен жайратарлық күшім бар!» - деп ақырады. Сөйтіп Майтөре батырға қару жұмсап, өлтіреді. Батырдың бойы онша зор болмағанымен, қаны маңайға түгел шашырап, төңіректі қызыл реңге бояйды. Сол сәтінде оның денесі мен қаны лап етіп қызыл жалынға оранып, от бүкіл жерді қаусырып, Көкке өрлейді.
Сол кезде Көктен Үлкен Тәңірдің өзі түсіп, алақанын шапалақтайды да «Өлгендер, тұрыңдар!» деп айқай салады. Үлкен Тәңірдің дабылы мендемінен өлілер түрегеледі, топырақ, от, су, аңдар мен балықтар өздері жұтқан адамдардың денелерін кері шығарып, қайтарады.
Үлкен Тәңірдің ауызынан жалын ұйтқып, бүкіл жерді орайды. Жер жанғанмен де, сайтандар жүрген үстіңгі қабат қана жойылады. Қара қыртыстың астындағы ақ балшық сияқты таза топырақ қабатына от тимей, аман қалады. Содан Үлкен Тәңір жаңа жер жаратады.
Жалын құшқан қара топырақпен бірге Еркілік сайтанның өзі, оның әскері мен бойұсынған адамдары түгелдейөртеніп кетеді. Олардың бәрі денесіз жын - шайтандарға айналады.
Үлкен Тәңір сонда күнәкарларды: «Еркілік, сен өзіңнің бүкіл жын - шайтандарыңмен бірге мәңгілікке тамұқ отына күйіп, тозақ шыңырауында қал, саған бойұсынған адамдар, шіркейлер сияқты, соңыннан қалмай ұшып жүрсін!» деп қарғайды.
Сөйтіп, Еркілік пен оның зұлым күштері тозаққа құлатылып, жалғанның жарығынан жоғалады, ал Үлкен Тәңірге адал адамдар Тәңірдің саясында рахат өмір кешеді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы миф Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы
Жайық – Үлкен тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір оны адамзатты барлық жамандық пен
Он сегіз тозақты азат ету Он сегіз тозақты азат ету
Ер - Сайын әйелімен бес жыл тұрды, бірақ олардың балалары болмады. Әкесі мен шешесі: «Сен әйел алдың, отау тіктің. Бірақ сенің мұрагерің жоқ. Бізді
Ер - сайынның ерліктері Ер - сайынның ерліктері
Ер-Сайын – Үлкен Тәңірдің кіші ұлы. Ол Жерге адамдарға әділет орнату үшін жіберілген. Тойбон атты хан билік құрған бір елде Ұлақшын деген шалдың
Қайсардың ерліктері Қайсардың ерліктері
Қайсар – Көк құдайы Үлкен Тәңірдің үш ұлының үлкені. Бәзбіреулер оны Кесар немесе Гесер деп те атайды. Қазақша оны Абай Қайсар хан деуге болады.
Еркіліктің жауыздығы Еркіліктің жауыздығы
Еркілік сайтанның патшалығы жойылды. Енді ол Үлкен Тәңірді мазалап, өзіне қандай да бір жер бөліп беруін сұрады. Сен мені патшалығымнан айырдың, сол
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×