ойын сауық отауы
Күй аңызы: Қиыл қырғыны
31.10.2021 1 097 0 Admin

Күй аңызы: Қиыл қырғыны

Аңыздар
Күй аңызы: Қиыл қырғыны
1838 жылы Исатай көтерілісшілердің жатағы — Ойылдағы Ақшат тауынан шығып, Баймағамбет ауылын шабу үшін 500 жігітімен Қиылға шұғыл аттанады. Олар ашық далада түнеп, 12 шілде күні таңда шабуылға шығады. Сол күні қолға түскен тұтқындардан зеңбіректермен, мылтықпен мұздай қаруланған Гекке жасағы мен Баймағамбет жасақтарының тосқауыл қойып, жолдарын тосып отырғанын біле тұра, Исатай кері шегінбейді, тайсалмастан шабуылға шығады. Өйткені, кері шегіну өлімге пара - пар еді: біріншіден, қансоқты жорықтан қалжырап, бастары іри бастаған көтерілісшілер тарап кетеді, екіншіден, осы жолы бетін қайтармаса, жасанған жазалаушылар жасағы Исатайдың соңына түсіп, жазықсыз елді қырғынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан Исатай өзіне сеніп, қолдап - қолпаштаған елін қырғынға душар етіп, қарғыс естігеннен гөрі ата жауымен алысып өлуді абырой санайды.
Әуелі Ақбұлақтың арғы бетіне бекінген жасаққа жағалай оқ атып, зеңбіректің бар жоғына көз жеткізеді. Ентелеп келіп қалған көтерілісшілердің өзеннен өтіп кетуінен қорыққан Гекке зеңбіректен оқ атуға бұйрық береді. Исатай жасағы кері серпіледі. Осы кезде Гекке жасағы бекіністе қалып, Баймағамбет қарауындағы казак - орыс командасымен және жасақтарымен көтерілісшілердің соңына лап қояды. Зеңбірек оғы дарымайтын жерге жеткен соң Исатай жасағын кері бұрып, ата жауы Баймағамбетке қарсы ұмтылады. Мүндай оқыс қимылды күтпеген сұлтан жасақтары мен казак - орыстар сасып қалып, кері қашқанда опыр - топыр болады. Жұлдызша аққан Исатай жігітгері оларды жайпап өтеді, бірақ Баймағамбет атының жүйріктігінің арқасында құтылады. Қашқандар жарқабақтан секіріп, ат жалдап арғы бетке өтеді. Осы сәтте өзеннен тығылып өтіп, сайға жасырынған 200 казак - орыс әскері көтерілісшілердің бір қапталынан аңдыздап шыға келеді. Бетпе - бет шайқас басталады да, еті қызған Исатай сарбаздары оларды да жайпап өтеді.
Ұрыс сәтінде 19 жасар ұлы Оспанның жау қоршауында қалып қойғанын көрген Исатай кері бұрылады. Қоршаудағыларды құтқарып, Шейітсайға жәңкілген сарбаздарды Махамбетте қуып жетеді. Исатай оған ауыр жарақаттанған Оспанды ұрыс алаңынан алып кетуді аманаттап, қасындағылардың құтылып кетуге үгіттегеніне қарамастан жаудың жолын бөгеуге бел байлайды. Оспандар қара үзіп кеткенше, 15 км - ге дейін қаша ұрыс салып жауға алдырмайды. Ақырында, Угольный станицасының казак - орысы Леонтий Зеленин батырдың астындағы құлаяқ атын атып, оқ дарытады.
Қасындағы Қожахмет пен Үбі аттарын кезек - кезек көлденең тартқанымен «ат көтіне мінгесіп қашты деген өсекке қалғанша, өлгенім артық» деп көнбейді. «Исекелеп» жылаған Үбіні ақырып қуып жібереді. Қансырап, әлі қалмаған құлаяқ ат құлаған соң Исатай жаяу соғысады. Екі тапаншамен атып, соңынан жеткен қуғыншы қазақтар мен казак - орыстардың 8 - ін өлтіреді. Алысып жүргенде Богатырев қылышын, батырдың мойнының ашық қалған жеріне тақап шабады. Сөйтіп, ел қамы үшін намысын жаныған көтеріліс қолбасшысы ер Исатай арыстандай арпалысып, айқаста шейіт болады да, таңғы сағат 6 шамасында басталған Ақбұлақ соғысы түскі сағат 2 шамасында аяқталады.
Осы оқиғаға арнап Махамбет "Қиыл қырғыны" күйін шығарған екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Мүшелдің жалпы сипаты Мүшелдің жалпы сипаты
Жылдарды мүшелдеп санау ресми түрде қашан басталғаны әзір белгісіз. Ежелгі түркілердің ресми түрде мүшелдеп есептей бастаған уақыты ұмытылған, Алтын
Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды. Су құйылған немесе тағам
Күй аңызы: Сексен ер Күй аңызы: Сексен ер
Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені
Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар Жол жүруге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады. Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң
Әйелдің тілін алу керек пе? Әйелдің тілін алу керек пе?
Парсылық патша Хусрау Паруаз (570 - 628) балық жеуді сүйеді екен. Бір күні әйелі Шырынмен мәжілісте отырады. Сол сәтте қолында сирек кездесетін үлкен
Исатай деген ағам бар Исатай деген ағам бар
Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қас болып, Қара ұлымен дос болып, Хан үстіне барғанда,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×