ойын сауық отауы
Мүшелдің жалпы сипаты
04.09.2021 727 0 Admin

Мүшелдің жалпы сипаты

Пайдалы кеңестер
Халық күнтізбесі
Мүшелдің жалпы сипаты
Жылдарды мүшелдеп санау ресми түрде қашан басталғаны әзір белгісіз. Ежелгі түркілердің ресми түрде мүшелдеп есептей бастаған уақыты ұмытылған, Алтын Орда хандары сондықтан да мүшел жылдарына хиджра жылдарын қоса жазып отырған. Осыған байланысты Күлтегін ескерткішіне зер салайық.
Күлтегін 9684 - 731) – ежелгі түркілердің көрнекті қолбасшысы, Құтлұғ қағанның баласы. Оның зиратындағы көне түркіше негізгі жазу екі бөлімнен құралады, біріншісі – 13 жыл, екіншісі – 40 жыл. Бұларда Күлтегіннің өмір жолы айтылады. Табғаш тіліндегі қосымша жазудан Күлтегіннің 731 жылы өлгендігі анықталады, бұл жылы – қой жылы. Түркіше жазуда: «47 жасында қайтыс болды» делінген. Сонда 684 жылы туған болады. Күлтегіннің азасына татбы, табғаш, оғыз, тардұш тайпаларынан, Тибет, Соғда, Бұхар мемлекеттерінен өкілдер шақырылып, қатыснастырылған.
Ескерткіштің бас жағындағы мына үш сөйлемді, қазақ тіліне аударғанда, қарастырайық:
«Күлтегін қой жылы он жетісі күні ұшты (жаны ұшты). Біз оны тоғызыншы айдың 27 күні жерледік... Мешін жылғы жетінші айдың 27 күні басына құлпы тас орнаттық».
Мұнда көңіл аударарлық жай – «қой жылғы он жетісі күні». Жерленген уақытында да, тас орнатылған уақытында да қай айдың, қай күні екені айтылған, ал өлген уақытының айы жоқ, тек «он жетісі күні» делінген. Бұл жерде жазылуға тиісті айдың атын тасты шапқан шебер ұмытып кеткен бе? Олай деу қиын. Жазудың басқа жерлерінде қате жоқ. «Тоғызыншы айдың 27 күні жерленді» дегеніне қарап, тоғызыншы айдың 17 күні қайтыс болды десек, он күн жерленбей, үйде сақталған болып шығады. Бірақ Азияның ертедегі халықтары өлікті ондай ұзақ уақыт үйде ұстамаған. Ежелгі түркілер жерленген күнін жаза қойды ма екен? «Әртүртіміз» сөзі «жерледік» деп аударылған. Бұл сөз «әрі тұру», «алыстау» мағынасында болуы керек, оныс»жерледік» деуден гөрі «айрылдық» деу дұрыс сияқты.
Қой жылғы тоғызыншы айдың 27 - нен мешін жылғы жетінші айдың 27 - не дейін дәл 10 ай өтеді. Түркілерде өлген белгілі адамдардың құрметіне «ас беру», оған көрші рулардың, тіпті көрші мемлекеттердің өкілдерін шақыру дәстүрі болған. Ас көбінесе ескерткіш тас немесе там орнатылған зираттың жанында берілген. Күлтегіннің асы 10 айдан кейін немесе, ескерткіш ертерек орнатылып, 12 айдан кейін берілуі мүмкін. Тибет пен Соғдадан шақырылғандар осы асқа келген болулары керек. Автокөлік пен ұшақ жоқ заманда олардың дереу жетіп, Күлтегінді жерлеуге қатынасулары мүмкін емес (В. В. Радлов пен С. Е. Малов аудармасында «жерлеуіне қатынасты» делінген, біз «азасына қатынасты» дедік). Тілге тиек болып отырған үш сөйлемнің мағынасы келесідей болуы кәдік:
«Күлтегін қой жылының он жетісінде қайтыс болды. Біз одан тоғызыншы айдың 27 - нде айрылдық... Мешін жылғы жетінші айдың 27 - нде зиратына осы ескерткіш тасты орнаттық».
Егер шынында да осылай болса, мүшелдің түркілерде ресми түр қолданыла бастаған уақыты анықталады. Күлтегін қайтыс болған 731 жыл он жетінші рет айналып келген қой жылы болғанда, 719 жыл он алтыншы қой жылы, 707 жыл он бесінші қой жылы т. с. с., ақыры 527 жыл бірінші қой жылы болады. Сонда бірінші тышқан жылы григориан күнтізбесінен 520 жылы болып шығады. Бұлай болуы әбден мүмкін. Біріншіден, асына шет мемлекеттерден өкілдер шақырылған әйгілі қолбасшының ескерткіш тасындағы жазуда қате кетуі, әсіресе бірінші сөйлемде өлген айының ұмыт қалуы ақылға сыймайды. Бұл ескерткішке ежелгі түркілер бар өнері мен білімін салған болуға тиіс. 1489 жыл сақталуы тегін емес. Әлі де бүлінген жоқ. Екіншіден, мүшелге байланысты жылдардың осылай есептелетіндігі даусыз. Бірталай халықтар жыл санау жүйесінің басын белгілі бір соғыстан, патшалардың таққа отыруынан немесе зор табиғи апат болған уақыттан бастаған. 520 жылы шамасында ежелгі түркілер ауыз біріктіріп, өзара ақылдасып, жужандарға қарсы ұйымдаса бастаған. Жылдар есебі ресми түрде сол кездегі бір елеулі оқиғадан басталған болуы керек. Әрине, тышқан, сиыр, барыс т. с. с. деп қайталана беретін жылдар көп бұрын қолданылған.

Ежелгі түркілердің мифтері Ежелгі түркілердің мифтері
Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы ғұн (хун) империясы Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Сол уақыттан бастап ол ыдырап, әлсірей берді,
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Қазақ тіліндегі кісі аттары да зодиак таңбаларының ел өміріне сіңісіп кеткендігін көрсетеді. Айталық, Қамал, Сәуірбек, Әсет, Мизами, маусымжан т. с.
Үй туралы мақал - мәтелдер Үй туралы мақал - мәтелдер
Үй туралы мақал - мәтелдер Туған үйдің түтіні жылы, Туған ананың күтімі жылы. Түздегі май ішеді, Үйдегі зәр ішеді.
Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталады. Биылғы оқу жылы 2 қыркүйекте басталады.
Қазақстанда биыл оқу жылының басы 2 қыркүйекте басталатын болды.
2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 2016 – 2017 жылғы мемлекеттік білім гранттары
Бүгін мемлекеттік білім гранттары иелерінің тізімі ресми БАҚ - та жарияланды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×