ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер
23.03.2022 1 039 0 Admin

Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер

Аңыздар
Тіл тарихы: Өзен аңғарлары және мемлекеттер
Ежелдегі диқандар көп кешікпей кей жерлердің егіншілікке қолайлы, кей жерлердің қолайсыз екенін түсінді. Кей өзен аңғарларының топырағы өте құнарлы еді, ол суармалы егіншілікке де жайлы болды. Оған Евфрат, Тигр және Ніл өзендері жатады. Олардың бойында халық тығыз қоныстанып, суды арықтар, арналар жүргізу мен тоғандар жасау арқылы бөлісіп, пайдаланды.
Белгілі бір жер телімін күтіп - баптап жүрген диқан еңбегінің нәтижесін басқалар пайдаланып кетпейтіндей, қоғамдық тәртіптің бар екеніне сенімді болғысы келеді. Ал арық қазып, су тартқан адамға тұрақтылық пен қауіпсіздік ауадай қажет еді. Арықты бірнеше жер телімін көптеген жылдар бойы суару үшін қазады. Арық қазған адамдардың жер теліміне де, арыққа да ұзақ уақыт бойы иелік ететініне сенімді болуы маңызды.
Әрине, өзен аңғарларында берік әрі ұйымдасқан қоғамдар пайда болды. Олар бізге белгілі қауымдастықтардың ең ежелгілері, өйткені олар тыныс - тіршілігін жазып қалдырған.
Әрине, өзен аңғарларында берік әрі ұйымдасқан қоғамдар пайда болды. Олар бізге белгілі қауымдастықтардың ең ежелгілері, өйткені олар тыныс - тіршілігін жазып қалдырған.
Евфрат пен Тигр өзендерінің бойында қоныстанған шумерліктер осыдан 5200 жылдай бұрын сына жазуын ойлап тауып, қолдана бастады. Бірнеше ғасырдан соң шумерлер тарих сахнасынан түсті, олардың орнына аккадтар келді, аккадтарды ассириялықтар алмастырды. Бұл халықтардың тілдері әр басқа болса да, бірдей жазуды қолданды. Сына тәріздес сызықшалармен түсірілген мәтіндер призма, цилиндр, конус сияқты түрлі формадағы саз тақтайшаларға жазылды.
Бұл жазу жүйесі үш мың жылдай үздіксіз қолданыста болды, он бес түрлі тілдің қажетін өтеуге бейімделді. Көптеген басты белгілері мен нышандары бір мың жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз қолданылды. Шумер тілі іс жүзінде әдеби тіл ретінде ұзақ уақыт өмір сүрді. Ол ауызекі тіл ретінде б. з. д. 1800 - 1700 жылдар шамасында жойылып кетті, бірақб. з. д. VI ғасырдағы Бабыл қаласының бітікшілері өз тілдерімен қатар шумер тілінде де оқып, жаза білген. Демек, жазудың ең маңызды қасиеті ескі тілдер мен тілдік формаларды сақтап қалу екен. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Тарих және жазу Тіл тарихы: Тарих және жазу
Сөйлей білу – адам баласының бірегей қасиеті: тағы бір қасиеті – сурет салу. Адам салған ең ежелгі суретке қырық мың жылдай болды, ол – Еуропаның
Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған? Он екі мың жыл бұрын қанша тіл болған?
Хойсан тобына он тіл кіре ме, жиырма тіл кіре ме, австралиялық тілдер 250 ме, 700 бе? Бұл жөнінде ұзақ айтысуға болады, неше түрлі тіл көп екені ғана
Қырық мың жыл бұрын ба, екі миллион жыл бұрын ба? Қырық мың жыл бұрын ба, екі миллион жыл бұрын ба?
Ақиқатында, археология бізге әртүрлі кезеңдерде қолданылған тастан және сүйектен жасалған құралдар туралы мәлімет береді. Мүсін, гравюра және
Тілдік топтар қалай қалыптасты? Тілдік топтар қалай қалыптасты?
Үндіеуропа және банту тілдері туралы аз айтылмады. Екі жағдайда да бірнеше мың жыл бұрын әлемнің едәуір бөлігінде бір тіл тобы үстемдік құрды.
Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі
Варшава университетінің ғалымдары жаңғақтар, көкөністер мен жемістер және шоколад пайдасын дәлелдеді. Олар бұл өнімдердің қасиеттері адамның
Ақжайық арнаға түс арындама Ақжайық арнаға түс арындама
Ақ жайық, арнаға түс арындама Ару Жайық, ерке өзен, сыбырлағын, Бұл көктемде сен неге арындадың? Құм мен тастан өрілген жарқабаққа Ғажап болды - ау
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×