ойын сауық отауы
Жануарларды, құстарды және басқа жан иелерін жарату
02.10.2022 321 0 Admin

Жануарларды, құстарды және басқа жан иелерін жарату

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Жануарларды, құстарды және басқа жан иелерін жарату
Жаратушы Көк пен Жерді, адамзат пен Итті жаратқанда, аң, құс біткендердің, яғни барлық тірі жан иелерінің де алғашқы ата - аналары пайда болған екен. Жасағанның жар болып, қолдап - қорғауымен бұлардың бәрі өсіп - өніп, өмір тіршілігін жалғастырып, ұрпақтарын өрбітіпті.
Жер мен Көктің арасынан Ай мен Күн туғызып, әлемді қара түнектен құтқарса да, қараңғылық біржола айығып кетпепті. Сөйтіп бір тәуліктің жартысы күндіз, жартысы түнге, бір айдың он бесі жарық, он бесі қараңғыға айналып, алма - кезек ауысып отыратын болыпты. Қараңғылық орнаған кезде тіршіліктің жаулары, тірі жан иелеріне қырсығын тигізетін қаскөй құбыжықтар қаптап, өніпті. Олар қара түнді жамылып, түрлі кесір, кесапат ауру, ажал төндіріпті, жарық түсіп, таң атқанша маза бермепті. Ізгі иелер мен киелер тіршілікті қорғап, зиянкес құбыжықтарды бірде жеңіп, бірде жеңіліп, шайқасқа түсіпті. Сөйтіп, Қараңғы мен Жарық, Жақсылық пен Жамандық, Ізгілік пен Жауыздық Өмір мен Өлім арасындағы жаугершілік заманнан заманға созыла беріпті.
Жасаған Ай мен Күнді, Жарық пен Жылуды, Көк пен Жерді жаратып жарылқады. Бірақ жарық нұрдан қорқатын ұсақ - түйек құбыжықтар қараңғыда қағынып, адамзат пен жан - жануарларға ажал апатын төндіруге ұмтылады екен. Бұны біліп, қатты қаһарланған Жасаған оларды жазалау үшін ажағай киесін аттандырады. Ажағай киесінің – Жазайылдың садағы тартылғанда күн күркіреп, оның оғы жасын болып жарқылдап, жауларын жайратады екен. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ғаламдық жұмыртқа және адамның жаратылуы хақында Ғаламдық жұмыртқа және адамның жаратылуы хақында
Сонау - сонау соны меңіреу заманда, арғы - арғы, аңғырт тұйық алаңда, ертеден де ертеде, астан - кестен аунаған лай теңіздің ішінде жұмыртқадай жұмыр
Күндіз бен оның кезеңдері Күндіз бен оның кезеңдері
Күннің жартысы саналған «күндіз» (нәһәр) сөзі 57, екінші жартысы болған «түн» (ләйл) сөзі 92 рет айтылады.
Грифтер. Грифондар Грифтер. Грифондар
Грифтердің (арыстан - құстардың) аримаспілермен толассыз күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбыжықтар» деп атайды.
Жаман және жақсы қасиеттер туралы Жаман және жақсы қасиеттер туралы
Бірде кемеңгер ұстазға бір шәкірті келіп: - Ұстаз, неліктен жаман қасиеттер адамның бойына тереңінен еніп, қалып кетеді. Ал жақсы қасиеттердің
Жұмбақтар. Жыл мезгілдері. Жыл айлары. Тәулік туралы жұмбақтар Жұмбақтар. Жыл мезгілдері. Жыл айлары. Тәулік
Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызмет етеді. (Апта, аптаның жеті күні)
Сәби өсіп келеді Сәби өсіп келеді
Түнге карай, Түйсік салып, Таң атқанша не болады?! (Оны қайдан білейін) Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін, Ортасында солардың мен, Ойнап -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×