ойын сауық отауы
Күй аңызы: Телқоңыр
17.10.2021 1 487 0 Admin

Күй аңызы: Телқоңыр

Аңыздар
Күй аңызы: Телқоңыр
«Телқоңыр» - оқиғасы мен дерегі қалған тамаша туынды. Бір қарағанда жылқы малына арналған сияқты көрінгенмен, мұнда Сүгірдің керзаманға деген ішкі қарсылығы көрініс тапқан. Қазақ даласына ендеп кірген социалистік құрылыс, «аша тұяқ қалдырмаған» ұжымдастыру кезеңінен қалған музыкалық мұра. Бұл күйдің шығуы жайлы Тәкен Әлімқұлов «Телқоңыр» атты хикая да жазған. «Телқоңырды» көп күйшілер шерткен, Сүгірдің бір шәкірті Файзолла Үрмізов те ғажап орындаған, бірақ Төлеген Момбековтің үлгісін халық түпнұсқаға жақын деп қабылдайды, Сүгірдің көзін көрген Тәкен Әлімқұлов та осы орындауды мойындаған, жоғары бағалаған.
Күй екі биені тел емген құлынға арналған. Елдің атқамінерлері мен белсенділері Сүгірдің үйіне түседі. Ауданның уәкілдері ерігіп құлынның етін жегісі келетінін айтады. Кісәпір қонақтың айтқанына амалсыз көнген Сүгір желідегі құлынын союға мәжбүр болады. Содан құлынсыз қалған бие тұлыпты иіскеп қайғырады. Жануардың бұл әрекеті күйшінің жан дүниесін астаң - кестең етеді. Сосын бие суалмасын деп басқа құлынды телиді. Бірақ бие оны бауырына тарта қоймайды. Ақырындап желіні суала бастаған биені көрген Сүгірдің әкесі Әлі: «Ертеде күйшілер домбырамен нарды идіреді екен, солардың жолымен домбыраңды қолға ал, кім біледі, жануардың алпыс екі тамыры босар» - депті.
Содан Сүгір кешкі сауымда домбырасын толғаған деседі. Жылқының көзі жасаурап, теліген құлынға иіп сала бергенін ел көріп таң - тамаша болады. Бұл оқиға Сүгірдің күйшілік даңқын одан әрі асқақтатады. Күйде құлынның телінуі, биенің төліне иігені музыкалық өрнектермен баяндалады. Ең әсерлісі құлынның құлдыраңдап жүгірген жері, ол ойнақы мінезбен екі ішекті ілмелей шертілетін тәсілмен орындалады. Техникалық ерекшелігі - домбырадағы байырғы ілме қағыстарды кемел пайдалануда.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Қарқарау Күй аңызы: Қарқарау
Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған
Т. Әлімқұлов / Ақбоз ат жалғасы Т. Әлімқұлов / Ақбоз ат жалғасы
Асыл тұлпардың тұяғына туған қызының тағдырын қиып жіберген Біркімбайдың әрекетінде не сыр жатыр? Тұлпар дегенде ішкен асын жерге қоятын, жалғыз
Күй аңызы: Майдажал Күй аңызы: Майдажал
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады.
Күй аңызы: Ақжелең Күй аңызы: Ақжелең
Ұзақ Мырзабайұлы Құрманғазының ұстазы болған атақты домбырашы. Ұзақ – бұрынғы Бөкей хандығына (қазіргі Атырау, Орал - Жайық алқабына атағы жайылған
Күй аңызы: Сексен ер Күй аңызы: Сексен ер
Ордада құралған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген қазақ жастарынан құралған жүз отыз адамнан тұратын бөлімшені
Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем
... Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×