ойын сауық отауы
Күй аңызы: Қаратау шертпесі
10.04.2022 1 239 0 Admin

Күй аңызы: Қаратау шертпесі

Аңыздар
Күй аңызы: Қаратау шертпесі
Әдетте, Сүгір күй тарту алдында әуелі «Қаратау шертпесін» шертіп бастаған деседі, көнекөздердің айтуына қарағанда, бұл күйді автордың өзі «Құлақ күйі», (осы аттас күйі де бар, сирек орындалады) «Күй басы» деп атаған, кейін күй өнеріне «шертпе» деген сипаттама енгеннен кейін «Қаратау шертпесі» деген атпен тарай бастады, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров сияқты шәкірттері де осылай атауға бейім болды.
«Қаратау шертпелерінің» мазмұны домбыра ұстаған кездегі алғашқы шабыт шақыру сәтінің көріністері. Солай бола тұра мұнда туған жердің табиғаты, Қаратаудан аққан мың бұлақтың сылдырындай келіскен сарын екі немесе үш рет қайталана тартылады, қайырмасының да қайталануы осынша болуы мүмкін, қысқаша айтқанда, нағыз импровизациялық еркіндікте шығарылған шешен сөздер түйдегі, күйшінің көпшілік алдында шешіле сөйлеуі... Бұл күйлердің шертілу мінезіне келетін болсақ, негізінен кәдімгі қазақы көсем қағыс пен ілме қағыстан тұрады.
«Қаратау шертпелері» варианттық емес, циклдық формада шығарылған, яғни тараулы күй тобына жатады. Бұл күйдің Төлеген Момбеков, Атабек Асылбеков, Генерал Асқаров шерткен тараулары бізге жетті. Құлақ күйінің тараулары - негізінен үш күйден тұрады, ел ішінде басқа түрлері де бар, бірақ олар осы үш күйдің маңайындағы варианттары болып табылады.
Төлеген Момбеков шерткен «Қаратау шертпесі» бірінші тарауы болып табылады, бұл Сүгірдің жас кезінде Сарыарқада шығарған туындысы деп жобалауға болады, себебі сол кезеңде көп тараған Арқа әндерінің сарынымен шыққаны бірден көрініп тұрады, мұны күйдің бастау мақамы мен қайырмасынан анық аңғаруға болады. Бұл жерде күй мен әндегі сарындардың әуендік өзектері ұқсас, себебі күй мен әнге ортақ болып тұрған мелодияның сол кезеңде кең тараған композициялық үлгіден бастау алатынын айту міндет. Сондықтан осындай қайырымда жаратылған халықтық саздардың аспаптық және вокалдық өнерге ортақ болғанын ескере кеткен абзал.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Терісқақпай Күй аңызы: Терісқақпай
Әлшекейдің күйі. Аңызы былай баяндалады: ... Қоңыраттың Құйысқансыз деген ауылында жесір дауы болыпты. Дауды Нұржан деген қыңыр би теріс шешеді.
Күй аңызы: Қосбасар Күй аңызы: Қосбасар
Тәттімбет «Қырық буын Қосбасар» деген күй дәстүрін қалыптастырған күйші ретінде аты елге белгілі болған. Қосбасарларын тараулата тартып таңнан -
Күй аңызы: Телқоңыр Күй аңызы: Телқоңыр
«Телқоңыр» - оқиғасы мен дерегі қалған тамаша туынды. Бір қарағанда жылқы малына арналған сияқты көрінгенмен, мұнда Сүгірдің керзаманға деген ішкі
Күй аңызы: Қарқарау Күй аңызы: Қарқарау
Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған
Күй аңызы: Аққу Күй аңызы: Аққу
Нұрғисаның күйі «Қыз Жібек» фильмдеріндегі «аққуларды билеткен». Сценарий бойынша, Төлеген мен Жібек некесі қиылған соң, махаббат нышаны ретінде
Күй аңызы: Кеңес Күй аңызы: Кеңес
«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×