ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Бір құдай
11.10.2023 195 0 Admin

Құдайтану баяны: Бір құдай

Аңыздар
Құдайтану баяны: Бір құдай
Пұтқа табынушылар, керісінше, құдайлар мен әдепкі әлем арасындағы ашық қарым - қатынастарды мадақтады. Бірақ Иезекиил көне діннен жұбанышты ештеңе таппайды және әдеттегіше оны «жексұрындық» деп атайды. Ғажайып көріністердің бірінде, Иерусалим ғибадатханасына тап болады да, толығымен жойылу қаупі төніп тұрса да, Иудея халқының Яхвенің қасиетті мекенінде пұтқа табынуды жалғастырып жатқандарын көріп, шошып кетеді. Ғибадатхананың сырты да үрей жамылады: қабырғаларда ордалы жыландар мен жиіркенішті мақұлықтар, «жексұрвн» ғұрыптарды өткізіп жатқан дінбасылар әдепсіз ұсқында бейнеленіп, тіпті олардың бұрыш - бұрышта азғындықпен шұғылданатыны тұспалданған: «адам баласы, Израил үйі үлкендерінің қараңғылықта, әрқайсысы өз бөлмесінде не істейтінін көріп тұрсың ба?». Онда Фаззуманы (азап шегуші құдай – Таммуз) жоқтаған әйелдер отыр, дәл жанында қасиетті мекенге арқасын бере жайғасқан әлдебір еркектер күнге сиынып жатыр. Ең соңында пайғамбар алғашқы Құдай көрінісінде таңғала қараған ғажайып күйменің самғай алыстап, онымен бірге Құдай «даңқының» да өшіп бара жатқанын байқайды. Дегенмен Яхве мүлде дерексіз Құдай емес. Иерусалимнің құлауы алдындағы ақырғы күндері Иезекиил Израил халқының назарын өзіне аударып, Өсиетті естеріне салу үшін қолынан келгеннің барлығын істеп бағады, өйткені таяп қалған апатқа Израилдың тек өзі ғана кінәлі еді. Көп жағдайда Яхве қаншама жат көрінгенмен, Оның арқасында көптеген израилдық, соның ішінде Иезекиил де тарихи бәле - жаланың кездейсоқ емесін және оның өз қисыны мен әділдігі барын түсіне бастайды. Пайғамбар қазіргі адамзат «халықаралық саясат» деп атайтын құбылыстың байырғы баламасының қатал қағидаларын түсінуге барын салады.
Бабыл өзендерінің бойына тоқтаған қашқындардың көбі Уәде етілген Жерден алыста бұрынғы діндеріне сиына алмайтындарын түсінді және бұл болмай қоймайтын да жағдай еді. Пұтқа табынушылардың әрдайым өз мекені болады, сондықтан израилдықтарға бөтен елде Яхвеге мадақ айту мүмкін еместей көрінді. Тек бабылдық нәрестелердің бастарын тасқа соғып, миларын шашып тастау жөніндегі тәтті қиялмен шектелуіне тура келді. Алайда жаңадан пайда болған бір пайғамбар тыныштықты насихаттады. Ол туралы біз ештеңе білмейміз, бірақ осының өзі қызық: бұл пайғамбардың сәуегейліктері мен дұғаларында өзіне дейінгі пайғамбарларға тән жекебас мағлұматтары жоқ. бұл көріпкелді «Екінші Исайя» деп атау қалыптасқан, өйткені кейіннен оның мәтіндері шын Исайяның сәуегейліктеріне барып қосылды. Қуғын - сүргін кезінде еврейлердің бір бөлігі көне бабыл құдайларының культтеріне жүгінді, ал қалғандарына жаңа діни сана - сезім таңылды. Яхве ғибадатханасы үйіндіге айналып жатты. Бабыл мен Хевронның көне қасиетті орындары қиратылды. Бабылда израилдықтар өздерінің діни өмірінде маңызды рөл атқарған рәсімдерге енді қатыса алмады. Олардың жалғыз сүйенері Яхве болды. «Екінші Исайя» тағы да алға бір қадам жасап: «Яхве – жалғыз Құдай» деп жариялайды. Ол Израил тарихын тағы бір кезек қайтадан жазып шықты. Енді Шығу туралы миф Мардуктың алғашқы теңіз құдайы – Тиаматты жеңгені туралы аңызды еске түсіретін символикамен толықтырылды:
«Құдай (Яхве) Өзінің құдіретімен қатты жел тұрғызады да,
Мысыр теңізінің шығанағын құрғатады.
Өзенді (Евфрат) кешіп өтуге болатындай,
Жеті арнаға бөліп тастайды.
Сонда Оның... қалған халқы үшін,
Израилдың Мысыр жерінен шыққан кезіндегідей,
Үлкен жол пайда болады».
Бірінші Исайя тарихты құдайлық ескертумен көмкерді. Өзінің апаттан кейін жазылған «Жұбату кітабында» Екінші Исайя тарихтың ішінен болашаққа қатысты жаңа үміт отын жақты. Бұрындары Яхве Израилды құтқарған - мыс, яғни мұны енді Ол қайта істейді. Ол тарихты Өзі жасайды, Ол үшін гойимнің құмыра түбіндегі бір тамшы су құрлы қадірі жоқ. бұл – шынымен де, санасуға тұратын жалғыз Құдай. «Екінші Исайя» көне бабыл пұттарының арбаға артылып, келмеске кететін уақытын армандады. Олардың күні бітті, «себебі Мен – Құдаймын, менен басқа ештеңе жоқ» дегенді пайғамбар Яхвенің атынан шаршамастан қайталап айтты.
«Менен бұрын Құдай болмаған,
Менен кейін де болмайды.
Мен, Мен – Құдаймын,
Менен басқа Құтқарушы жоқ». (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Бір құдай Құдайтану баяны: Бір құдай
Б. д. д. 722 ж. он солтүстік тайпаның, қаласын - қаламасын, жергілікті халықпен сіңісіп кетуәне тура келді, бірақ қуғындалған израилдықтардың жағдайы
Құдайтану баяны: Бір құдай Құдайтану баяны: Бір құдай
Қазір біз, өкінішке орай, Бір Құдайға табынушылықтың үйреншікті сипаты болып бара жатқан төзімсіздікке үйрендік, ол басқа құдайларға деген өшпенділік
Құдайтану баяны: Бір құдай Құдайтану баяны: Бір құдай
Жалғыздық – пайғамбарлардың несібі. Амос сияқтылар үнемі жалғыз болатын, өйткені бұрынғының қалыпты ырғағы мен заңдарын бұзатын. Олар өз тағдырларына
Құдайтану баяны: Бір құдай Құдайтану баяны: Бір құдай
Мұсаның байырғы соғысқұмар Құдайы – Ассирияны ымырасыз дұшпаны санайтын болса, Исайяның Құдайы басқыншыларды өзінің қолшоқпары деп таныды.
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×