ойын сауық отауы
Күй аңызы: Жаяу делдал
08.01.2024 196 0 Admin

Күй аңызы: Жаяу делдал

Аңыздар
Күй аңызы: Жаяу делдал
Ертеде бір сыбызғышы бай болыпты. Сыбызғының назды қоңыр үнін ести - ести жылқылары да сыбызғы дауысына әбден үйреніп алыпты. Бай сыбызғы тартқанда өрісте жатқан жылқылары шұрқырап қораға келеді екен.
Күндердің бір күнінде ұрылар тобы келеді де байдың жылқысын айдап кетеді. Бай ұры айдап кеткен жылқыларының ізіне түсіп артынан қуады. Бірақ көзіне ештеңе шалына қоймайды. Жылқысының қарасын көре алмай торыққан бай бір төбенің басына шығып алып, дағдысына басып сыбызғысын тартады. Ұры қолында иіріліп айдалып бара жатқан жылқы сыбызғы дауысын естіп ұрылардың қайыруына бой бермей қашып, сыбызғы тартып отырған байдың қасына келеді. Таң - тамаша болған ұрылар жылқының соңынан қуа келсе, қалың жылқы байды қоршап тұрғанын көреді.
Ашуланған ұрылар байдың қолын байлап тастайды да сыбызғысын бөліп лақтырып жіберіп, жылқыны айдап жүре береді. Қолы байлаулы бай жүріп отырып үйіне келіп, «дел - дал» болып отырып осы күйді тартыпты - мыс.

 әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Дәу, жолаушылар және жезтырнақ Дәу, жолаушылар және жезтырнақ
Баяғыда бір Дәу өмір сүріпті. Оның үй - жайы, әйелі болыпты. Үйінің есігі төбесінен жасалыпты. Келген - кеткен сол есіктен кіріп - шығады екен.
Салт - дәстүр сөйлейді: Кәрі жіліктің киесі Салт - дәстүр сөйлейді: Кәрі жіліктің киесі
Қазақта кәрі жілік кәделі сый саналады. Кәрі жілік ел басын сақтайды деген сенім бар. Оны үйдің оң босағасына, қорасының айналасына байлап іліп
Күй аңызы: Майдажал Күй аңызы: Майдажал
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады.
Күй аңызы: Кеңес Күй аңызы: Кеңес
«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз.
Күй аңызы: Сары өзен Күй аңызы: Сары өзен
Ертеде, қалмақтардың жаугершілік заманында, қалмақтар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетіпті. Сол тұтқынның
Кәрі жілікті босағаға неге іледі? Кәрі жілікті босағаға неге іледі?
Қазанға ет салғанда алдымен «Бісміллә»деп кәрі жіліктен бастап салады. Себебі кәрі жілік еттің бәрін ұстап тұратын қасиетке ие. Оны шақпайды, құда
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×