ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Бір құдай
08.01.2024 291 0 Admin

Құдайтану баяны: Бір құдай

Аңыздар
Құдайтану баяны: Бір құдай
Р иудаизмінде жаңартылған ғибадатхана шешуші орынға ие. Таяу Шығыста қасиетті шешуші орынға ие. Таяу Шығыста қасиетті орындарды әдетте әлем жүйесінің көшірмесі ретінде қарастырған. Осылайша, ғибадатхана құрылысы imitatio dei болды да, адамдарға Құдайлардың шығармашылық әрекеттеріне қатысуларына мүмкіндік берді. Қуғын - сүргін дәуірінде еврейлердің көбі Өсиет Қобдишасы – көшпелі құрбандық орны туралы көне әңгімелерден ләззат алып жүрді, онда Құдай «Өзінің шатырын (шакан)», жайып өз халқының панасыз күйімен бөліскен - ді. Шөлдегі қасиетті Мәжіліс шатырын суреттеуде Р көне мифологияны пайдаланады. Шатырдың сәулет құрылысы түпнұсқа болған жоқ, жоғарыдан келетін әмірге бағынды. Синайда Яхве Мұсаға ауқымды және егжей - тегжейлі нұсқау береді: «Олар Маған қасиетті орын жасасын, соны мекен ететін боламын. Барлығы да Менің саған көрсеткенімдей, шатыр үлгісін де, ондағы ыдыстардың үлгісін де солай жасаңдар!». Қасиетті орын құрылысы туралы ұзақ баяндауды қаз - қалпында қабылдау, әрине, қажет емес. Тақыр шөлде израилдықтар оған арнап «алтын, күміс, мыс, көгілдір, күлгін, қара - қызыл жүн, мата, ешкі, қойдың қызыл, көк терілерін, акация ағаштарын...» және олардан басқа көптеген нәрсені жинап, тамаша ғибадатхана соғады деген ешкімнің ойына келмеген. Тынымсыз тізбектер Р құрған әлемнің жаратылысы туралы әңгімені еске түсіреді. Құрылыстың алғашқы кезеңінде, тура бір Яхвенің алты күндік жаратылысында жасағандай, Мұса «барлық жұмысты қарап шығады» да, халыққа жаорылқау айтады. Қасиетті орын құрылысы жылдың алғашқы айының алғашқы күнінде аяқталды, сәулетші Веселиил болса, бүкіл болмысты қамтыған құдайлық Рухтан (руах элохим) шабыт алды. Ақырында, екі аңыз да сенбілік демалыстың маңыздылығын атап өтеді. Сонымен бірге ғибадатхана құрылысы адамдар зұлымдығы әлемді жоймай тұрған кезде алғашқы үйлесімділік символын білдірді.
«Қайталанған заңда» тынығу күні барлығына, тіпті израилдықтар Шығуды есте ұстасын деген оймен құлдар үшін де демалыс күні деп бекітілген. Р сенбіге жаңа мазмұн берді: ол – Құдайға еліктеу ісі, әлемді жарату туралы естелік белгісі. Еврейлер сенбі күні демала отырып, кезінде тек Құдайдың өзі орындаған рәсімдерге қатысты. Осылайша, құдайлық еліктеу деп саналды, бірақ Яхве культі Құдай мен адам әлемдерінің арасын түпсіз шыңыраумен бөлді. Енді, міне, еврейлер Мұса өсиеттерін орындай оытырып, Құдайларына сәл де болса жақындай алды. «Қайталанған заңда» бірқатар өзгермейтін заңдар, соның ішінде Он Өсиет те айтылып өтеді. Қуғын - сүргін кезінде олар мейлінше дамыған заң шығарушылыққа, 613 өсиеттен (мицвот) тұратын Бес Кітап негізіне алынды. Осы, егжей - тегжейлі нұсқаулар, танысып үлгермегендердің есін шығарады және жаңа өсиеттік пікірталастарда мейлінше теріс бағаланған. Дегенмен еврейлер бқл ережелерді, христиандар ойлағандай, үлкен ауыртпалық деп есептемеген. Израилдықтар үшін мицвот, ең алдымен, Құдаймен символдық түрде бірге тіршілік жасаудың формасы ғана болды. Израилдың ерекше жағдайының белгісі ретінде, сондай - ақ «Қайьаланған заңда» суреттелген тамақтану ережесі болды. Р көптеген тыйымдардан Құдайдың қасиетті ерекшелігіне, адамдар мен Құдай арасындағы азапты айырмашылықты жоюға деген ғұрыптық талпынысты көрді. Израилдықтардың түсінігінше, Құдайдың шығармашылық әрекетіне еліктеген тұста, сүтті – еттен, тазаны – ластан, демалыс күнін басқа күндерден ажырата алғанда ғана адам болмысы қасиетті болады.
«Дінбасы» (Р) еңбегі J, Е авторларының баяндаулары және «Қайталанған заңмен» (D) қатар, Бес Кітапқа енгізілген. Бұл кез келген ірі діннің бірқатар ерікті көрегендік пен руханилықтың тәуелсіз формаларынан құралатынын тағы да еске салды. Кейбір яһудилер үнемі «Қайталанған заң» Құдайына ұмтылды. Ол израилдықтарды таңдаулы халық етті және оларды пұтқп табынушыларға батыл түрде қарсы қойды. Басқалары Исаға қатысты аңыздарды жақын қабылдады. Олар арқылы алдағы ақырет күні – Яхве күнінде Құдай Израилдың беделін көтеріп, басқаларын төмендетеді деп үміттендірді. Осындай мифологиялық көріністерде Құдай көбінесе өте алыс болып көрінді. Қуғын - сүргіннің вяқталуы – пайғамбарлық дәуірдің аяқталғанын меңзеді. Құдаймен төте сөйлесу ендігі жерде жоқ, тек Енох пен Даниил сынды өткеннің ұлы тұлғаларына тиесілі етілген символдық көріністер ғана ірге тепті. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Бір құдай Құдайтану баяны: Бір құдай
Пұтқа табынушылар, керісінше, құдайлар мен әдепкі әлем арасындағы ашық қарым - қатынастарды мадақтады. Бірақ Иезекиил көне діннен жұбанышты ештеңе
Құдайтану баяны: Бір құдай (жалғасы) Құдайтану баяны: Бір құдай (жалғасы)
Осияның баяны пайғамбарлардың Яхве бейнесін қалай дамытқанын егжей - тегжейлі ашып көрсетті. Бастапқы әрекетінде - ақ Яхве Осияға «бар да, жезөкшеге
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Інжілдің айтуынша, халық өз сөздеріне онша бекем болған жоқ. Соғыс уақытында Яхвенің қорғауына мұқтаж болған кезде ғана олар антты еске алды, ал
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
1917 жылы «Қасиеттілік идеясы» еңбегін жариялаған немістің дін тарихшысы Рудольф Отто діндарлықтың қайнар көзі дәл осы танылмайтынды сезіну екеніне
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×