ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
20.01.2022 478 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Әңгімелер
Құдайтану баяны: Әуелгіде
1917 жылы «Қасиеттілік идеясы» еңбегін жариялаған немістің дін тарихшысы Рудольф Отто діндарлықтың қайнар көзі дәл осы танылмайтынды сезіну екеніне күмәнданбаған. Дәл осы сезіну әлемнің пайда болуы немесе мораль негіздерін анықтауға талпыныстан бұрын келді. Танылмайтындық адамдар тарапынан түрлі түсінілді: бірде таңғажайыпқа, жабайылыққа, жүгенсіздікке толы қобалжуды білдірді, бірде мейілінше мамыражай күйді меңзеді, ал бірде үрейді, бас июді және өмірдің барлық саласын қамтитын құпия күшпен салыстырғанда, өзін дәрменсіз сезінуді аңғартты. Мифтерді ойлап тауып, өздерінің құдайларына табынған адамдар табиғат құбылыстарын егжей - тегжейлі түсіндіруге асықпаған. Рәміздік аңыздар, мүсіндер мен жартастағы суреттер – бұлар кереметті сезінуін жеткізу және осы бір ғаламдық жұмбақты күнделікті өмірмен байланыстыруға тырысу әрекеттері; дәл осы сезімдер қазір де ақындарды, суретшілер мен музыканттарды шабыттандырып келеді. Палеолит дәуірінде, мәселен, егіншілікпен шұғылдану пайда болған тұста құнарлықты қастерлеу идеясы Құдай - Ана культін туындатты. Археологтар оның жалаңаш жүкті әйел бейнесіндегі суреттерін бүкіл Еуропадан, Таяу Шығыс пен Үндістаннан тауып жатыр. Ұлы Ана ғасырлар бойы шығармашылық қиялдың басты арқауы болып келген. Көне Аспан Құдайы секілді, ол да кейінгі уақыттағы пантоеондарға енді және басқа байырғы құдайлармен бірге төрге жайғасты. Әдетте оны ең құдіретті құдайлар қатарына жатқызатын, тіпті ол қол жетпес Аспан Құдайынан да артық саналған. Оны көптеген халық шумерлік Инанна, бабылдық Иштар, ханаандық Анат, мысырлық Исида және гректік Афродита деген атаулармен таныды, ол туралы өте ұқсас аңыздардың кезігуі түрлі мәдени ортанын рухани өмірінде бұл әйел құдайдың маңызы зор болғанын нақтылай түседі. Бұл мифтердің егжей - тегжейлі түсіндірмелері болмаса да, сөзбен жеткізілмейтін өте күрделі ақиқатты ишарамен аңғартудың әрекеттері саналды. Құдайлар туралы шым - шытырыққа толы, көңіл тебірентетін әңгімелер адамдарға құдіретті, бірақ көзге көрінбейтін күштерге жақындық сезімін ауызекі түрде баяндауға көмектесетін.
Шамасы, ертедегі адамдар осы құдайлық өмірге белсене араласып отыру нағыз адам болуға мүмкіндік беретініне сенген. Жер бетіндегі өтпелі ғұмырдың қысқа көрінетіні соншалық – оған ылғи өлім қаупі төніп тұратын; құдайлардың әрекеттеріне еліктеу арқылы адам белгілі бір мөлшерде солардың қуаты мен болмысына иек артатын. Сол себептен дәл осы құдайлар адамдарға жоғары патшалықтағы құдайлардың үйіне ұқсайтын қалалар мен ғибадатханаларды соғуға үйретті деп есептелетін. Мифтерде суреттелетін құдайлардың қасиетті әлемі адамдар жетуге ұмтылатын идеал ғана емес, сонымен бірге адам тіршілігінің алғашқы бейнесі, осындағы, яки жер бетіндегі өмірді анықтайтын бастапқы архетип, кемел үлгі болды. Жердегінің барлығы құдайлық әлемнің көшірмесі саналатыны жайлы идея – көне халықтардың мифологиясын, ғұрыптары мен қоғамдық құрылымының негізін салды, тіпті қазір де көптеген дәстүрлі мәдениетте басым болып отыр. Мәселен, Көне Иранда әдепкі әлемнің әрбір адамы мен затына құдайлық болмыстың архетип әлемінің сыңары сәйкес келеді дегенге сенген. Қазір бізге бұл тұжырымдаманы қабылдау қиын, себебі жеке тұлға еркі мен тәуелсіздігі өміріміздің жоғары иедалдарына айналды.
Құдайға еліктеу – тынығатын сенбі күні болсын, қасиетті Құштарлық аптасында кедейлердің аяғын жуу болсын – қазір де діннің маңызды құрамдас бөлігі болып келеді. Өздігінше парықсыз көрінетін бұл әрекеттер бір заманда оларды Құдай жасаған делінетіндіктен ғана мәнді де қасиетті болып отыр.
Дәл осындай руханилық Көне Месопотамияда да болды. Тигр мен Евфрат алқабында (қазіргі Ирак) б. д. д. төрт мың жыл бұрын өркениетті әлемнің алғашқы ұлы мәдениеттерінің бірінің негізін салған шумерлер өмір сүрген. Ур, Урук және Киш қалаларында сына жазуы жетілдірілген, алып қамал - ғибадатханалар (зиккураттар) тұрғызылған, заңдардың, әдебиет пен мифологияның ғажап үлгілері жасалған. Көп кешікпей осы өлкеге семит - аккадтықтар баса көктеп кіріп, Шумердің тілі мен әдебиетін алады. Біраз уақыттан кейін, шамамен б. д. д. екі мың жыл бұрын, бертінде астанасы Бабыл болған аморейлер шумер - аккад өркениетін бағындырады. Ақырында, араға тағы бес жүз жыл салып, ассириялықтар көршілес Ашшурды басып алады; олар б. д. д. сегізінші ғасырда Бабылдың өзін жаулайды. Бірақ бабылдық дәстүр кейін көне израилдықтар үшін «Уәде етілген Жер» болған Ханаанның мифологиясы мен дініне ықпал етіп үлгереді. Көне әлемнің басқа халықтары сияқты, бабылдықтар да мәдени жетістіктерін өздерінің тіршілік салтын адамның мифтік арғы бабаларына ашып көрсеткен делінетін құдацларға тиесілі етті. Сол себептен Бабыл – құдацлар патшалығының үлгісі, ал оның әрбір ғибадатханасы аспан сарайының көшірмесі саналды. Жоғары әлеммен үзілмейтін байланыс жаңажылдық салтанаттар арқылы ғасырлардан - ғасырларға жетті, олар б. д. д. он жетінші ғасырдан бастап әр жылы аталып өтетін болған. Мереке нисан (сәуір) айында қасиетті Бабыл қаласында тойлатанатын еді: патша тағына салтанатты түрде жайғасатын, ал абыздар оның билігін тағы бір жылға созуға рұқсатын беретін. Алайда саяси тыныштық осы әлемді жаратып, ондағы бастапқы бейберекетсіздікті тәртіпке келтірген құдайлардың ұзақ та салиқалы билігінің бір бөлігі болғандықтан ғана сақтала алатын. Осылайша, ғұрыптық әрекеттер жаңа жылдық мейрамның қасиетті он бір күнінде қатысушыларды әдепкі уақыттан құдайлардың қастерлі де мәңгі әлеміне алып баратын. Өлім аузындағы Қарт Жылға арналып құрбандыққа теке (символикалық түрде бүкіл күнә мойнына артылып, далаға жіберілетін «күнәһар текенің» нақ өзі) сойылатын. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Бастапқы кезде адамдар барлық нәрсенің Алғашқы Себебі және көк пен жердің Иесі – Құдайды жаратты. Ол кезде оның бейнесі де, ғибадатханасы да,
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Ғаламды тұтас қабылдау тек Таяу Шығысқа ғана емес, барлық ежелгі әлемге тән болды. Б. д. д. VI ғасырда Пиндар сондай сенімнің гректік нұсқасын
Әуелгіде Әуелгіде
Әуелгі бейберекетсіздік көрінісі ретінде, халық алдында патшаның намысы қорланып, оның тағына маскарадтық киімдегі сайқымазақ отырғызылатын, содан
Адам өзін бақытты сезіну үшін...? Адам өзін бақытты сезіну үшін...?
Сонымен адамның бақыты өз қолында дегенге сенесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×