ойын сауық отауы
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
12.02.2022 492 0 Admin

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)

Аңыздар
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Інжілдің айтуынша, халық өз сөздеріне онша бекем болған жоқ. Соғыс уақытында Яхвенің қорғауына мұқтаж болған кезде ғана олар антты еске алды, ал бейбіт шақта бұрынғыша Ваал, Анат пен Асиратқа сиынды. Яхве культі басқалардан өзінің тарихи шындыққа жақындығымен күрт ерекшеленсе де, ол әдеттегі пұтқа табынушылық түсініктерінде жиі көрініс табатын. Сүлеймен (Соломон) патша Иерусалимде, әкесі Дәуіт иевусейлерден тартып алған қалада Яхве ғибадатханасын салдырғанда, құрылысы жағынан ханаан Құдайларының құрметіне тұрғызылған храмдардан қатты айырықшаланбады. Ол тең төртбұрышты үш бөлмеден тұрды, ал ғибадатхананың жүрегі «киелі орын» деп аталған текше пішіндес кішігірім бөлме болды, ол жерде израилдықтардың жылдар бойы шөл кезгенде, өздерімен бірге алып жүрген қасиетті мүлкі – Өсиет Қобдишасы сақталды. Ғибадатханада ханаандық мифтерде айтылатын алғашқы дәуір теңізі Иамның символы ретінде, қоладан жасалған үлкен көзе ыдыс және құнарлылық әйел құдайы Асираттың құрметіне арналған екі он метрлік баған орнатылды. Вефильде, Хевронда, Вифлеемде және Дандада, израилдықтар бұрындары ханаандықтар пұтқа табыну ғұрыптарын жүзеге асырған ғибадатханада Яхвеге сиынды. Иеруаслим ғибадатханасы көп ұзамай ерекше жағдайға ие болса да, онда сирек кездесетін ортодоксалды емес шаралар да өткізілгеніне көзіміз жететін болады. Ғибадатхананы Яхвенің аспан сарайына ұқсата бастайды. Израилдықтардың күзде тойланатын өз Жаңа жыл мейрамы пайда болды: Тазару күнінде күнәһар текемен байланысты рәсім өткізілетін, ал бес күннен кейін келетін Кернейлер күнінде егіншілік маусымының басталуына орай, астыққа мадақ айтылатын. Кейбір діни жырлар, Мардуктың зиккурат төріне жайғасқаны сияқты, Яхвенің Кернейлер күні ғибадатхана тағына отыру оқиғасына арналып, алғашқы бейберекетсіздікті (хаосты) ауыздықтау құбылысын бейнелеген деп топшыланды. Сүлеймен патша да аса қаталдығымен ерекшеленбейтін: оның пұтқа табынатын көп әйелі өз құдайларына құлшылық етті, ол көршілерінің нанымдарына да біршама жылы шырай танытты.
Яхве культінің халыққа етене пұтқа табынушылықтың құрамына толықтай жұтылып кету қаупі қашан да болған, бұл жайт әсіресе тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында ушыққан. Б. д. д. 869 жылы Ахав Солтүстік Патшалықтың билеушісі болады. Оның әйелі, Тир мен Сидон (қазіргі Ливан) патшасының қызы Иезавель пұтқа табынушылыққа құлай берлігендіктен, израилдықтарды Ваал мен Асират дініне кіргізбекші болады. Оның қолдауын пайдаланған Ваал абыздары солтүстіктегілермен тез тіл табысады, ал кезінде Дәуіт патша бағындырған бұл жердегілер Яхвеге салқын қабақ танытатын. Ахавтың өзі Яхвеге сенімін сақтайды, бірақ Иезавельдің басқа дінді тарату әрекеттеріне қарсы болмайды. Алайда оның билігінің соңында, елді алапат құрғақшылық жайлаған кезде, Ілияс (тік. ауд: «Яхве» - менің Құдайым») деген пайғамбар пайда болады. Ол ұзын жен шекпенін тері белдікпен буып алып, ел кезіп жүрді және Яхвеге сатқындық жасағандарды ауыр жаза күтіп тұр деп қорқытты. Ілияс (Илия) Яхве мен Ваалдың күштерін салыстырып көрмек болып, халықпен бірге Ахав патшаның өзін Кармил тауына шақырды. Ваалдың 40 пайғамбары қатысып отырған сол жерде ол: «Қашанға дейін екі Құдайдың арасында сабылып жүресіңдер?» деп жалынды сөз сөйлейді: содн кейін оның белгі беруімен құрбандық шалатын орынға: бірі – Ілияс үшін, екіншісі Ваал пайғамбарлары үшін деп екі бұзау (торпақ) қойылады. Бақталастар Құдайларына жалбарынғанда, кімнің құдайы аспаннан от жіберіп, құрбандықты жалмайтынын көздерімен көрулері керек болды. «Жақсы!» - десті халық. Ваал пайғамбарлары таң атқаннан құдайларының атын атап шақырып, құрбандықты айнала селкілдеп билейді, өкіріп жылап жүріп, өздерін пышақпен де, найзамен де түйрейді, бірақ «дыбыс та, жауап та болмайды». «Қатты дауыстаңдар, - деп Ілияс оларды одан ары масқаалай түсті, - бұл Құдай ғой: ол ойланып кеткен шығар, немесе шұғылданып отырған жұмысы бар шығар немесе жол үстінде болар, мүмкін ол ұйықтап жатқан шығар, онда аятыңдар». Бірақ ештеңе де болған жоқ: бұрынғыша «дыбыс та, жауап та жоқ, құлаққа ұрған танадай тыныштық».
Ілиястың кезегі келеді. Яхвенің құрбандық орнына жақындайды, пайғамбар болса, айналдыра ор қазып, ылғал тартқан отынның жануы қиындау үшін оған су толтырады. Кенет Ілияс Яхвенің атын атағаны сол еді, аспаннан от түсіп, бұзауды, құрбандық орнын, тіпті ордағы суды қоса жалмайды. Халық етпетінен жығылады. «Құдайыдң (Яхве) аты – Құдай! – деп айқайлады халық. – Құдайдың аты – Құдай!». Дегенмен Ілияс аса мейірімді жеңімпаз емес екен. «Ваалдық пайғамбарларды тұтқындаңдар, - деп бұйырды ол, - біреуі де қашып кетпесін»; кейін өзі абыздарды жақын маңдағы аңғарға алып барып, барлығын түйреп өлтіреді». Пұтқа табынушылық әдетте басқа халықтарға өзін - өзі таңбайды (бұл орайда Иезавель – бір түрлі қызық ерекшелік!, өйткені жаңа құдайларға қашан да орын табылады. Ілиястың әрекеттері туралы көне мифтік хикаялар иеговизмнің әу бастан бөтен сенімге тыйым салғанын және толығымен жоққа шығарғанын көрсетеді. Қырғыннан кейін Ілияс Кармил тауына көтеріліп, басын тізелерінің арасына қойып, ғибадат жасауға кіріседі, арагідік қызметшісін көкжиекті қарап келуге жұмсайды. Қызметшісі теңіздің үстінен «адамның алақанына сыйып кететіндей», титтей ғана бұлтты көргенін хабарлайды, Ілияс оған Ахав патшаға барып, нөсер жауынның астында қалмай тұрғанда, үйіне жетіп алуы керектігін айтуды тапсырады. Сол екі ортада бұлт пен желден аспан түнеріп, үлкен жауын басталды, көңілі шатыққа толған Ілияс белдігін қыса тартып, ахавтың күймесінің алдына түсіп, жүгіріп бара жатты. Жауын жіберген Яхве дауыл құдайы болған Ваалдың билігін тып - типыл етіп, әскери әрекеттермен қоса, егіншілік ісін де жетік игергенін дәлелдеді,
Абыздарға жасаған соққысы үшін кекке ұшыраудан сақтанған Ілияс Синай түбегіне қашып барады және Мұсаға Құдай көрінген тауда жасырынады. Сол жерде иеговизмнің жаңа руханилығы белгі берген Құдайыдң көрінісі болады. Құдайдың көрінісімен қабаттаса жэүретін қауіп - қатерден сақтануы үшін Ілиясқа жартастың жықпылына барып жасырына тұру бұйырылады:
«Міне, Құдай (Яхве) алдынан тауларды жарып, жартастарды бұзатын үлкен де күшті жел өтер, бірақ Құдай желде емес. Жерден кейін зілзала болады, бірақ Құдай зілзалада емес. Зілзаладан соң от болады, бірақ Құдай отта емес. Оттан кейін самал жел еседі. Осыны естіген Ілияс бетін мейірімділікпен бүркейді. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
«Болмыстың» он сегізінші тарауында J Құдайдың Ибраһимге Хеврон маңындағы Мамре орманында көрінгенін айтқан. Ибраһим назарын салғанда, «күндізгі
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Монотеистік діндердің үшеуінде де мифтің зор маңыз атқарғанына қарамастан, біз әлі яхвенің Шығуда қатал және жендет Құдай болып қалмағанына көзіміз
Құдайтану баяны: «Медиандық теория» Құдайтану баяны: «Медиандық теория»
Яхвенің алғашқыда Мадиан жерінің Құдайы болғаны туралы «Медиандық теория» деп аталатын болжамды қазіргі таңда ешкім де мойындамайды, бірақ дәл сол
Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы) Құдайтану баяны: Әуелгіде (жалғасы)
Жақып Вефилден кетпес бұрын, көзбен көрген Құдайын өзінің элохимі етуге шешім қабылдайды; бұл ұғым өз бойына адамдардың құдайлардан қаншалықты мән
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Алайда Яхве деген кім? Ибраһим бас иген Құдай Мұсаның да Құдайы ма, тек аты бөлек пе? Қазіргі таңда бұл сұрақ өте маңызды. Бірақ Тәурат, бір
Құдайтану баяны: Әуелгіде Құдайтану баяны: Әуелгіде
Құдайдың өлімі, әйел құдайдың сергелдеңі мен екеуінің Құдай патшалығына жеңісті оралуы – әлемнің көптеген мәдениетінің тұрақты діни сюжеті. Ол
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×