Күй аңызы: Алшаңкер
Аңыздар
Күй аңызы: Алшаңкер
... Ертеде Базарқұл Байынқара деген кісі болыпты. Ол киімді тым сәндеп киетін сәнқой, атты таңдап, баптап мінетін мырза екен. Бір жолы бір ауылда үлкен той болып, тойдың дыр - думанын анадайдағы дөң басына шығып, тамашалап тұрған ел ағалары, топ арасынан өзімен аты құп жарасқан, атқа отырысы мен дене бітімі келіскен бір жігітке таңырқасып қалады.
Бұлардың өзін сөз қып тұрғанын аңғармаған әлгі жігіт қоңыр атты алшаң бастырып көлденеңдей өте берген екен. Мәми Бейсі қасындағыларға:
- Әке - ау, керейден де мұндай келісті азамат, осындай әдемі ат шығады екен - ау?! - депті.
Мұны өз құлағымен естіп Бейсімен бірге таңырқаған бір күйші, әлгі жігіттің қоңыр атының алшаңдай басқан әсем жүрісіне «Алшаңкер» деген күй арнаған екен.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Жаяу делдал
Ертеде бір сыбызғышы бай болыпты. Сыбызғының назды қоңыр үнін ести - ести жылқылары да сыбызғы дауысына әбден үйреніп алыпты. Бай сыбызғы тартқанда
Күй аңызы: Қос ішек
Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызы. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы -
Күй аңызы: Теріс қақпай
Ертеде Маңғыстау жерінде ұлан - асыр той болыпты. Өңірдің бетке ұстарлары жиналған жиында күй тартысы да өтіпті. Күй тартысқа үш домбырашы қатысқан
Күй аңызы: Терісқақпай
Әлшекейдің күйі. Аңызы былай баяндалады: ... Қоңыраттың Құйысқансыз деген ауылында жесір дауы болыпты. Дауды Нұржан деген қыңыр би теріс шешеді.
Күй аңызы: Қосбасар
Тәттімбет «Қырық буын Қосбасар» деген күй дәстүрін қалыптастырған күйші ретінде аты елге белгілі болған. Қосбасарларын тараулата тартып таңнан -
Күй аңызы: Көкейкесті
Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда ол өзінің басынан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында