ойын сауық отауы
Күй аңызы: Көкейкесті
03.02.2022 850 0 Admin

Күй аңызы: Көкейкесті

Аңыздар
Күй аңызы: Көкейкесті
... Тәттімбет өмірінің соңғы жылдары болса керек. Бірде күйші қатты науқастанып қалады. Сонда ол өзінің басынан кешкен өмірін еске алып, халқының алдында өтелген - өтелмеген парызын ой таразысына салады да, өзінен - өзі мұңға батады. «Көкейде жүрген арманымды толғай алмай кететін болдым - ау» деп ширығады, жанарына ыстық жас үйіріледі. Мұңдас - сырлас дос - жарандарының хал - жайын ойлайды.
Сөйтіп, толғанып жатқанда елдің бір азаматы келіп көңілін серпілткісі келеді. Тәттімбет күйлерінің ел арасына кең таралғанын, мұрагер шәкірттерінің көбейіп келе жатқанын әңгімеге арқау етеді. Бірақ Тәттімбет өз арманының әлі орындалмағанын ойлап, іштей назаланады. Осы тұста күй толғағысы келіп, домбырасына қол созады. Отырғандар жүкке сүйеулі тұрған қоңыр домбырасын қолына ұстатады. Тәттімбет жастығын биіктетіп, домбыраны кеудесіне сүйеп, шалқалап жатып, сыры терең, толғанысты бір күй тартады. Күңіренген күй әуені отырғандардың сай - сүйегін сырқыратады. «Бұл күйіңізді жаңа естіп отырмыз, қандай күй болды екен?» - деп сұрайды. Сонда, Тәттімбет: «Көкейкесті» болсын, - деген екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Зар қосбасар Күй аңызы: Зар қосбасар
Күйші Мәді Шәутиев 1928 жылдары көзден айырылған шағында, әкесі Шалқы мен анасы Маржанға осы күйді арнайды. Ерте қайтқан әкесі мен шешесіне өз
Туыстық атаулар сыры: мұрагер Туыстық атаулар сыры: мұрагер
Мұрагер (ер, әйел) – әкеден қалған мал - мүліктің иесі. Егер әкесі, шешесі қайтыс болса, оның жиған - тергені, барлық қазына мал - мүлкі оның
Күй аңызы: Қоңыр Күй аңызы: Қоңыр
Бірде Қоңыр төре өзінің бой жетіп отырған қызының жасауын келістіру үшін Алтынбек зергерді арнайы шақыртып, жаз бойы зер бұйым жасатады. Алтынбекпен
Күй аңызы: Адай Күй аңызы: Адай
... Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты -
Күй аңызы: Арман Күй аңызы: Арман
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді,
Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем Аман бол, шешем, аман бол... ертең кетем
... Көпшілік тараған соң, Алқа баласына өзінің көптен ойлап жүрген бір ойын оңашалап айтады. Ол Құрманғазының жасы болса келе жатқанын, енді
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×