ойын сауық отауы
Желшешек – Ветрянка
29.11.2018 21 802 0 Дауыл

Желшешек – Ветрянка

Денсаулық
Желшешек – (Ветрянка)

Желшешек – аздап уыттануымен, дене қызуының көтерілуімен, денеге және сілекейлі қабыққа ішінде сұйықтығы бар кішкентай көпіршікті сулы бөртпелер шығуымен сипатталатын жұқпалы вирустық ауру. Қоздырғышы вирус. Вирус тез таралады, бірақ сыртқы ортаға аса төзімді емес.

Желшешекпен балабақшаға баратын және бастауыш сыныптарда оқитын балалар жиі, ал екі жасқа дейінгі және ересек балалар сирек ауырады. Күздің соңғы айлары мен қыстың бастапқы айларында ауру үдей түседі.

Желшешек ауа - тамшы жолы арқылы таралады, яғни науқастан сау адамға сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде беріледі. Вирустық аурудың бұл түрі дені сау баланың сырқат баламен ойнап бірге жүрген кезінен 2 - 3 апта өткесін барып басталады.

Вирус жоғары тыныс жолдары арқылы еніп, қанға, қан арқылы тері мен сілекейлі қабықтарға таралады. Желшешек вирусы эпителий жасушаларын зақымдайды. Ішкі мүшелерге (мәселен, көкбауыр, өкпе, ұйқы безі, бауыр, т. б.) жұғуы да мүмкін.

Желшешекпен ауырып, сауыққаннан кейін әрбір ересек адамда өмір бойы тұрақты иммунитет қалыптасып, желшешекпен қайта ауырмайды. 30 жастан асқан адамдар үшін аурудың инкубациялық кезеңі – 11 - 21 күн, ал 30 жасқа дейінгілер үшін 13 - 17 күн (орта есеппен 14 күн). Ауырған адамдар бөртпелер пайда болғанға дейін 2 күн бұрын және бөртпелер қабықпен қапталғанша қаупі болады. Желшешекпен ауырған балаларда, әдетте, ауруға қарсы өмірлік иммунитет қалыптасады.

Аурудың жалпы белгілері:
Дене қызуының көтерілуі (37, 7°– 38, 8°C);
Тері суланып күлдіреп, теріде бөртпелер пайда болады;
Бастапқыда кішкентай қызыл қышымалы дақтар көрінеді;
Ол кейіннен сулы бөртпелер мен күлдіреуге, содан кейін бірте - бірте жарылып қатпарларға айналады;
Олар алғашқы кезде кеудеде, іште, қол мен аяқта, арқа және бетте пайда болып, кейіннен бүкіл денеге, оның ішінде бас терісі, ауыз, мұрын, құлақ және жыныс мүшелеріне таралады;
Дақ, күлдіреу және қатпарлар бір мезгілде байқалуы мүмкін. Мұндай кезде дене қызуы көтерілмейді;
Дене қышиды;
Әсіресе ауыз қуысы, жыныс мүшелері, көздің шырышты қабығы, саусақ арасы мен бармақ аралығына шыққан бөртпелердің қышуы қиындық туғызады, науқастың мазасын кетіреді;
Тамақтың, бастың, арқаның ауруы;
Тамаққа тәбеттің төмендеуі;
Жалпы әлсіздік;
Тоңып, дірілдеуі мүмкін.

Емдеу:
Науқастарды әдетте үйде емдейді, тек аурудың ауыр түрінде немесе асқынған жағдайда балаларды ауруханаға жатқызады. Тазалық пен жақсы күтім қажет. Басқа инфекциялық аурулардың жұғуынан сақтану керек. Көпіршіктер тез кебу үшін бөртпелерге калий марганец қышқылының ерітіндісін, жасыл дәрі (зеленка) жағу керек. Бөртпелер кепкеннен кейін жылы суға жуынып, алса болады. Тамақ ішіп болғаннан кейін ауызды міндетті түрде шаю керек. Іріңді асқынулар болған жағдайда антибиотиктер тағайындалады. Бала жараның бетін қасып тастамауын қадағалаңыз. Баланың көңілін аулап, тырнағын алып тастау керек. Төсек орнын ауыстырып тұрған абзал. Ыстықтан алшақ ұстаған дұрыс. Өйткені науқас ыстықтаған сайын терлей түседі, ал тер қышуды өршіте түседі.

Жалпы желшешекті емдеу науқастың жасы, денсаулық жағдайы мен аурудың ағымына байланысты жүргізіледі.

Егер бала желшешектен басқа ешқандай аурумен ауырмаса, онда оны тек үйде емдеуге болады,

Балаларға қарағанда жасөспірімдер мен ересектерде ауру белгілері айтарлықтай ауыр болады. Түрлі асқынулар өршуі мүмкін. Әсіресе жүкті әйелдер мен иммундық жүйесінде бұзылыстар бар адамдар дәрігерлер қадағалауында болуы керек. Ауру белгісі байқалған жағдайда олар өз бетінше емделуге болмайды.

Кейбір науқастарға аурудың ағымын қысқарту үшін вирусқа қарсы препараттар тағайындайды.

Аурудың алдын алу:
Белгілі бір алдын алу шарасы жоқ. Ауруға қарсы вакцина салынады. Желшешекпен ауырған науқасты бөлек ұстайды. Ауру асқынбаған жағдайда, бөртпелердің соңғы элементі шыққаннан соң 6 күннен кейін бала елмен араласа берсе болады.

Желшешекпен ауырған кезде пайдалы дәрлер:
Қышынуды басатын емдік дәрілер (таблетка): Лоратадин, Фенкарол, Ацикловир.
Ыстықты түсіруге арналған дәрілер балалар үшін: Ибупрофен, Ибуфен.
Терідегі дақтардың тез жазылу үшін крем – Ацикловир
Дәрінің мөлшерін қадағалаған жөн. Нұсқаулықты оқып танысып барып қолданыңыз. Дәріне мөлшерден артық қолдануға болмайды.
Желшешек – Ветрянка Жүктеу

Адам туралы қызықты деректер Адам туралы қызықты деректер
Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан асады. 7 айға дейін нәресте бір уақытта дем алып, жұта алады.
Шешек ауруының шығу тарихы (Чёрная оспа) Шешек ауруының шығу тарихы (Чёрная оспа)
Шешек (оспа), қазір табиғатта жоқ - бұл адам толығымен жеңген алғашқы ауру. Алғаш рет шешек індеті Таяу Шығыста егжей-тегжейлі сипатталған. IV
Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы Испан тұмауы немесе "испанка" ауруының тарихы
Алғашқы науқастар Францияда 1918 жылдың сәуірінде пайда болғанына қарамастан, тұмаудың өз атауын Испания еуропалық елдердің бірінші болып аурудың
Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы
Алда қыс айлары келе жатыр, бәріміз бір рет болса да аурымай тұрмайтынымыз шындық. Осы кезде үй аптекасында мынадай дәрілер болғаны абзал, есте
Бас ауруы Бас ауруы
Бас ауыруы. Бас ауыруының себептері қандай? Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
Әуелгі байлық — ден саулық, Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақ жаулық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×