«Пияз сорпасының» кереметі
Денсаулық
Жас кезде көбіміз денсаулық туралы онша ойлана бермейміз де, кейін басымызға түскен соң түрлі ем тәсілдерін жинақтап жүретініміз рас. Менің де керек болар деп түртіп алып жүрген «киіз кітабым» бар. Соның ішіндегі өзім «пияз сорпасы» деп атайтын мына бір ем көңіліме қонымды болып тұр.
Екі кило пиязды қабығынан аршып, ұсақ етіп турайды. Оны екі кило шекермен араластыру керек. Сосын ыңғайлы ыдыс – мейлінше эмаль кастрюльге салып, баяу отқа қояды. Асты күйіп кетпес үшін жиі қозғап тұрған дұрыс. Шекер толық еріп, пиязбен араласқанда 2 - 2, 5 литр «сорпа» шығады. Оны шағын шыны ыдыстарға бөліп құйып қойған жақсы. Салқын, қараңғы жерде сақтаңыз. Тоңазытқышқа салуға да болады. Бұл үш апта – 21 күндік бір емдік курсқа жететін мөлшер.
«Пияз сорпасын» күніне 3 рет, 1 ас қасықтан ішеді де, артынша жарты стакан жылы су ішіп жіберген жөн. Бұл күндері мейлінше сұйық ас, суды жиірек ішіп жүргені дұрыс. Бүйрегінде, несеп жолында құм, тұз бар адамдар, 2 - 5 күн аралығында зәрмен бірге тұздың еріп, майда құм мен ұсақ тастардың түсе бастағанын байқайды.
Бала күнімізде ағаш басына шығып алып, көк өрік пен алманы тұзға батырып жеуші едік қой. Сіріңкенің қорабына тұз салып алып, тіліміз ойылғанша, қарнымыз тойғанша, естеріңізде ме? Оның бәрі ізсіз кетпейді екен, есейе келе бүйрек сыздап, пиелонефрит деген диагноз қойды. Жылына 2 - 3 рет ем алып жүрсем де бүйректің сыздап, мазаны алатыны бар. Тұз жиналған. Осы тұз ғой біртіндеп бірігіп, қатайып, тасқа айналатын. Жағдайды оған жеткізгім келмеді. Ауру жаныма батқан күні ем іздедім. Қай амалдың да оңай, жеңіл болғаны жақсы ғой. «Пияз сорпасы» соған сай келе қалды. Нәтижесі көңілімнен шықты. Ірі тас болса, орнынан қозғап, қатер төндіреді дейтіндей емес екен, тұз бен құмды шығарады.

Пияз қосылған қаттама нан (қатпарлы нан)
Пияз қосылған дәмді қаттама нан (қатпарлы нан) дайындау тәсілі
Қарапайым дәмді салат
Жұмыртқаның барлығын жарып араластырып, табаға аздап май құйып жұмыртқаны төрт бөліп қуырып алыңыз.
Қуырылған ет пен қияр салаты (Огурцы с мясом)
Қиярды жуып тазалап алған соң, ортасынан екіге бөліп, ұзынынан тағы 2 - 3 - ке бөліңіз. Ұзынша ірі етіп турау керек. Тұз сеуіп араластырып қойыңыз.
Қуырылған қырыққабатты (капуста) қамырға орап
Ең алдымен көкөністерді тазалап, тез пісетіндей майдалау етіп турап, табаға май құйып 2-3 минут қуырып отты жай басып 10-15 минут бұқтырып қойыңыз.
Бәліш (пирожки)
Сүтті жай отта қойып жылытып алу керек. Жылы сүтке шекер, ашытқы, тұз, сұйық майды құйып араластырыңыз. Ұнды електен өткізіп салып жұмсақ етіп қамыр
Котлет
Ең алдымен нанды майдалап турап сүтке салып жібітіп қою керек. Пиязды қабығынан тазалап жуып алып, төртбұрышты етіп майдалап турайды.