ойын сауық отауы
Денсаулыққа пайдалы әдеттер.
28.07.2018 3 731 0 Дауыл

Денсаулыққа пайдалы әдеттер.

Денсаулық
Егер бақытты сезінгің келсе:
1. Позитивті адамдармен сөйлесіңіз.
2. Бір күн ішінде бастан өткен ең қызықты 3 оқиғаны жазып отырыңыз.
3. Көбірек күліңіз, қуаныш гармондары жұмыс істеуіңізді жақсартады.
4. Күншуақта көбірек уақыт өткізу керек.
5. Күніне кем дегенде 20 минут қозғалу керек.
6. Итпен серуендеңіз.
7. Күніне бір адамды болса да құшақтаңыз.
8. Ескі немесе жақын досыңызға қоңырау шалыңыз.
9. Сізге рахат әкелетін, демалдыратын іске күнде 30 минут бөліңіз.
10. Кішкентай болса да жаңа зат сатып алыңыз.

Стресспен жақсырақ күрескіңіз келсе:
1. Екі минут көлемінде терең демалыңыз.
2. 10 минуттық жаттығу жасаңыз.
3. Демалдыратын әуен, не ән тыңдаңыз
4. Жақындарыңызбен бөлісіңіз
5. Стресс тудыратын нәрседен уақытша құтылыңыз. Кездесуден 5 минутқа шығып кетіңіз немесе қиыншылық тудырған жұмысты доғараңыз.
6. Герань немесе лаванданың эфир майларын иіскеңіз. Олар қан қысымын төмендетеді.
7. Күншуақта 5 минут отыра тұрыңыз.
8. Сурет салыңыз.
9. Досыңызбен 10 минут сөйлесіңіз.
10. Өзіңізге назар аударыңыз.
11. Көз қағып алыңыз.
12. Сағыз шайнаңыз.

Өзіңізді сенімді сезіңгіңіз келсе:
1. Өзіңіңдегі ұнайтын үш қасиетті жазып, дауыстап оқыңыз.
2. Қолдарды төмен салбыратып, тіке тұрыңыз.
3. Сізге ең жарасымды тұратын киімді киіңіз.
4. Сенімділік керек болуы мүмкін ең қиын жағдайға дайындалыңыз.
5. Бойдағы қорқыныш сезіміне бой алдырмау керек. Оның орнына жеке шығып, керіліп не кішігірім жаттығу жасап алыңыз.
6. Қорғансыздық сезімді жеңу үшін, басқа адамдарға назар аударыңыз.
7. Жоспарланған әрекеттерді ойша қайталаңыз, еске түсіріңіз.

Рухани дамығыңыз келсе:
1. Күнделікті түрде рухани кітаптарды оқуға 15 минут уақыт бөліңіз (Мысалы, Құран)
2. Орманда, бақта серуеңдеңіз.
3. Басқа адамның жасаған жақсылығын есіңізге түсіріп, ойлаңыз.
4. Бір материалды нәрседен немесе физикалық қалаудан бас тартыңыз.
5. Өзіңіз секілді ойлайтындар қатарына қосылыңыз.
6. Жұлдыздарға қараңыз.
7. Күннің шығысы немесе батысын жиі тамашалаңыз.
8. Бүгін кездескен адам сізге қалай әсер еткенін жазып отырыңыз.

Зейінді күшейткіңіз келсе:
1. Медитациямен айналысыңыз. Күнде 15 минут тауып, тыныш жерде, көз жұмып ойланыңыз.
2. Қасыңыздағы заттарға баса назар аударыңыз.
3. Дәл қазіргі сезіміңіз туралы ойлаңыз. Мысалы, соғып тұрған желді, теріге тиген заттарды сезу.
4. Сезімталдықты оятыңыз. Қасыңыздағы адам не себепті уайымдап отыр көңіл бөліңіз.

Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын әдістер Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын әдістер
Түрлі гаджеттер мен интернет көп уақытты алады. Ұялы телефондағы, планшеттегі және компьютердегі хабарламаны өшіріп қойыңыз. Дем алатын кезде
Өмірге қажетті кеңестер Өмірге қажетті кеңестер
Денсаулық: 1. Көп су ішіңіз. 2. Таңғы асыңызды патшадай, түскі асыңызды ханзада сияқты, ал кешкі асыңызды «тіленшідей» ішіңіз. 3. Табиғат өнімдерін
Мұны өзіңіз жасай аласыз. Мұны өзіңіз жасай аласыз.
Ревматизм асқынған кезде көктемде немесе күзде қазылған ошаған тамырынан 15 грамын 300 грамм суға 7 минут қайнатып, бұқтырады.
Өміріңді жақсы жағына өзгертуде – жалқауланба! Өміріңді жақсы жағына өзгертуде – жалқауланба!
Есте сақтаңыз, өмір – мектеп, сіз мұнда оны танып, білуге келдіңіз.
Жақсы өмір сүргісі келетін жандардың назарына Жақсы өмір сүргісі келетін жандардың назарына
1. Мүлдем кері кеткен істерді де байқап көр. 2. 20 минутқа ерте тұрыңыз. 3. Барлық кештерге және жиналыстарға 10 минутқа ерте барыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×