Кәріқыз
Денсаулық
Бабалар ізімен
Кәріқыз
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын кәріқыз өсімдігі бір жылдық болып өседі.
Биіктігі 50 - 70 см аралығында, жапырақтары жазылған алақан тәрізді үшбұрыштылау болып келеді.
Оның жиектері ара тісті, жапырақ асты бозғылт, қатқыл түкшелері болады.
Гүл шоғыры сабақ басында, жапырақ қолтығында өседі.
Тұқымы жұмыртқа тәрізді, сыртын қатқыл тікендер қоршап тұрады.
Соны жарып қараған адам оның ішінен күнбағыс тұқымына ұқсас екі тал дәнін көреді.
Ол жол жағасында, егістік басында, арасында, өзен бойларында өсе береді.
Тұқымы топыраққа ілінсе болғаны жағдай талғамай көктейді. Жеміс береді.
Кәріқыздың шөбі тұқымы дәрі болады. Тұқымын күзде піскен кезде, шөбін жазда орып алып, көлеңкеде кептіреді. Тұқымының дәмі тәтті, жылы райлы, аз уы болады. Шөбінің дәмі ащылау кермек, суық райлы, аз уы бар. Екеуі де адам денесіндегі жел, құзды қуады.
1. Созылмалы мұрын қабынуға, мұрын қуысында артық су жиналуға кәріқыз жемісінен 10 г (тікенінен аршылған), дағұр балдырған 15 г, ұсақ жапырақты жалбыздан 5 г - ды 300 г суға 3 минут ақырын қайнатып, әр жолы 100 грамнан астан 30 минут бұрын ішеді. Күніне 3 рет, бір емделу барысы 15 күн.
2. Тілі шықпай мақау болып қалуға кәріқыз шөбінен 50 грамды 500 г суға қоймалжың болғанша қайнатып, күніне үш мезгіл ішеді.
Күн сайын жаңадан дайындалуы керек.
3. Алқым безі ісінуге 20 г, кәріқыз шөбін 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, 30 минут бұқтырады. Осыны астан бұрын үшке бөліп ішеді. Күн сайын жаңадан дайындалады. Бір емделу барысы 20 күн.
4. Орта құлақ қабынуға кәріқыз тұқымынан 15 г, бұйда кендір шөбінен 15 грамды суға қайнатып, ішеді.
5. Ешкі қотырға, есекжемге, сұлы бөртпеге кәріқыз тұқымынан 9 г, изеннен 9 г, бақажапырақтан 60 г, топиын қабығынан 15 граммды қосып, 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, жылыдай теріні жуады.
6. Тістің түбін құрт жесе, тіс түбі қабынып, босаса, кәріқыз жемісін тікенінен аршып, жақсылап қуырып, ұнтақтап 60 грамын бір жұмыртқаға араластырып, күнделікті астан 2 сағат бұрын күніне 3 рет шағындап жейді. Оған тұз, май қосылмайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кәріқыз Кәріқыз шөбі дәрілік өсімдік халық емі денсаулыққа пайдалы өсімдіктер Ешкі қотырға есекжемге сұлы бөртпеге
Күнбағыс майы
Көпшілігіміз күнделікті ас-ауқатқа қолданатын күнбағыс майын дұрыс қолданса, емдік әсері дәрі - дәрмектен кем түспейді деседі.
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Құмырсқалардың адамға пайдасы
Қазақ халқы құмырсқа қылықтарымен ауа райының өзгерісін алдын ала болжап, білген деседі. Күзде құмырсқалар илеу үйіндісін өте биіктетсе, сол жылы қыс
Түн. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығынан
Желменен тербелсе жапырақ, Мен оны ойлаймын жатып ап. Бір кезде әйнектің сыртынан, таныс үн Тілдері күрмеле шақырад.
Ауыз қуысы мен тісті күтудің қарапайым тәсілі.
Бұл тәсіл тісті ағартуда, тісті тастардан тазартуда, қызыл иектің ауруы кезінде, ауыз қуысына шығатын жағымсыз иіспен күресуде өте тиімді әсер береді.
Ақсақ Темір сөзі
«Жиһан деген нe нәрсе?- Алақанның ауданы! Бір ауданда көй Тәңірі Болудың тіпті жоқ сәні.