Күнбағыс майы
Денсаулық
Көпшілігіміз күнделікті ас-ауқатқа қолданатын күнбағыс майын дұрыс қолданса, емдік әсері дәрі - дәрмектен кем түспейді деседі. Бір жақсысы, ол қолжетімді, әрбір үйден табылатыны анық. Сондықтан керек кезде қолдануға тиімді мына рецептерді ұсынуды жөн көрдік:
Күнбағыс майын аяқтағы мүйізгекті (мозоль) кетіруге қолдануға болады. Ол үшін 7 - 10 күн бойы жатарда аяқты жылы сумен жуып, күнбағыс майын сіңдіре жағып, уқалайсыз. 3 - 4 күні - ақ мүйізгектің жойыла бастағаны байқалуы тиіс.
Жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында майды аздап жылытып, оған дәкені батырып, компресс жасайсыз. Сыртынан полиэтилен пакетпен және жылы орамалмен орап тастау керек. Компресті май суығанша ұстайсыз.
Денедегі терең жараны жылы сумен жуып, күнбағыс майы сіңдірілген дәкемен орап қойыңыз. Май жараға сіңуі тиіс. 3 - 4 күннен кейін жараның беті тегістеле бастайды.
Іріңді гайморит кезінде 1 ас қасық күнбағыс майын ауызға салып, оны кәмпит тәрізді сору керек. 10 - 15 минуттан кейін ол ауыз қуысында қоюлана бастайды. Сосын қайтадан сұйылады. Осы кезде түкіріп тастайсыз. Таңертең ашқарынға және кешке жатарда қайталай жүрсеңіз көп ұзамай шипасын сезінесіз.
Тырнақтың сынғыштығы кезінде аптасына 2 рет жылытылған майға саусақтарды батырып отырсаңыз әсері жақсы. Ол тырнақты қатайтып, бекіте түседі.
Жатыр мойны эрозиясында түймедақ, қалампыр шөптерінен азырақ майға араластырып, су моншасында жарты сағат бұқтырасыз. Оны бірнеше қабатталған дәкемен сүзіп алып, тампон қойса тез жазылады.
Халық емінде күнбағыс майының осындай көмегі бар. Оның тазартылған түрін холецистит, холангит, өт айдауда қолданса да болады екен. Бірақ, әрине, мөлшері мен қолдану тәсілін білген жөн және бұл жағдайда дәрігермен кеңесу керек екені түсінікті.

Буын аурулары көбінесе жас кезінде аяғынан суық өткен жағдайда, генетикалық ауру жағдайында, 50 жастан асқан әйелдерде көптеп кездеседі. Соның ішінде

Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын

Бронхит, пневмониямен ауырғандарға қаздың майы өте жақсы жәрдемдеседі. Қаздың майлы етінен сорпа жасап, оны жылыдай, тамақ арасында күніне үш - төрт

Қолыңыз әдемі болсын десеңіз, күтім жасаңыз Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.

Бет терісінің әжімі мен шаршау белгілерінен арылтатын бұл табиғи маска тиімділігімен ерекшеленеді.

Қыстан жаңа шыққан мезгілде яғни көктем келісімен адам организмі витаминді керек ете бастайды.