ойын сауық отауы
Зерделі зерттеу: Музыка емі
03.02.2022 407 0 Admin

Зерделі зерттеу: Музыка емі

Денсаулық
Зерделі зерттеу: Музыка емі
Кэтрин Цукерман
Шала туылған сәбилердің дамуы кешеуілдеуі мүмкін. «Музыка» жобасы бөбектердің дамуына үлес қоса алады.
Соңғы 20 жылда сәбилер шала, яғни 37 аптаға толмай дүниеге көп келе бастады. Жатыр­дағы нәрлі ортамен ерте қоштасу түрлі асқынуларға әкеп соғуы мүмкін, сол себепті бөбектердің көбіне аурухананың Жедел терапия және жансақтау бөлімшесіне (ЖТЖБ) біраз уақыт аялдауына тура келеді.
Швейцарияның Женева қаласындағы университет ауруханасында әуен терапиясы уақытынан ерте туған кей сәбилердің күтім процедурасына кіреді. Дегенмен ЖТЖБ - нің өзге жобаларына қарағанда, бұл бастама барысында нәзік әрі титтей басқа арналған құлаққап арқылы оларға үш ән тыңдатылады. Музыка – жасалып жатқан жобаның бір бөлігі ғана. Жоба әуеннің шала туған сәби миына әсері мен оның ақпарды қабылдау мен өңдеуге қатысы болуы мүмкін қабілеттерін, яғни мелодия, темп пен ырғағын қаншалықты жақсы байқайтынын анықтауға бағытталған.
Неонатолог Перта Хуппи, зерттеуші Мануэла Филиппа мен композитор Андреа Волленуайдер жасаған жоба әуен терапиядан өткен және өтпеген сәби миының МРТ кескіндерін салыс­тырады. «Қысқа әрі қарапайым музыка шарананы ұйықтатып - оятуға әрі олармен қарым - қатынас жасауға ла­­йық­ты етіліп жазылған», – дейді Хуппи.
МРТ кескіндері ми жасушалары байланысының жақсарғанын көрсетті. Оған қоса, әуен сәбилердің ұйықтау мен ояну ритмін жүйелендіруге көмектескен болуы мүмкін. Бұл шулы ЖТЖБ мен кейінгі өмірінде дамуы үшін аса маңызды. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Музыканың денсаулыққа пайдасы қандай? Музыканың денсаулыққа пайдасы қандай?
Дүние есігін ашқан бойда адам құлағы неше түрлі әуенді естиді. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі қорқынышты, ал енді бірі жан сергітерлік болады.
Танысуға арналған сайттар тізімі Танысуға арналған сайттар тізімі
Дәл қазіргі күні өмірді интернетсіз елестету қиын.
Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады Ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады
Күн сайын ән салу күйзелістен құтқарып, өмірді ұзартады екен. Музыка әлемді әрлендіреді. Ол адамды ауру мен күйзелістен құтқарады.
Жапон халқына төніп тұрған қатер Жапон халқына төніп тұрған қатер
Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін. 1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше,
Қыздарға арналған кеңестер Қыздарға арналған кеңестер
Әдетте адам баласы дүниеге дені сау болып келеді алайда сол денсаулыққа дұрыс күтім жасай білмейміз. Үнемі әдемі әрі тартымды болу үшін дене
Туған күнде ойнайтын ойын түрлері Туған күнде ойнайтын ойын түрлері
Бұл ойын түрі өте қызық. Барлық ойыншы өзінің не қалайтынын қағазға жазып, қағаздағы жазуы көрінбейтіндей етіп бүктеп, банкіге немесе аузы кең
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×