ойын сауық отауы
Халық емі: Араның ұясы көп кеселге дәру
11.12.2022 654 0 Admin

Халық емі: Араның ұясы көп кеселге дәру

Денсаулық
Халық емі: Араның ұясы көп кеселге дәру
Қазір қыбырлаған жәндіктердің белсенділігі артып тұр. Біле білсек, олардың да денсаулыққа пайдалы тұстары бар екен. Мәселен, кәдімгі шаққан жерін удай ашытып, ойбайлата жөнелетін сары араның ұясы көптеген кеселге шипа екен.
Қол - аяқ жансызданғанда сары ара ұясының үлкендеуінен бір данасы, оған қосымша кішілеуінен 3 - 4 данасын алып, жалқы өскен сарымсақпен қосып жаншып, аурырған жерге таңу керек.
Араның ұясы тері қышымасына да пайдалы. Ол үшін ара ұясын өңделген спиртке 7 күн шылап, 8 - ші күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.
Әйелдерде омырау безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп, сол күлдің 6 грамын суға бұқтырып, онымен ауызды шаяды. Спиртке бірнеше рет шылап алса, ара ұясы өңделген болып саналады. Ыстық - суықтан тіс қақсағанда соны суға бұқтырып, сол сумен ауызды шаюға болады. Қажетті мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.
Іш ауруы (дизентерия) кезінде ара ұясын кептіріп, ұнтақтаған соң, күніне 0, 3 граммнан екі - үш рет ішеді.
Баланың кіндігі сыртқа шығып кеткенде, ара ұясын өртеп, күлін кіндікке жағады.
Бұл рецепттер XY ғасырдағы ғалым - шипагер, қазақ халық медицинасының негізін қалаған Өтебойдақ Тілеуқабылұлының жазбаларынан алынған. Ғалым онда араның ұясын күзде немесе қыста жинау керек депті. Сосын оны азырақ булағаннан кейін, өлген араларды алып тастап, кептіріп қою керек. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшпа май бар бұл ұяны құрғақ жерде сақтаса, қай кезде де қолдана беруге болады екен.

Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Халық емі: Емдік шай түрлері Халық емі: Емдік шай түрлері
Шай ішпейтін адам жоқ шығар, сірә. Әсіресе күн салқындағанда ыстық шай ішудің орны бөлек. Шайдың да түр - түрі бар. Сізге қай шай керек екенін
Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан
Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Батпақ Батпақ
Батпақ емес жай ғана Бұл араның батпағы, Жүре алмайды тайғанап, Адам түгіл, ат - тағы!
Орал Орал
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы, Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы. Арғы жағы - көк көзді жын ұясы, Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×