ойын сауық отауы
Көру қабілетіңіз бірден нашарлады ма?
24.01.2023 728 0 Admin

Көру қабілетіңіз бірден нашарлады ма?

Денсаулық
Көру қабілетіңіз бірден нашарлады ма?
Онда эндокринологқа немесе ортопедке көрініңіз!
Қысқа уақыт ішінде (бірнеше айдың көлемінде) көзіңіздің көруі айтарлықтай нашарлағанын байқадыңыз ба? Міндетті түрде офтальмологқа барыңыз. Бірақ мұның себебі мен емін анықтауда тек офтальмологпен ғана шектелмеуіңіз мүмкін.
Өсе келе кешігіп қалмаңыз!
Балалар мен жасөспірімдерде көру қабілетінің төмендеуі көбінесе жақыннан көрудің өршуіне байланысты. Адамда 18 - 20 жастан кейін көз алмасы түпкілікті қалыптасады және осы уақытқа дейін көзілдіріктерде диоптрия тұрақтануы тиіс. Алайда ерекше жағдайлар да кездеседі. Кейбір токсиндер мен инфекциялар ағзаға әсер еткенде, шамадан тыс көру жүктемесінен, сондай - ақ, гормоналдық бұзылыстар кезінде жақыннан көрушілік үдеп кетеді. Егер сырқатыңызды елемей жүре берсеңіз де дәл осындай жағдай орын алады. Мысалы, дәрігер жазып берген көзілдіріктер мен линзаларды уақытылы тағып жүрмеу, т. б.
Міндетті түрде офтальмологқа қаралу керек. Алайда дәрігер сізді тек кестелер және рефрактометрде тексеріп қана қоймай, көз жанарыңызды толықтай тексерістен өткізуін талап етіңіз. Ересектерде көз алмасының ұзаруы кезінде (бұл да жақыннан көрудің өршуі кезінде орын алады) уақыт өте соқырлыққа әкеп соқтыратын өзгерістер болады. Бұл қайғылы жағдайдың ықтималдығын азайту үшін жағдайды үнемі бақылауда ұстап, мұқият болған жөн. Әдетте, мұндай паталогиямен келген пациенттерге көздің артқы полюсін нығайтатын және оның қан айналымын жақсартатын препараттар тағайындалады. Сонымен қатар, көрудің нашарлау себебін іздеу керек. Ол үшін эндокринолог пен иммунологқа тексерілуге барасыз.
Сіздің дәрігер – кардиолог
Көру қабілеті нашарлап, көздің тор қабатындағы қан тамырларында өзгерістер байқалған кезде көзді түбегейлі тексерістен өткізу қажет. Өйткені, атеросклероз даму қаупі жоғары.
Ұзақ уақыт бойы бұл дерттің ешқандай симптомдары байқалмай жүреді де, тек ауырсынулар көбейген кезде бірден пайда болады. Сонымен қоса, ол қан ағымын қиындатады. Торлы қабықтың қан тамырлары өте ұсақ, сондықтан мұнда пайда болған атеросклероз көздің қоректенуінің бұзылуына, яғни көрудің төмендеуіне әкеледі. Мұның қауіптілігі өз алдына, ол адамның болашақта инфаркт ықтималдығы жоғары екенін көрсететін фактор болып табылады. Атеросклероз ешқашан кейбір тамырларды қозғамайды, ол бүкіл ағзаға әсер етеді. Егер көз тамырларында жарақаттар болса, олар жүректі қоректендіретін артерияларда да бар дегенді білдіреді.
Сондықтан да офтальмологтар әдетте көз тамырлары зақымдалған пациенттерді кардиологқа жібереді. Бұл жағдайда қажетті терапияны таңдау үшін жүрек - тамыр жүйесі маман қажет. Айтпақшы, кардиолог міндетті түрде қан қысымын да тексереді. Көз тамырлары қысымының жоғарылауына байланысты көру қабілетінің төмендеуіне әкеледі.
Мүмкін, мәселе мойында болар?
Кейде офтальмологтар қандай да бір елеулі өзгерістердің байқалмағанын айтып, «көз - «әлсіз», оған қорек жетіспейді» деген диагнозбен шығарып салады. Осыдан кейін көру қабілетін жақсарту үшін дәрумендер кешені және қарапайым көз гимнастикасы тағайындалады.
Алайда, пациентке бұған көне салуға болмайды. Әсіресе, егер ол аз қозғалып, үнемі бас аурулары мен есте сақтау қабілетінің нашрлағанын байқаса. Пассивті өмір салты мойын – бұлшықет спазмасына, омыртқаның мойын бөлігінің остеохондрозына, омыртқааралық жарықтың пайда болуына әкеледі. Мойыннан өтетін артериялар қысылып, олардың қан ағымы белсенділігін жояды. Бұл қан тамырлар ми мен көзді қоректендіреді, сондықтан артериялар қысылып қалғанда, ми мен көз жұмысы да нашарлай береді. Неврологқа немесе ортопедке қаралыңыз, аурудың нақты себебін анықтап, арнайы ем қабылдаңыз. Емдік гимнастика, мануалды техникалар, сондай - ақ бірқатар препараттар көмектесетін болады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Намаз бастасам міндетті түрде орамал тағып, ұзын киім киіп жүруім керек пе? Намаз бастасам міндетті түрде орамал тағып, ұзын
Себебі, намаз – өз алдына жеке құлшылық, ал орамал тағып, ұзын киіну – ол өз алдына жеке құлшылық. Екеуі екі бөлек парыз етілді. Екеуіне де сауап
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде қолды қалай жуған дұрыс? Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде
Коронавирус және басқа да инфекциялар қатерінің өсуі кезеңінде қолды қалай дұрыс жуу керектігін есте сақтау қажет. Бұл қарапайым рәсім бактериялар
Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек Жалаң аяқ жүрудің орны бөлек
Аяғыңыз бен табандарыңызға массаж жасаңыз және мұны күнделікті әдетке айналдырыңыз.
Қабақ неге тартады? Қабақ неге тартады?
Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл
Жақсы көру Жақсы көру
Өмірің таңдай болса арайлаған, қатыгез қараулыққа жолай ма адам? Біреуді жақсы көрген қандай жақсы - нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×