ойын сауық отауы
Тибет медицинасының ерекше рецепттері
11.10.2023 455 0 Admin

Тибет медицинасының ерекше рецепттері

Денсаулық
Тибет медицинасының ерекше рецепттері
Өрмекшінің ұясы да ем екен
Балаларда көбіне төсекке жіберіп қоятын жағдайлар болады. Бұған өрмекшінің торын алып, кіндікке салып, соныменен үстін пластырьмен жабыстырып қою керек. Ол бір күн тұрса жақсы. Осыны 4 - 5 рет қайталаса төсекті бүлдіріп қою ахуалы азаюы мүмкін.
* * *
Сұңғыла шөбінің сыры
Дәретке жиі шығатын адамдар болады. Әдетте олардың қол - аяғы мұздап жүреді. Кіші дәретке күніне 10 - нан аса рет барады. Әсіресе түнде қайта - қайта оянып, ұйқысы бұзылады. Оған қарсы сұңғыла (заразиха) шөбін қолдануға болады. 15 грамды жуып, 30 грамм тары салып, азырақ тұз қосып, кешке жақын азырақ суға қайнатып, соны ішіп тауысу керек. Осыны күнара қайталау арқылы 4 - 5 ай жалғастырса кеселінен құтылады.
* * *
Ұйқысыздықты жұмыртқамен жеңесіз
Күзде көп кездесетін кеселдің бірі – ұйқысыздық. Кейбіреу мұндайда түні бойы ұйықтай алмайды. Ал енді біреулер ұйықтаса да түсті көп көру салдарынан бей - жай болып, таңертең шаршап оянады. Оған түрлі себеп бар: іштегі ыстықтың артуы, бауырдың байлануы, іштегі ыстық сөлдің көбеюінен болуы мүмкін. Одан құтылуы үшін жұмыртқа мен сірке суынан дәрмек жасауға болады. (Күріштен жасалған, 12 градустық сірке суы болса тіпті жақсы). 180 миллилитр сірке суына бір дана жұмыртқа салып, қақпағын мықтап жауып, бір жетіге қояды. Күнде араластырып тұру керек. Жеті күннен соң соң күніне 2 қасықтан ішіп жүрсе жақсы ем. Бұл дәрмек 4 - 5 күнде таусылуы тиіс. Оны тағы 5 - 6 рет жасап, тауыса ішсе, пайдасы жақсырақ болады.
* * *
Рауғаш қанды қоюланудан сақтайды
Қанның қоюлануы қазір екінің бірінде кездесіп жүрген кесел. Ол бауырдағы бұзылыстардан бастау алатын дерт. Оған рауғаштан дәрі жасауға болады. Рауғашты кептіріп, ұнтақтап, екі ай бойы 3 грамнан күніне 3 рет ішсе өте пайдалы. Ол семіздікке қарсы да тамаша тәсіл.
Тағы бір тәсіл: рауғашты кептіріп, жапырақтарын турап, екшеуден өткізіп, 0, 5 грамнан күніне 4 рет, бір ай ішсе жақсы. Оның нәтижесін білу үшін алдымен қан құрамындағы май мөлшерін анықтайтын анализ тапсырып алыңыз. Қан ағзада холестерин көп болса бұл емді дәрігер бақылауымен жасау керек.

«Давлениені» бір айда мүлде жоқ ететін рецепт «Давлениені» бір айда мүлде жоқ ететін рецепт
Біз өзіміз білетін халық емі туралы жазсақ ба деп едік. Бұл амал қан қысымы көтеріліп, маза қашқанда, иммунитет төмендеуі мен ағзаның жалпы
Тізеңіз сырқырап, буындарыңыз қақсап жүр ме? Тізеңіз сырқырап, буындарыңыз қақсап жүр ме?
Әрине, мұндай жағдайда дәрігер тағайындаған емді қабылдау керек. Ал ем нәтижелі болуы үшін және тезірек сауығу мақсатында қосымша мынадай амалдарды
Жусанның емдік қасиеті ерекше Жусанның емдік қасиеті ерекше
Жусанның екі түрі болады: кермек жусан және боз жусан. Кермек жусанның қайнатпасы сәл қышкылдау болады. Оны гүлдемей тұрып жинап, көлеңке жерде
Халық емі: Араның ұясы көп кеселге дәру Халық емі: Араның ұясы көп кеселге дәру
Қазір қыбырлаған жәндіктердің белсенділігі артып тұр. Біле білсек, олардың да денсаулыққа пайдалы тұстары бар екен. Мәселен, кәдімгі шаққан жерін
Кәріқыз Кәріқыз
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын кәріқыз өсімдігі бір жылдық болып өседі. Биіктігі 50 - 70 см аралығында, жапырақтары жазылған алақан тәрізді
Мұны өзіңіз жасай аласыз. Мұны өзіңіз жасай аласыз.
Ревматизм асқынған кезде көктемде немесе күзде қазылған ошаған тамырынан 15 грамын 300 грамм суға 7 минут қайнатып, бұқтырады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×