ойын сауық отауы
Инсульттен қорғануды білген дұрыс
27.11.2023 423 0 Admin

Инсульттен қорғануды білген дұрыс

Денсаулық
Инсульттен қорғануды білген дұрыс
Бүгінде инсульт деген ауруға ұшырағандар жайлы жиі еститін болдық. Жалпы, бұл дерт адам өлтіру бойынша жүрек - қан тамырлары мен қатерлі ісік кеселдерінен кейінгі үшінші орында тұр екен. Сондықтан одан сақтану, алдын - алу жолдарын әрбір адамның білгені дұрыс болмақ. Дәрігерлер бұл жөнінде былай дейді:
Егер адамда артық салмақ болса, қан қысымы жиі көтерілсе, басы айнала берсе, ол темекі шегетін болса, сондай - ақ оның 50 - 55 жас төңірегіндегі туыстарында инсульт орын алған болса, онда ол дәрігерге көрініп, тексеріліп алғаны дұрыс. Негізі жасы 40 - тан асқасын әрбір адамның медициналық тексеруден өтіп тұрғаны абзал. Сонда «кенеттен ұрып жығатын» бұл аурудың алдын алуға мүмкіндіктер болады. Неврологқа көрініп, қан қысымын өлшетіп, жүрек кардиограммасын жасатсаңыз, сынамалар тапсырсаңыз, қант пен холестеринді тексертсеңіз, ультрадыбыстық тексеруден өтсеңіз жетіп жатыр. Ал қандай да бір қалыпсыздық байқалса, онда ангиография, магнитті - резонанстық томография жасату керек. Өйткені адам микроинсульттар алып, оны білмей жүрген болуы да мүмкін. Мұндай аурудың ең негізгі себептерінің бірі артық салмақ пен темекі шегуге әуестік екенін ұмытпаған жөн. Семіздік қант диабетін, атеросклерозды туындатады, гипертонияға себеп болады. Ал темекі шегу инсульт қаупін екі есеге күшейтеді. Мына нәрсені біле жүрген жөн: бірден бас ауырса, бет қисайса, қол - аяқта әлсіздік сезілсе, сөйлей алмау, сөзді түсінбеу, көз көруінің нашарлауы байқалса, бас айналса, жүріс - тұрыс нашарласа, адамның өзін басқаруы қиындаса, сана тұманданса, онда бұл – инсульт белгісі. Адам естен танып та қалады. Осы белгілердің біреуі ғана байқалғанның өзінде, тіпті ол қайталанбаса да дәрігерге көрінген дұрыс. Дәрігер келгенше қан қысымын бірден түсіруге әрекет жасамау керек, өйткені ол инсультті күшейтіп жіберуі мүмкін. Басқадай дәріні дәрігер кеңес еткен мөлшерде ғана, байқап пайдалануға болады.
Өкініштісі, инсультке ұшыраған көп адамдар оның мұндай алғашқы белгілеріне мән бермейді, ауырсынуды басатын дәрілер ішіп қоя салады. Бірақ дәрілер тамыр құрысуын жеңілдеткенімен ишемиялық ошақты жоя алмайды, қайта оны күшейте түсуі мүмкін.
Қысқасы, инсульттің жоғарыда атап көрсетілген белгілеріні ңбіреуін ғана сезінген жағдайда алаңсыз жүре бермей, дәрігерге көрініп, тексерілген абзал. Осыны ұмытпаңыз және бұл туралы өзгелерге де айта жүргеніңіз артық болмайды.

Құлақ шуылдауының 7 түрлі қауіпті себебі Құлақ шуылдауының 7 түрлі қауіпті себебі
Әдетте құлақ шуылдаса көпшілігіміз оны қалыпты құбылыс санап, елемей қоя саламыз. Бұл дұрыс емес екен. Отоларингологтар құлақ шуылдауының бірнеше
Аяқтың салмағы артқаны қауіпті Аяқтың салмағы артқаны қауіпті
Кейде адамдардың аяғым зілдей болып кетті деп мазасызданатыны бар. Бұл әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Әдетте ол вена қан тамырларының кеңеюінен деп
Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз
Ғалымдардың тұжырымынша, бүгінде әлемде әрбір үшінші еркек пен екінші әйел аяғынан қандай да бір жайсыздық сезінеді екен. Аяқ шаршайды, ұйиды, сіңірі
Жазда неден сақтану керек? Жазда неден сақтану керек?
Жаз маусымы – адам ағзасы үшін көптеген жайлылықтар әкелетін мезгіл. Десек те кей жағдайда жайсыздықтарға да ұрындыратын кездері бар.
Қан қысымың көтерілуі және оның алдын алу Қан қысымың көтерілуі және оның алдын алу
Қан қысымы өте қауіпті ауру. Бұл аурудың жүрек пен тамырды зақымдайтынын ескерер болсақ, тамырдың қанша уақытқа дейін төзе алатыны беймәлім.
Бас ауруы Бас ауруы
Бас ауыруы. Бас ауыруының себептері қандай? Бас ауруы – адамға әртүрлі дәрежедегі ауырсыну әкелетін және көп қолайсыздық тудыратын сырқат. Оған себеп
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×