ойын сауық отауы
Аяқтың салмағы артқаны қауіпті
02.10.2022 578 0 Admin

Аяқтың салмағы артқаны қауіпті

Денсаулық
Аяқтың салмағы артқаны қауіпті
Кейде адамдардың аяғым зілдей болып кетті деп мазасызданатыны бар. Бұл әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Әдетте ол вена қан тамырларының кеңеюінен деп қаралады. Дегенмен аяқтың салмақтанып, домбығып, ісінуі жүерк, бүйрек, буын, омыртқа дерттері, қант диабеті кезінде де кездеседі екен. Сондықтан оған немқұрайлы қарамай, дәрігерге тексеріліп, себебін анықтаған абзал. Сонда ертерек емделіп, айығуға мүмкіндік тиеді.
Әсіресе аяқ ісініп - домбығуымен қатар кеуде тұсында 10 минуттан аса ауырсыну пайда болса, тыныс алу қиындаса, бас айналса, адам есі кіресілі - шығасылы болып, талып қалса, тез арада жедел жәрдем шақыру керек.
Аяқтағы вена тамырларының кеңеюі кезінде ол домбығып, ауырлап кеткендей болады, аяқ тез шаршайды. Кейде сіңір тартылып немесе аяқ ұйып қалады, онда үздіксіз дыңылдағандай сезім пайда болады.
Тромбофлебит кезінде вена қан тамырларындағы қан айналымы тежеледі, ол қоюланып, тромб пайда болады. Тромб кез келген уақытта үзіліп, венаны бітеп қалуы мүмкін. Одан миокард инфаркті, өкпе эмболиясы, инсульт туындайды. Егер аяқ ауырлағандай болып, домбыққанда ауырсыну тамыр соғысындай сезіліп, тері асты ысыса, вена бойындағы тері қызара тығызданып, ұстағанда аурысынатындай болса, онда бұл – аталған ауыр дерт белгілерінің бірі.
Артерия атеросклерозы да аяқты ауырлап кеткендей сезіндіреді. Сондай - ақ табан суып кеткендей болып, жүрген кезде қысып ауыртқандай болады.
Эндертерит кезінде де аяқ ауырлап кеткендей сезіледі, сонымен қатар ол ұйиды, ауырады. Мұндайға ұшыраған адам алғашқы 500 - 100 қадамын еркін жүрсе, кейін ауырсынып, ақсай бастайды. Балтыр бұлшық еттері жиі құрысады.
Ал кардиоломиопатия, перикардит, жүрек жетіспеушілігі кезінде аяқ ауырлауымен қатар жүрек тұсында ауырсыну, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының жиілеуі, ентігу қоса байқалады. Егер науқасты үзіліссіз құрғақ жөтел мазаласа, теріде ұсақ жаралар пайда болса, аяқ сүйегі қисая бастаса, тез арада дәрігерге көрінген абзал.
Бүйрек жетіспеушігігі «өткір, созылмалы), нефротикалық синдром кезінде де аяқ домбығады, іш - құрсақ аумағы ауырады, жалпы интоксикация сезіледі, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде жүйеке жүейсінде қалыпсыздықтар орын алады, анемия, буында ауырсыну, тері қышынуы сезіледі. Нефритпен ауыратындарда анемия, авитаминоз болмаса да тері түсі қуқылданып кетеді.
Ал қант диабеті кезінде дерт аяқ ауырлап - салмақтануынан басталады, қандағы қант мөлшерінің артуы содан кейін көрінеді. Сондай - ақ үнемі шөлдеу, кіші дәретке көп шығу байқалады.
Диабет кезіндегі аяқ қан тамырларындағы өзгерістер диабетикалық табан сияқты қауіпті қабынуға да себеп.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық емі: Тізеге балық байлайды Халық емі: Тізеге балық байлайды
Буын аурулары көбінесе жас кезінде аяғынан суық өткен жағдайда, генетикалық ауру жағдайында, 50 жастан асқан әйелдерде көптеп кездеседі. Соның ішінде
Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз
Ғалымдардың тұжырымынша, бүгінде әлемде әрбір үшінші еркек пен екінші әйел аяғынан қандай да бір жайсыздық сезінеді екен. Аяқ шаршайды, ұйиды, сіңірі
Дәрумен жетіспеуінің төрт белгісі Дәрумен жетіспеуінің төрт белгісі
Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты дәрумен тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей
Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік сылайды Сода қосылған су аяққа да, ағзаға да сергектік
Шаруа кісінің ісі ерте көктемнен қоңыр күз аяқталып, қыс түскенге дейін жалғасатыны сөзсіз. Белін бүгіп, аяғымен тік тұрып, жұмыс жасағанда, әсіресе,
Жүректің тоқтап қалуына себеп Жүректің тоқтап қалуына себеп
Адам ағзасының моторы саналатын жүректің аяқ асты тоқтап қалуына әкелуі мүмкін 11 белгіні айтамыз.
Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы Жаңғақтың адам ағзасына пайдасы
Көптеген жаңғақ түрлерінің адам ағзасына қандай пайдасы бар екенін білетін боламыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×