ойын сауық отауы
Халық емі: Тұмау кезінде аспирин ішкен қауіпті
08.01.2024 329 0 Admin

Халық емі: Тұмау кезінде аспирин ішкен қауіпті

Денсаулық
Халық емі: Тұмау кезінде аспирин ішкен қауіпті
Қара күз бен қыс айларында, ерте көктемде адамдарды жиі әбіржітетін аурудың бірі – тұмау. Ежелден келе жатқан бұл ауруды зерттеу, оған қарсы вакцина шығару бүгінгі күндері де жалғасып келеді. Бірақ оның жұмбақтары, ол туралы білмейтініміз әлі де көп. Төменде сол жөнінде ғалымдар анықтаған бірқатар қызықты фактілер беріліп отыр.
Дене қызуын басатн дәрілер тұмау инфекциясының бүкіл ағзаға жайылуына жәрдемдеседі. Өйткені вирус үшін денені ңқалыпты температурасы мен аздап қызуы өте жайлы орта. Ересек науқастар егер өзін тым жайсыз сезінбесе дене қызуы 39 градусқа көтерілсе ғана ондай дәрі ішуге болады. Ал балаларға 38, 5 градусқа көтерілгенде ғана беру керек.
Аспиринді тұмау кезінде қолданған қауіпті, ол әсіресе балалар үшін қатерлі. Оның құрамындағы ацетилсалицилл қышқылы вирусқа қосылғанда «Рей синдромы» деп аталатын ауыр жағдай туындауы мүмкін.
Емізулі бала үшін тұмаудан қорғайтын ең күшті вакцина – ана сүті. Әйелдер тұмаураттым деп баласын емізбей оймауы керек. Ана сүтінде пайда болған «антитела» балаға өтсе, жақсы. Оған анасынан тұмау жұқпайды.
Науқас адам жөтеліп, түшкіргенде тұмау вирустары ауаға сағатын 16 шақырым жылдамдықпен таралады.
Тұмау жоғары дене қызуынсыз болмайды. Науқастанудың бірінші сағатында температура 38, 5 – 39 градусқа жетсе, бұл тұмау. Ал дене қызуы бұдан төмен болса, ол басқа вирустан туған сырқат болуы мүмкін.
Сондай - ақ тұмау кезінде мұрыннан бірден су ақпайды. Алғашында тұмсық жиі бітеліп, үш - төрт күннен кейін барып осындай құбылыс байқалады. Бұған вирус кінәлі емес, оны ағза әлсірегесін юас көтерген бактериялар туындатады.
Тұмау вирусы 0 градус шамасындағы жағдайда бір айға дейін сақталады. Оның күн жылынғанда «құтыратыны» сондықтан. Ал вирусты кәдімгі сабын өлтіре алады. Құрғақ ауа мен 70 градус ыстық та вирусты жояды.
Тұмау таралуына қағаз ақшалар да «үлес» қосады. Себебі онда тұмау вирустары екі аптаға дейін еркін сақталады екен. Мұны ғалымдар анықтаған. Сол себепті кей елдерде ақшаны антисептикалық қасиеті бар қағаздармен шығарады, ал Жапонияда ақшаны 200 градустық арнайы машиналарда жуады.
Вирус, бактерияларды таратуда доңыздардың да «үлесі» көп. Себебі олар доңыз тұмауына ғана емес, құс тұмауына, адамдарға үйір тұмауға да бейім. Ал оның денесіне олар аралас түссе, өзгеріске ұшырап, аса қауіпті дертке айналуы мүмкін.
... Міне, ғалымдар осылай дейді. Бұл жөнінде әркімнің де біле жүргені абзал демекпіз.

Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтаудан сақтану Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтаудан сақтану
Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтау маусымында ол үнемі бір рецеп қолданады. Тиімді, оңай. Әсіресе балалардың иммунитетін көтеруде қолайлы.
Сырамен емделудің 3 тәсілі Сырамен емделудің 3 тәсілі
Ауа райының құбылмалы болуы тұмау мен суықтау қаупін күшейтеді. Мұндайда кәдімгі сыраны емге қолдануға болады екен. Шынын айтқанда, ыстық сыраның
Халық емі: Табанға пияз қойыңыз Халық емі: Табанға пияз қойыңыз
Мысырлық бір шипагер былай деп жазады: «Адамдар баламның қызуы көтеріліп кетті деп келсе, ашуым келеді. Соған бола дәрігер, не болмаса дәрі, екпе
Желшешек – Ветрянка Желшешек – Ветрянка
Желшешек – аздап уыттануымен, дене қызуының көтерілуімен, денеге және сілекейлі қабыққа ішінде сұйықтығы бар кішкентай көпіршікті сулы бөртпелер
Дені сау адамның көңілі орнықты Дені сау адамның көңілі орнықты
Ауа райы суыта бастағанда айналаңда мұрны бырқырап, пысқырып - түшкірген адамды көргенде қандай ой келеді?
Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары
Тұмау мен суық тию белгілері жағынан ұқсас жұқпалы аурулар болып табылады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×