ойын сауық отауы
Сырамен емделудің 3 тәсілі
15.04.2023 1 226 0 Admin

Сырамен емделудің 3 тәсілі

Денсаулық
Сырамен емделудің 3 тәсілі
Ауа райының құбылмалы болуы тұмау мен суықтау қаупін күшейтеді. Мұндайда кәдімгі сыраны емге қолдануға болады екен. Шынын айтқанда, ыстық сыраның өзіне тән дәмі болғандықтан, жұрттың бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін. Дегенмен емнің бұл түрін де біле жүрген артық болмас.
Бал қосылған сыра. 1 шыныаяқ ысытылған сыраға 1 ас қасық бал қосыңыз. Бұл тұмаудан әп - сәтте арылуға көмектеседі. Ысытылған сыраға шикі жұмыртқа, қалампыр және корица қосып ішу де тез ауығуға жәрдемдеседі.
Ағылшын әдісі. 2 бөтелке сыраға 3 - 4 тал қалампыр, кішкене лимонның қабығы мен 1 шым - шым корица қосыңыз. 3 дана жұмыртқаның сары уызын 2 - 5 ас қасық қантпен көпіргенше араластырасыз. Пайда болған көбікке ысытылған сыраны аз - аздан қоса отырып, үздіксіз араластырыңыз. Енді оны отқа қойып, қоюланғанша қайнатасыз. Күніне 2 - 3 рет бір - бір жарым стаканнан қабылдайсыз. Ағылшындық әдістің тұмаудан тез арылуға көмектесетіні дәлелденген.
Жөтелді де сырамен емдеуге болады екен. Егер бронхит немесе үздіксіз жөтел мазаңызды алса, 2 дана үлкендеу лимонды (алдын - ала сүйектерін алып тастау керек) еттартқыштан өткізіңіз. Осы лимонға жарты литр сыра құйып, 1 стакан шекер, алдын - ала ұсақталып, дайындалған қызылмия тамырын (корень солодки) және 1 шай қасық аниса жапырағын қосыңыз. Үлкендеу ыдысқа су құйып, қоспа құйылған ыдысты салып, бу моншасында 5 минуттай қайнатыңыз. Суығаннан кейін күніне 3 рет 1 ас қасықтан қабылдайды.
Негізі тұмауға қарсы ыстық сыра – даулы мәселе. Бұл ретте дәрігерлердің пікірі екіге бөлінеді. Десек те ол халық арасында тұмауды емдеудің ең танымал тәсілдерінің бірі саналады. Негізінен сыра адам ағзасындағы зат алмасуды жылдамдатады, ысытқан кезде оның бұл қасиеті еселене түседі. Сөйтіп қан айналу процесін жеңілдетіп, тамырларды кеңітеді. Қан қысымын реттейді. Жұқпалы аурулар кезінде ыстық сыра тыныс алу жолдары дертіне қарсы да қолданылады. Тек ыстық сыраның алкогольді сусын екенін ұмытпаған дұрыс. Сондықтан оның дайындалу тәртібі мен мөлшерін қадағалау керек.

Ми тамырын тазартуға болады Ми тамырын тазартуға болады
Біз төменде ұсынып отырған тәсілдер ми тамырларын тазартумен қатар, остеохондроз, бастың үздіксіз ауыруы, атеросклероздан айығуға да көмектеседі.
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт
Үлкен ыдысқа жұмыртқа, шекер, бал, сары майды салыңыз, жаңғақты да майдалап салыңыз, ұнды аз-аздан салып тұрып, өте жұмсақ қамыр илеңіз.
Бал мен банан оралған құймақ Бал мен банан оралған құймақ
Үлкенірек ыдысқа сүтті құйып үстіне жұмыртқа, йогурт, шекер, тұз, ұн, көпсіткіш, ванильді қант барлығын қосып араластырыңыз.
Наполеон торты Наполеон торты
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз.
Жұқа құймақша, Блинчики Жұқа құймақша, Блинчики
Шикі сүтті отқа қойып аздап жылытып алыңыз. Жұмыртқаны, шекерді, тұзды, соданы салып бөлек ыдысқа әбден араластырып алыңыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×