ойын сауық отауы
Инсульттан ине құтқарады
08.01.2024 319 0 Admin

Инсульттан ине құтқарады

Денсаулық
Инсульттан ине құтқарады
Жақында ғаламторда бір қытай емшісінің инсультке ұрынған адамды қалай құтқаруға болатыны жөнінде кеңестері жарияланды. Оның қаншалықты нақты екенін біле алмадық, дегенмен қажет еткен жанға пайдасы тимесе, зияны бола қоймас деген оймен ол туралы да айта кеткенді жөн көрдік.
Инсульт соққанда мидағы капиллярлар біртіндеп жарыла бастайды. Мұндайда барынша ұстамды болу керек. Құлаған адамды орнынан қозғамаған дұрыс, өйткені бұл капиллярлардың жарылуына соқтырады. Зардап шегушіні ақырын отырғызып, одан қан алу қажет, оған шприц қолданған дұрыс, табылмаса кәдімгі ине немесе түйреуішті қолдануға болады. Инені отқа қыздырып залалсыздандырып алған дұрыс. Осыдан кейін барлық саусақ ұштарынан қан алу керек. Тырнақ тұсынан бастап тескілеп, қан шығарған дұрыс, одан қан ағып шығатындай болу керек.
Қан тамшыламай тұрса, саусақты қысып, ысқылаған дұрыс. Барлық саусақтардан біраз қан шыққан соң зардап шегуші есін жияды. Егер зардап шегушінің аузы қисайған болса, оның құлағын қызарғанша тартқылаңыз. Болмаса құлақ сырғалықтарын екі жерден инемен тесіп жіберген дұрыс, одан екі тамшы қан шықса, жақсы. Ол қанның миға шабуылдауына тосқауыл болады. Мұндайда зардап шегуші бірер минуттан соң есін жинауы тиіс. Зардап шегуші қандай да бір қалыпсыз белгісіз есін жинаса, оны осыдан кейін ауруханаға жіберуге болады. Ал егер жоғарыда аталғандай көмек көрсетілмей тұрып жедел жәрдеммен ауруханаға ала жөнелсе, зардап шегушінің ми капиллярлары көліктің кедір - бұдыр жолдағы қозғалысы әсерінен де жарылуы мүмкін. Егер зардап шегуші жоғарыдағыдай жәрдемнен соң өздігінен жүре алса, онда ол инсульт азабынан құтылды деуге болады.
... Бұл кеңестерді ғаламторға жариялаған адам оны Қытай дәстүрлі емінің маманы, Сан - Жук деп аталатын жерде тұратын доктор Ха Бу Тин дегеннен естіп білгенін жасырмайды. «Бұл әдістің 100 пайыз жәрдемі тиетініне өз басым іс жүзінде көз жеткізгенмін», – дей отырып, ол мынадай дерек келтіреді: «1979 жылы Тай Чунгтегі Фунг Гаал колледжінде сабақ бергенімде маған бір оқушым жүгіріп келіп: «Лю ханым, көмектесіңіз, біздің ағай инсульт алды!» – деп хабарлады. Барсам, жетекшіміз Чэнь Фу Тянь сұп - сұр, аузы қисайып, әрең сөйлеп тұр екен. Содан студенттердің бірін жүгіртіп, дәріханадан шприц алғыздым. 10 саусағынан қан шығарғасын ол өз - өзіне толық келді, аузы, сөзі түзелді. Біз оны аз тынықтырып, шай беріп ауруханаға жібердік. Ал ол келесі күні - ақ жұмысқа оралды.
Осылай деген Лю есімді оқытушы егер әрбір адам бұл тәсілді меңгеріп, инсультке ұшыраған жанға дер кезінде әрі жылдам жәрдем берілсе бұл қатерлі ауру соққысына ұшыраған адамды аман алып қалуға жүз пайыз сенімді екенін айтады.
Кім біледі, бәлкім ра ста шығар. Дегенмен қай нәрсені де дәрігер рұқсатынсыз жасамаған жөн - ау...

Инсульттен қорғануды білген дұрыс Инсульттен қорғануды білген дұрыс
Бүгінде инсульт деген ауруға ұшырағандар жайлы жиі еститін болдық. Жалпы, бұл дерт адам өлтіру бойынша жүрек - қан тамырлары мен қатерлі ісік
Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде қолды қалай жуған дұрыс? Коронавирус және басқа да инфекциялар кезінде
Коронавирус және басқа да инфекциялар қатерінің өсуі кезеңінде қолды қалай дұрыс жуу керектігін есте сақтау қажет. Бұл қарапайым рәсім бактериялар
Жығылып жатып, сүрінгенге күлме! Жығылып жатып, сүрінгенге күлме!
Орынсыз сындардан кім жапа шекпеді екен? Оның бәрін айтып жеткізу мүмкін емес. Қайран біздің Мұқағалидың шықпаған жаны - ай десейші...
Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының негізгі үш белгілерін атады. Сарапшылар адамның депрессиялық жағдайының
Жердің әрбір бесінші тұрғыны бұл кеселмен зардап шегеді немесе депрессиямен келешекте зардап шегуі мүмкін. Адамдар депрессиямен өз күштерімен
Адамды жұбата білу! Адамды жұбата білу!
Құрбыңыздың, досыңыздың тіпті сізге бөтен адамның басына қайғы бұлты төнді. Сіз оған демеу білдіріп, жұбатқыңыз келеді, бірақ қалай дұрыс
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×