ойын сауық отауы
Алапесті асқындырмайды
05.02.2024 565 0 Admin

Алапесті асқындырмайды

Денсаулық
Алапесті асқындырмайды
Терідегі ақ дақтар алапес (витилиго) эндокриндік немесе жүйке жүйесі жұмысының бұзылуынан пайда болады. Сондай - ақ ағзада темір, мыс жетіспеуінен орын алуы да мүмкін. Әрине, витилигоға емді дерматолог дәрігер тағайындайды. Дегенмен ел ішінде денедегі ақтаңдақты кетіруге көмектеседі деген рецепт түрлері де кездеседі. Мысалы, халық емінде айтқанда аралия мен валериананы тең мөлшерде араластырып, 1 ас қасығын 1 стакан суда жарты сағат тұндырады. Оны күніне 2 - 3 рет астан 15 минут 1 шай қасықтан ішеді.
Қалақай жапырақтарын жуып, сығып, сөлін алады. Оны күніне бірнеше рет ақ дақтардың үстіне жағу керек. Азықтық емес, егістікке арналған сұлыны сүтке қайнатып, сұйықтау ботқа әзірлеңіз. Оны күніне үш рет, ас алдында жарты стаканнан тұтынады. Емді мейлінше ұзақ үш айдан жарты жылға дейін жалғастыру керек.
Үш күнде бір рет валериана шөбі мен қылқанжапырақты ағаш жапырағы қосылған20 минуттық ванна қабылдаған дұрыс. Оны алдын - ала мөлшермен қайнатып, ваннадағы жылы суға қосуға болады. Үш күнде бір рет қайталау арқылы 15 процедура жасалады.
Алапесті асқындырмауда құрамында мыс цинк мол азықтарды жиі тұтынудың маңызы зор. Ол ірі қара бауыры, сом, карп балықтарының басында, ақжелкен (петрушка) мен алмада көп. Сұлы, жүгері, қарақат, қайың шырынында да мол.
Алапесті күнделікті екі рет лимон шырынымен сүртіп отыруға болады. Бұл амалдар терідегі пигментацияның өршімеуіне, оның көлемі кішіреюіне көмектеседі.

Қаназдықта қолданып көріңіз
Итмұрынның бес ас қасық құрғақ жемісін термосқа салады да, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. 10 - 15 минуттан соң термосты нығыздап жауып, бір тәулік тұндырады. Сосын сүзгіден өткізіп, күніне екі - үш рет тамақтан соң жарты стаканнан ішіп тұрады. Ол инфекциялық аурулар, қаназдық, шаршаңқылық, ұйқысыздық кезінде көмектеседі. Бел қуатын арттырады.

Миды тынықтыратын мықты шөп шай Миды тынықтыратын мықты шөп шай
Мынадай бес түрлі шөптен жасалған тұнбаның миды тынықтырып, сергітуге себі бар: 1. Шүйгіншөп, (валериана) 15 - 20 тамшысы. 2. Долана (дәріханалық) 15
Мақтаулы бес рецепт Мақтаулы бес рецепт
Кейде адамның шаршауы еш басылмай, ештеңе істемесе де діңкелеп, өз - өзінен қажып отыратын кезі болады. Мұндай созылмалы шаршау синдромын елеусіз
Тізеңіз сырқырап, буындарыңыз қақсап жүр ме? Тізеңіз сырқырап, буындарыңыз қақсап жүр ме?
Әрине, мұндай жағдайда дәрігер тағайындаған емді қабылдау керек. Ал ем нәтижелі болуы үшін және тезірек сауығу мақсатында қосымша мынадай амалдарды
Бауырды сауықтыратын тәсілдер Бауырды сауықтыратын тәсілдер
Бауырға күтім жасау өте маңызды мәселе. Себебі бүгінгі күні бауыр ауруларының тым жасарып бара жатқанын айтып, дәрігерлер дабыл қағып отыр.
Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Геморройға дауасы бар Геморройға дауасы бар
1. Уатылған қалақай (крапива) жапырағы мен итшомырт (крушина) қабығынан 2 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен 0, 5 литр қайнаған су құяды. Баяу жанған
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×