ойын сауық отауы
Құрт құрамындағы жеті витамин
25.09.2024 47 0 Admin

Құрт құрамындағы жеті витамин

Денсаулық
Құрт құрамындағы жеті витамин
Құрт – қазақ дастарханындағы ежелден келе жатқан ерекше тағам. Пішіні кішкентай болғанына қарамастан ол өте тойымды.
1. А витамині
Құрттың құрамында А витамині бар. Ол көздің қырағылығына, бойдың өсуіне, жасушалардың жаңаруына және иммунитеттің жақсаруына көмектеседі.
2. Е витамині
Бұл азықтың құрамында жасушалардың қартаюына жол бермейтін және ағзаны оттегімен қамтамасыз ететін Е витамині бар.
3. D витамині
Ол рак және остеопороз ауруларының пайда болуын тежейді. Қазіргідей күн қысқарған уақытта ағзада D витаминіне деген қажеттілік туындайды. Сондықтан қыстыгүні құрт жегеннің орны бөлек.
4. С витамині
Құрттың құрамында аскорбин қышқылы бар, ол иммунитетті нығайтады және ағзаның қорғану функцияларын жақсартады.
5. Минералдар
Құрттың құрамында көп мөлшерде калий бар. Ол сүйектің сыртқы қабатын қатайтады және зат алмасу үдерісін тездетеді. Сонымен қатар белсенді түрде коллагеннің қалыптасуына қатысады, ал коллаген теріні жасартады.
Құрт – керемет сергітетін құрал. Қан азығында, физикалық және психикалық жүктемелер кезінде жақсы көмектеседі.
6. Микрофлора
Құрт ішектің микрофлорасын қалпына келтіруге оң әсерін тигізеді.
7. Құсуға қарсы құрал
Құрт құсуды басады, кейде оны толығымен тоқтата алады. Яғни құрт жүкті әйелдерге пайдалы деуге болады.
Әйткенмен құрамында көп мөлшерде тұз болғандықтан, құртқа тым құмар болмаған жөн. Бауыры немесе жүрек - қан тамыр дерті мазалайтын адамдарға оны жеуге болмайды. Осы жағы есіңізде болсын.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бауырды тазалайтын 7 амал Бауырды тазалайтын 7 амал
Бауыр ағзадағы зиянды токсиндерді шығаруға, зат алмасу үрдісіне қатысады. Холестерин деңгейін реттейді, пайдалы минералдар мен витаминдерді сақтайды.
Табиғат берген дәрумен кем болмас ешбір дәріден Табиғат берген дәрумен кем болмас ешбір дәріден
Банан құрамындағы А, В, С, РР, Е дәрумендерінің, сахароза, фруктоза, глюкоза, алма қышқылы, ферменттер мен минералды заттар, фосфор, магний, калий,
Халық емі: Кивидің жиырма бес пайдасы Халық емі: Кивидің жиырма бес пайдасы
Киви секілді экзотикалық жемістер соңғы 10 жылда дүкен сөрелерінде көптеп көрінуде. Бірте - бірте олар киви өспейтін біздің елде де күнделікті
Жұмыртқаның пайдасы Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқа – арзан әрі пайдалы тағам. Оны дайындаудың көптеген түрлері бар. Сонымен қатар олар әртүрлі тағамның басты құрамы болып табылады. Ал біз
Ең пайдалы 10 тағам түрі Ең пайдалы 10 тағам түрі
Ең пайдалы 10 тағам түрі
Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы Сүт тағамдарының адам ағзасына тигізер пайдасы
Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×